Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 30 қыркүйектегi N 1481 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы N 285 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі N 574 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.07.06.  N 574  (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және " Геодезия және картография туралы " 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңдарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сатуға лицензиялар беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 қыркүйектегi N 1481  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 479-құжат) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
      тақырыбында және 1-тармақта:
      "сатуға лицензиялар беру ережесiн" деген сөздер "сатуды лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "сатуға лицензиялар беру ережесi" деген сөздер "сатуды лицензиялауға қойылатын бiлiктілiк талаптары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде "жүргiзуге" деген сөз алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сатуға лицензиялар беру ережесiнде:
      тақырыбында "сатуға лицензиялар беру ережесi" деген сөздер "сатуды лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мемлекеттiк тiлдегі мәтiнде "жүргiзуге" деген сөз алынып тасталсын;
      1-тармақ және 1, 3, 4-бөлiмдер алынып тасталсын;
      "Бiлiктiлiк талаптары" деген 2-бөлiмде:
      тақырыбы алынып тасталсын;
      "15" және "16" тармақтар "1" және "2" тармақтар болып саналсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі