"Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 574 қаулысына өзгер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 121 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.21 № 1474 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 574қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 272-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы";
      1-тармақта:
      1) тармақша алынып тасталсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 121 қаулысына  
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 6 шілдедегі
№ 574 қаулысымен  
бекітілген    

Геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары

      1. Геодезиялық жұмыстарды жүргізуге байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары:
      1) заңды тұлғалар үшін:
      штатында геодезия саласында жоғары немесе орта арнайы білімі және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір маманның;
      штатында картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімі және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір маманның;
      2) жеке тұлғалар үшін:
      геодезия саласында жоғары немесе орта арнайы білімінің және осы салада кемінде үш жыл өтілінің;
      картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімінің және осы салада кемінде үш жыл өтілінің болуын қамтиды;
      3) геодезиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін аспаптардың, жабдықтар мен құрал-саймандардың меншікті немесе жалға алынған жиынтығының не зауыттық нөмірлерін көрсете отырып аспаптардың, жабдықтардың, құрал-саймандардың жиынтығы бар ұйыммен қызмет көрсетуге арналған шарттың;
      4) деректерді өңдеу үшін меншікті немесе жалға алынған бағдарламалық кешендердің не бағдарламалық қамтамасыз етілуі бар ұйыммен қызметтер көрсетуге арналған шарттың;
      5) Қазақстан Республикасының аумағында өлшем құралдары болып табылатын аспаптар мен құрал-саймандарды тексеру туралы сертификаттардың;
      6) өлшемдер құралдарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген және Қазақстан Республикасында қолдануға жіберілген аспаптардың, жабдықтар сертификаттарының болуын қамтиды.
      2. Картографиялық жұмыстарды жүргізуге байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары:
      1) заңды тұлғалар үшін: штатында картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімі және осы салада кемінде үш жыл өтілі бар кемінде екі маманның;
      2) жеке тұлғалар үшін:
      картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімінің және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
      3) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін аспаптардың, жабдықтар мен құрал-саймандардың меншікті немесе жалға алынған жиынтығының не зауыттық нөмірлерін көрсете отырып аспаптардың, жабдықтардың, құрал-саймандардың жиынтығы бар ұйыммен қызмет көрсетуге арналған шарттың;
      4) деректерді өңдеу үшін меншікті немесе жалға алынған бағдарламалық кешендердің не бағдарламалық қамтамасыз етілуі бар ұйыммен қызметтер көрсетуге арналған шарттың;
      5) Қазақстан Республикасының аумағында өлшем құралдары болып табылатын аспаптар мен құрал-саймандарды тексеру туралы сертификаттардың;
      6) өлшемдер құралдарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген және Қазақстан Республикасында қолдануға жіберілген аспаптардың, жабдықтар сертификаттарының болуын қамтиды.