Жануарлардан алынатын өнімдермен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге керекті технологиялық жабдықтар жиынтығының ең аз тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 766 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 14 қаңтарда № 6731 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылғы министрлігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 10-1/52 Бұйрығымен

      «Алматыэлектротранс» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын «Алматы қаласының электр көлігін дамыту» жобасын тиімді қаржыландыруды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) «Алматыэлектротранс» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамымен мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім жасасын;
      2) «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңымен бекітілген, мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті шегінде Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкіне 36000000 (отыз алты миллион) АҚШ доллары мөлшерінде тартылатын қарыз бойынша «Алматыэлектротранс» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі берілсін.
      2. Алматы қаласының әкімдігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Алматыэлектротранс» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптарды орындауын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов