Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 01.07.2021 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жерді бағалаудың экологиялық критерийлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерды ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Энергетика министрі | В. Школьник |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
___________ А. Мамытбеков
2015 жылғы 19 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 27 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 30 наурыз
Қазақстан Республикасы Энергетика министрініңЪ 2015 жылғы 13 наурыздағы № 188 бұйрығымен бекітілген |
Жерді бағалаудың экологиялық критерийлері
Қоныстану аумақтары жерінің ластануын бағалау критерийлері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 02.08.2017 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
Көрсеткіштер | Экологиялық апат | Төтенше экологиялық жағдай | Салыстырмалы орташа жағдай |
Негізгі көрсеткіштер | |||
Топырақ бетінен 1 метр (бұдан әрі – м) деңгейдегі техногенді радионуклидтерден түскен эквиваленттік доза қуатының аядан асуы, сағатқа микрозиверт (бұдан әрі – мкЗв/сағ) | 0,57-ден астам | 0,57-0,11 | кемінде 0,11 |
*Радиоактивті ластану (алаңдық белсенділік), шекті мәндер | |||
цезий-137, кБк/м2 | 400-ден астам | 400-75 | кемінде 75 |
стронций-90, кБк/м2 | 630-дан астам | 630-120 | кемінде 120 |
плутоний-238, плутоний (239+240) (изотоптар жиынтығы), кБк/м2 | 2080-нен астам | 2080-410 | кемінде 410 |
америций-241, кБк/м2 | 2500-ден астам | 2500-490 | кемінде 490 |
Химиялық ластанудың жиынтық көрсеткіші (бұдан әрі – Zс) | 128-ден астам | 128-32 | кемінде 32 |
Қосымша көрсеткіштер | |||
1 килограмм (бұдан әрі – кг) топырақтағы гельминттер жұмыртқаларының мөлшері | 100-ден астам | 100-10 | кемінде 10 |
1 грамм (бұдан әрі – г) топырақтағы патогенді микроорганизмдердің саны | 106-дан астам | 106-105 | кемінде 105 |
**Коли-титр | кемінде 0,001 | 0,01-0,001 | 0,01-ден астам |
Ескертпелер:
* Алаңдық белсенділіктен үлестіге ауысу үшін мына параметрлер қолданылады – тереңдігі 5 см топырақ қабаты, топырақ тығыздығы – 1,3 кг/дм3)
Бірнеше радионуклидтер болған жағдайда мына шарттар сақталуы керек:
– экологиялық апат,
– төтенше экологиялық жағдай,
– салыстырмалы орташа жағдай, мұндағы:
ACs-137 – цезий-137 радионуклидінің алаңдық белсенділігі (топырақтағы мөлшері);
ASr-90 – стронций-90 радионуклидінің алаңдық белсенділігі (топырақтағы мөлшері);
APu-238,(239+240) – плутоний-238 және плутоний-(239+240) (изотоптар жиынтығы) радионуклидтерінің алаңдық белсенділігі (топырақтағы мөлшері);
AAm-241 – америций-241 радионуклидінің алаңдық белсенділігі (топырақтағы мөлшері);
AшмCs-137 – кестеде көрсетілген цезий-137 радионуклидінің алаңдық белсенділігінің (топырақтағы мөлшері) шекті мәндері;
AшмSr-90 – кестеде көрсетілген стронций-90 радионуклидінің алаңдық белсенділігінің (топырақтағы мөлшері) шекті мәндері;
AшмPu-238,(239+240) – кестеде көрсетілген плутоний-238 және плутоний-(239+240) (изотоптар жиынтығы) радионуклидтерінің алаңдық белсенділігінің (топырақтағы мөлшері) шекті мәндері;
AшмAm-241 – кестеде көрсетілген америций-241 радионуклидінің алаңдық белсенділігінің (топырақтағы мөлшері) шекті мәндері.
** топырақ үшін коли-титр – граммен ішінде 1 ішек таяқшасы болатын топырақтың ең аз массасы.
2. Тозған топырақ пен жерді анықтауға арналған диагностикалық критерийлер
1) Жердің бұзылуы.
Бұзылған жердің диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
жер бедерінің морфометрикалық сипаттамасы;
салыстырмалы түрде табиғи жер бетінің тереңдігі немесе биіктігі (м);
жер кертпешінің еңістік бұрышы (градус);
жердің дитологиялық құрылысының бұзылуы;
0-30 см және 0-100 см қабатта органогендік қабат пен қарашірінді қорының қуаты бойынша құнарлы қабат пен әлеуетті құнарлы жыныстың болуы;
жер бетінің бөтен үйінділермен жабылуы.
Жер беті және жер асты суларының сипаттамасы:
жер асты суының деңгейі (м);
сулардың минералдануы (г/л);
су жайылуының ұзақтығы (ай).
2) Физикалық (егіншілік) азып-тозу.
Физикалық азып-тозу мынадай негізгі критерийлер бойынша бағаланады:
гранулометриялық құрамы;
жыртылатын (қарашірінді) топырақ қабатының біркелкі тығыздығы, г/см3;
текстуралық (агрегатішілік) кеуектілік, см3/г;
тұрақты құрылымдық (жарылып кеткенін есептемегенде, агрегатаралық) кеуектілік, см3/г.
Топырақтың жыртылатын (қарашірінді) қабатының құрылымы:
агрономиялық тұрғыдан бағалы және суға төзімді агрегаттардың болуы;
құрылымдық бөліктердің жай-күйі мен қасиеттері.
Топырақтың су-физикалық параметрлері:
су өткізгіштігі және топырақтың сүзу коэффициенті (м/тәулік);
негізгі гидрологиялық константтары (ВЗ, НВ) және аэрацияның кеуектілігі;
бөртуі.
3) Аграрлық тозу.
Топырақтың мынадай теңгерімділік сипаттамалары (органикалық заттар, қоректік элементтер, катионды-анионды құрамы) аграрлық тозудың диагностикалық критерийлері болып табылады:
топырақ бейініндегі қарашірінді қорының кемуі (А+В) бастапқы мөлшерден %;
бастапқы рН мөлшерден рН%;
физикалық батпақтың кемуі (%);
қарашіріндінің сапалық құрамы;
негізгі қоректендіру элементтерінің жалпы қорының азаюы;
қоректендіру элементтерінің қозғалмалы нысандарымен өсімдіктердің қамтамасыз етілуі;
катиондық алмасу сыйымдылығы, топырақтың негіздермен толығу дәрежесі, сіңірілген негіздердің құрамы.
Аграрлық құнарсызданудың қосымша критерийлері мыналар болып табылады:
лайлы фракцияның минералогиялық құрамы;
белсенді микробтық биомасса деңгейінің төмендеуі (есе саны);
фитоуыттылығы;
топырақ ферментациялық белсенділігінің төмендеуі;
топырақ мезофаунасының биомассасы;
биологиялық әртүрліліктің азаюы (Симпсон индексі, нормадан %);
шымтезектің түзілуі (мм/жыл).
4) Эрозия.
Эрозияны бағалау үшін статикалық немесе динамикалық критерийлер пайдаланылады, мұның соңғысы топырақ бетінің де ландшафтың да жай-күйін көрсетуі мүмкін.
4.1. Су эрозиясы.
1) Жазықтық эрозиясы
Жазықтық су эрозиясының диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
топырақ бейіні қуатының азаюы (А+В), %;
топырақ бейінінде қарашірінді қорының азаюы (А+В), сол ортадағының %;
топырақтың үстіңгі көкжиегінің гранулометриялық құрамының өзгеруі;
топырақ массасының жоғалуы, т/га/жыл;
ашық қалған топырақ түзетін жыныстың (С) немесе төселіп жатқан жыныстың (D) көлемі, жалпы көлемнің %-ы;
эрозияға ұшыраған топырақ алаңының ұлғаюы, жылына %;
Қосымша критерийлер мыналар болып табылады:
қарашірінді (жыртылатын жер) көкжиек (см) қуаттың кемуі;
құнарлы заттар қорының кемуі;
шаю жылдамдығы;
жер бетінің еңістігі және эрозиялық үдерістер дамуының қауіптілігі.
2) Сызықтық эрозия
Сызықтық эрозияның диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
аумақтың жыралармен бөлінуі (км/км2);
жер бетіне қатысты алғанда су шайып кеткен орлардың тереңдігі, см;
топырақ массасының жоғалуы (т/га/жыл);
жаңа жыралардың пайда болуы және барларының өсуі.
Қосымша критерийлер мыналар болып табылады:
жыраның тереңдігі;
алаңының бірлігіне келетін жыра саны;
алаңының бірлігіне келетін жыралардың жалпы алаңы;
жыралардың су жинау алаңының кейбір сипаттамалары.
4.2. Жел эрозиясы.
Санамаланғаннан басқа жел эрозиясының диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
құнарсыз қабаттың дефляциялық үйіндісі, см;
жер пайдаланудан шығып қалған алқаптардың алаңы (табиғи алқаптарда өсімдіктер өспей қалған), жалпы алаңының %;
жайылымдық өсімдіктердің проективті жауып қалуы, аймақтық алаңының %;
азып-тозған жайылымдар алаңының өсу жылдамдығы, жылына %;
қозғалмалы құм алаңы, жалпы алаңының %;
қозғалмалы құм алаңының артуы, жылына %.
Қосымша параметрлердің арасында мынадай критерийлер пайдаланылады:
дефляцияның үдемелілігі немесе дефляцияның жылдамдығы;
"А+В қарашірінді шегі қуатының кемуі";
гранулометриялық құрамның жеңілдеуі;
шөп қалыңдығы мен егістің сиреу дәрежесі.
5) Тұздану.
Тұздану дәрежесінің негізгі критерийлері мыналар болып табылады:
үстіңгі құнарлы қабаттағы уытты тұздардың құрамы (%);
уытты сілтіліктің ұлғаюы (тұзданудың бейтарап типінен сілті типіне ауысқан кезде), мг-экв/100 г топыраққа;
тұздалған жер алаңының артуы, жылына %;
ортаның реакциясы (тұз және су сығындысындағы рН).
Қосымша критерийлер ретінде жер асты суларының деңгейі мен минералдануы туралы деректер пайдаланылады.
6) Сортаңдану.
Сортаңданудың негізгі критерийлері мыналар болып табылады:
алмасатын натрий құрамының артуы (катионды алмасу сыйымдылығынан (КАС) %-бен);
алмасатын магний құрамының артуы (КАС %-бен);
ортаның реакциясы (рН).
Топырақтың физикалық қасиеттері және әсіресе топырақ құрылымының сортаңдануының қосымша критерийлері болып табылады.
7) Батпақтану.
Диагностикалық критерийлер мыналар болып табылады:
топырақ суларының деңгейін көтеру, м;
су жайылуының ұзақтығы (ай);
топырақ суларының минералдануы (г/дм3).
Қосымша бейіннің (гидроморфизм белгілері) морфологиялық құрылысының сипаттамалары пайдаланылуы мүмкін.
3. Топырақ және жердің тозу дәрежесін белгілеу критерийлері
Көрсеткіштер | Тозу деңгейі | ||||
0 (өте | 1 (әлсіз) | 2 (орташа) | 3 (көтерілген) | 4 (жоғары) | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Абиотикалық үйіндінің қуаты, см | <2 | 2-10 | 11-20 | 21-40 | >40 |
Беткі қабатына қатысты (тұтастығы бұзылмаған) ойылу тереңдігі (см) | <20 | 20-40 | 41-100 | 101-200 | >200 |
Физикалық саз өлшерінің шамаға азаюы, бастапқыдан %* | <5 | 5-15 | 16-25 | 26-32 | >32 |
Топырақтың жыртылатын қабаты тұтастығының тең салмақты тығыздығының артуы, бастапқы мөлшерден %* | <10 | 10-20 | 21-30 | 31-40 | >40 |
Тұрақты құрылымдық (жарылуды есепке алмағанда, агрегатаралық) кеуектілік, см3/г | >0,2 | 0,2-0,11 | 0,1-0,06 | 0,05-0,02 | <0,02 |
Текстуралық кеуектілік (агрегатішілік), см3/г | >0,3 | 0,3-0,26 | 0,25-0,2 | 0,19-0,17 | <0,17 |
Сүзу коэффиценті, м/тәулік | >1,0 | 1,0-0,3 | 0,29-0,1 | 0,09-0,01 | <0,01 |
Тастақтылығы, жамылғының %-ы | <5 | 5-15 | 16-35 | 36-70 | >70 |
Топырақтық бейіні қуатының төмендеуі (А+В), бастапқыдан %* | <3 | 3-25 | 26-50 | 51-60 | >60 |
Топырақ бейінінде қарашірінді шегі қуатының азаюы (А+В), бастапқыдан %* | <10 | 10-20 | 21-40 | 41-60 | >60 |
Микроэлементтер (Мn, Со, Мо, В, Сu, Fе, Zn) құрамының азаюы, қамтамасыз етілуінің орташа дәрежесінен % | <10 | 10-20 | 21-40 | 41-80 | >80 |
Жылжымалы фосфор құрамының азаюы, қамтамасыз етілуінің орташа дәрежесінен % | <10 | 10-20 | 21-40 | 41-80 | >80 |
Алмасатын калий құрамының азаюы, қамтамасыз етілуінің орташа дәрежесінен % | <10 | 10-20 | 21-40 | 41-80 | >80 |
Топырақ ортасындағы РН-тың өзгеруі, орташа көрсеткіштен % | <10 | 10-15 | 16-20 | 21-25 | >25 |
Топырақ массасының шығыны т/га/жыл | <5 | 5-25 | 26-100 | 101-200 | >200 |
Ашылған топырақ түзетін жыныстың (С) немесе төсеме жыныстың (D) алаңы, жалпы алаңнан % | 0-2 | 3-5 | 6-10 | 11-25 | >25 |
Эрозияға ұшыраған топырақ алаңының ұлғаюы, жылына % | <0,5 | 0,5-1,0 | 1,1-2,0 | 2,1-5,0 | >5,0 |
Беткі қабатқа қатысты шайылу және су қазуының тереңдігі, см | <20 | 20-40 | 41-100 | 101-200 | >200 |
Аумақтың жыралармен бөлінуі, км/км2 | <0,1 | 0,1-0,3 | 0,4-0,7 | 0,8-2,5 | >2,5 |
Құнарсыз қабаттың дефляциялық үйіндісі, см | <2 | 2-10 | 11-20 | 21-40 | >40 |
Жерді пайдаланудан шығарылған табиғи алқаптардың алаңы (өсімдік өспеген), жалпы алаңнан % | <10 | 10-30 | 31-50 | 51-70 | >70 |
Жайылымдық өсімдіктің жобалық жамылғысы, аймақтықтан % | >90 | 90-71 | 70-51 | 50-10 | <10 |
Тозған жайылымдар алаңының ұлғаю жылдамдығы, жылына % | <0,25 | 0,25-1,0 | 1,1-3,0 | 3,1-5,0 | >5 |
Жылжымалы құмдар алаңы, жалпы алаңнан % | 0-2 | 3-5 | 6-15 | 16-25 | >25 |
Жылжымалы құмдар алаңының ұлғаюы, жылына % | <0,25 | 0,25-1,0 | 1,1-2,0 | 2,1-4,0 | >4 |
Жоғарғы құнарлы қабаттағы уытты тұздар сомасының құрамы (%): | <0,1 | 0,1-0,2 | 0,21-0,3 | 0,31-0,5 | >0,5 |
- тұзданудың сульфатты, хлоридті-сульфатты типі кезінде | <0,3 | 0,3-0,6 | 0,61-1,0 | 1,1-2,0 | >2,0 |
- тұзданудың хлоридті, сульфатты-хлоридті типі кезінде | <0,2 | 0,2-0,5 | 0,51-0,7 | 0,71-1,0 | >1,0 |
- тұзданудың содалы, хлоридті-содалы, сульфатты-содалы, содалы-сульфатты, содалы-хлоридті типі кезінде | <0,1 | 0,1-0,4 | 0,41-0,6 | 0,61-0,8 | >0,8 |
- тұзданудың басқа түрлері үшін | <0,1 | 0,1-0,25 | 0,26-0,5 | 0,51-0,8 | >0,8 |
Уытты сілтіліктің артуы (тұзданудың бейтарап типінен сілті типіне ауысқан кезде), мг-экв/100 г топыраққа | <0,7 | 0,7-1,0 | 1,1-1,6 | 1,7-2,0 | >2,0 |
Тұзданған топырақ алаңының артуы, жылына % | 0-0,5 | 0,51-1,0 | 1,1-2,0 | 2,1-5,0 | >5,0 |
Алмасу натрий құрамының артуы (КАС-тан %-бен): |
<1,0 |
1,0-3,0 |
3,1-7,0 |
7,1-10,0 |
>10,0 |
Алмасатын магний құрамының артуы (КАС-тан %) | <40 | 40-50 | 51-60 | 61-70 | >70 |
3 г/дм3, м дейін минералданумен жер асты сулары деңгейінің жиналу тереңдігі, м | >1,0 | 1,0-0,81 | 0,80-0,61 | 0,60-0,30 | <0,30 |
- жартылай шөлейтті, шөлейтті аймақтарда | >3,0 | 3,0-2,0 | 1,99-1,5 | 1,49-1,0 | <1,0 |
- далалық аймақта | >4,0 | 4,0-3,1 | 3,0-2,1 | 2,0-1,0 | <1,0 |
Минералданған (>3 г/л) жер астындағы сулар деңгейінің жату тереңдігі, м | >7,0 | 7,0-5,1 | 5,0-3,1 | 3,0-2,0 | <2,0 |
Су басу ұзақтығы (беткі ылғалдану), ай | <3 | 3-6 | 6-12 | 12-18 | >18 |
Ескертпе:
* бастапқы ретінде жұтаңданбаған ұқсас жердің жай-күйі (нөлдік жұтаңдану дәрежесі) қабылданады.