Геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі N 574 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 121 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертуі. Бұл қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 121(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2) геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 121 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.       

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және
картографиялық жұмыстарды лицензиялауға қойылатын біліктілік
талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 1481 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 41, 479-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30
қыркүйектегі 1481 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы N 285 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 13, 151-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі
N 779 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 31, 414-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы .

      3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы 6 шілдедегі
N 574 қаулысымен    
бекітілген      

Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және
картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті
лицензиялау ережесі

      Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 121(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2007 жылғы 6 шілдедегі 
N 574 қаулысымен     
бекітілген        

Геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 121 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Геодезиялық жұмыстарды жүргізуге байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары:
      1) заңды тұлғалар үшін:
      штатында геодезия саласында жоғары немесе орта арнайы білімі және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір маманның;
      штатында картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімі және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір маманның;
      2) жеке тұлғалар үшін:
      геодезия саласында жоғары немесе орта арнайы білімінің және осы салада кемінде үш жыл өтілінің;
      картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімінің және осы салада кемінде үш жыл өтілінің болуын қамтиды;
      3) геодезиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін аспаптардың, жабдықтар мен құрал-саймандардың меншікті немесе жалға алынған жиынтығының не зауыттық нөмірлерін көрсете отырып аспаптардың, жабдықтардың, құрал-саймандардың жиынтығы бар ұйыммен қызмет көрсетуге арналған шарттың;
      4) деректерді өңдеу үшін меншікті немесе жалға алынған бағдарламалық кешендердің не бағдарламалық қамтамасыз етілуі бар ұйыммен қызметтер көрсетуге арналған шарттың;
      5) Қазақстан Республикасының аумағында өлшем құралдары болып табылатын аспаптар мен құрал-саймандарды тексеру туралы сертификаттардың;
      6) өлшемдер құралдарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген және Қазақстан Республикасында қолдануға жіберілген аспаптардың, жабдықтар сертификаттарының болуын қамтиды.
      2. Картографиялық жұмыстарды жүргізуге байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары:
      1) заңды тұлғалар үшін: штатында картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімі және осы салада кемінде үш жыл өтілі бар кемінде екі маманның;
      2) жеке тұлғалар үшін:
      картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімінің және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
      3) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін аспаптардың, жабдықтар мен құрал-саймандардың меншікті немесе жалға алынған жиынтығының не зауыттық нөмірлерін көрсете отырып аспаптардың, жабдықтардың, құрал-саймандардың жиынтығы бар ұйыммен қызмет көрсетуге арналған шарттың;
      4) деректерді өңдеу үшін меншікті немесе жалға алынған бағдарламалық кешендердің не бағдарламалық қамтамасыз етілуі бар ұйыммен қызметтер көрсетуге арналған шарттың;
      5) Қазақстан Республикасының аумағында өлшем құралдары болып табылатын аспаптар мен құрал-саймандарды тексеру туралы сертификаттардың;
      6) өлшемдер құралдарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген және Қазақстан Республикасында қолдануға жіберілген аспаптардың, жабдықтар сертификаттарының болуын қамтиды.