"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған:
1) Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесі;
2) ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасындағы мал дәрігерлік қызметті лицензиялау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 тамыздағы N 1272 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 38, 365-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 тамыздағы N 1272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 11 сәуірдегі N 556 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 19, 206-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 тамыздағы N 1272 және 1999 жылғы 31 наурыздағы N 343 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 1347 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 46, 463-құжат).
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»28»маусымдағы
N 545 қаулысымен
бекітілген
Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы және " Ветеринария туралы " 2002 жылғы 10 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау тәртібін реттейді.
2. Заңды және жеке тұлғалар жүзеге асыратын ветеринария саласындағы қызметті лицензиялауға мынадай кіші қызмет түрлері жатады:
1) ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру және өткізу;
2) ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды өткізу;
3) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргізу;
4) ветеринариялық емдеу-алдын алу қызметі.
3. Лицензиялауды облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.
2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу мен оны беруден бас тарту тәртібі
4. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) заңды тұлға үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктің нотариалды
куәландырылған көшірмесі;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде
мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған
көшірмесі;
5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін, бюджетке
лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат;
7) өндірістік үй-жайларға арналған әділет органдарында тіркелген (дәріхана, емдеу орындарын, пункттер ұйымдастырған кезде) техникалық паспорттардың көшірмелері (нотариалды куәландырылған) не жалға алған кезде өндірістік үй-жайды жалға алу туралы шарттың көшірмелерін беру;
8) ветеринария саласындағы уәкілетті орган (ветеринария саласындағы лицензияланатын кіші қызмет түрінің бейініне сәйкес келетін) бекіткен технологиялық жабдықтар жиынтығының ең аз тізбесіне келетін техникалық паспорттардың, сертификаттардың және (немесе) қолданылатын басшылықтардың көшірмелері (нотариалды куәландырылған);
9) білімі туралы дипломның нотариалды расталған көшірмелері;
10) заңды тұлғалар үшін - күшті әсер ететін препараттар сақталатын үй-жай үшін күзет жалдау туралы жеке немесе заңды тұлғалармен жасалған шарттың көшірмелері;
11) жеке тұлғалар үшін - күшті әсер ететін препараттарды сақтауға арналған сейф бар екенін растайтын, өтініш берушінің қолы қойылған құжат.
5. Қызмет түрінің шеңберінде, басқа кіші қызмет түріне лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) осы Ереженің 4-тармағының 7) және 8) тармақшаларына сәйкес
құжаттардың көшірмелері.
6. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін
лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады,
оның көшірмесі құжаттардың қабылданған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).
7. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы
Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
8. Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған құжаттар тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркелген жері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі органдарына сауал жібереді.
Санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі саласындағы органдар лицензиардың сауалының негізінде жиырма бес жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейді және лицензиарға өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны жібереді.
9. Лицензиар осы Ережеде белгіленген мерзім ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартудың себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап қайтаруға міндетті.
10. Лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиат телнұсқа алуға құқылы.
Лицензиар бұрын алынған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған не бүлінген жағдайда телнұсқа беру туралы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғары оң жақ бұрышында»"Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын береді.
Бұл ретте лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде лицензиялық алым төлейді.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады.
11. Лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда және заңды тұлға бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған, атауы сондай-ақ кіші қызмет түрінің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі және (немесе) кіші қызмет түрі шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
12. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді.
13. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынса;
2) осы Ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжат табыс етілмесе. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады;
3) лицензияланатын қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмесе;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарға сай келмесе;
5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болса, өтініш берушіге лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тартылуы мүмкін.
14. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден Заңда белгіленген мерзімде бас тартылған жағдайда немесе, егер лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту өтініш берушіге негізсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымдануға құқылы.
3. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның
қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату, одан айыру
15. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
16. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы
мынадай жағдайларда:
1) лицензиядан айырғанда;
2) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
3) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша ерікті түрде
қайтарылғанда;
4) лицензияланатындардың тізбесінен қызметтің жекелеген түрі және (немесе) кіші түрі алып тасталса тоқтатылады.
17. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы
тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға міндетті.
4. Есепке алу және бақылау
18. Лицензиялардың тізілімін жүргізуді және лицензиялық бақылауды лицензиарлар "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Лицензиар Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
Лицензиар өз құзыреті шеңберінде лицензиаттан тиісті құжаттарды тапсыруын талап етуге және бақылау функцияларын орындауы үшін қажетті жазбаша немесе ауызша ақпарат алуға құқылы.
19. Осы Ереженің негізінде берілген лицензиялардың бірыңғай есебін жүргізу үшін лицензиар заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиялардың және (немесе) лицензияға қосымшаның бланкілерін дайындауға тапсырыс береді.
Лицензиялардың бланкілері қатаң есептегі құжаттар болып табылады.
Лицензиялардың және (немесе) лицензияға қосымшалардың бүлінген бланкілерін, сондай-ақ қолданылуы тоқтатылған лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды лицензиар комиссиялық жоюға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»28 маусымдағы
N 545 қаулысымен
бекітілген
Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
1. Біліктілік талаптары ветеринария саласындағы қызметке лицензия алуға үміткер заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
2. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) жеке тұлғада, заңды тұлғаның басшысында не оның құрылымдық бөлімшесінің басшысында және ветеринариялық қызметті жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе арнайы орта ветеринариялық білімінің;
2) санитарлық нормаларға жауап беретін жарақтандырылған өндірістік үй-жайлардың;
3) ветеринария саласындағы уәкілетті орган айқындаған технологиялық жабдықтар жиынтықтарының (ветеринария саласындағы лицензияланатын кіші қызмет түрлерінің бейініне сәйкес);
4) заңды тұлғалар үшін - күшті әсер ететін препараттарды сақтауға арналған күзетілетін үй-жайдың, жеке тұлғалар үшін - сейфтің.
3. Лицензиаттар тіркеу сынақтарын өткізу үшін қажетті көлемдегі өндіру, әкелу (импорт) жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ветеринариялық препараттарды қолдануға міндетті.