Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.21 № 1474 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 121 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
РҚАО-ның ескертуі. Бұл қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 121(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2) геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 121 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және
картографиялық жұмыстарды лицензиялауға қойылатын біліктілік
талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 1481 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 41, 479-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30
қыркүйектегі 1481 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы N 285 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 13, 151-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі
N 779 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 31, 414-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы .
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 6 шілдедегі
N 574 қаулысымен
бекітілген
Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және
картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті
лицензиялау ережесі
Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 121(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 6 шілдедегі
N 574 қаулысымен
бекітілген
Геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 121 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. Геодезиялық жұмыстарды жүргізуге байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары:
1) заңды тұлғалар үшін:
штатында геодезия саласында жоғары немесе орта арнайы білімі және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір маманның;
штатында картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімі және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір маманның;
2) жеке тұлғалар үшін:
геодезия саласында жоғары немесе орта арнайы білімінің және осы салада кемінде үш жыл өтілінің;
картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімінің және осы салада кемінде үш жыл өтілінің болуын қамтиды;
3) геодезиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін аспаптардың, жабдықтар мен құрал-саймандардың меншікті немесе жалға алынған жиынтығының не зауыттық нөмірлерін көрсете отырып аспаптардың, жабдықтардың, құрал-саймандардың жиынтығы бар ұйыммен қызмет көрсетуге арналған шарттың;
4) деректерді өңдеу үшін меншікті немесе жалға алынған бағдарламалық кешендердің не бағдарламалық қамтамасыз етілуі бар ұйыммен қызметтер көрсетуге арналған шарттың;
5) Қазақстан Республикасының аумағында өлшем құралдары болып табылатын аспаптар мен құрал-саймандарды тексеру туралы сертификаттардың;
6) өлшемдер құралдарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген және Қазақстан Республикасында қолдануға жіберілген аспаптардың, жабдықтар сертификаттарының болуын қамтиды.
2. Картографиялық жұмыстарды жүргізуге байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары:
1) заңды тұлғалар үшін: штатында картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімі және осы салада кемінде үш жыл өтілі бар кемінде екі маманның;
2) жеке тұлғалар үшін:
картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімінің және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
3) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін аспаптардың, жабдықтар мен құрал-саймандардың меншікті немесе жалға алынған жиынтығының не зауыттық нөмірлерін көрсете отырып аспаптардың, жабдықтардың, құрал-саймандардың жиынтығы бар ұйыммен қызмет көрсетуге арналған шарттың;
4) деректерді өңдеу үшін меншікті немесе жалға алынған бағдарламалық кешендердің не бағдарламалық қамтамасыз етілуі бар ұйыммен қызметтер көрсетуге арналған шарттың;
5) Қазақстан Республикасының аумағында өлшем құралдары болып табылатын аспаптар мен құрал-саймандарды тексеру туралы сертификаттардың;
6) өлшемдер құралдарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген және Қазақстан Республикасында қолдануға жіберілген аспаптардың, жабдықтар сертификаттарының болуын қамтиды.