Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы N 508 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2007 жылғы»18 маусымдағы
N 508 қаулысымен 
бекітілген   

Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесі

      1. Осы Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және озон қабатын бұзатын заттарды импорттауға және экспорттауға, сондай-ақ озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға
қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртібін белгілейді.

      2. 1985 жылғы Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясының және 1987 жылғы Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының тараптары болып табылатын мемлекеттерден және мемлекеттерге озон қабатын бұзатын заттарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету, оларды Қазақстан Республикасы арқылы транзиттік тасымалдауды қоспағанда, осы Ережеге сәйкес берілетін рұқсаттардың негізінде жүзеге асырылады.

      3. Жеке және заңды тұлғалар озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды әкелуге және экспорттауға рұқсат алу үшін осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) мына құжаттарды ұсынады:
      1) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алуға
арналған өтінім;
      2) озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар
заттарды жеткізуге арналған келісім-шарттың, шарттың көшірмесі;
      3) комиссия шартының немесе тапсырманың көшірмесі (тапсырыс
беруші ретінде делдал әрекет ететін жағдайда);
      4) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың, заңды тұлға жарғысының немесе заңды тұлға құрмай жұмыс істейтін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариалдық куәландырылған);
      ескертпе:
      *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.08.2013 N 871 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      6) сәйкестікті растау жөніндегі орган берген сәйкестік сертификаты не шетелдік ұйым берген және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында танылған сәйкестік сертификаты;
      7) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің нотариалдық куәландырылған көшірмесі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 613; 27.08.2013 N 871 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      4. Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат алу үшін жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алуға
арналған өтінім;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама немесе заңды тұлға құрмай жұмыс істейтін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      ескертпе:
      *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.08.2013 N 871 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес мәлімет нысаны.
      5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1755 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      6) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1755 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      7) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1755 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      8) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1755 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 613; 29.12.2012 N 1755 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.08.2013 N 871 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      5. Құжаттарды уәкілетті органға берген кезде өтінім мен құжаттар тігіліп, басшының қолымен және өтінім беруші ұйымның мөрімен куәландырылуы тиіс (заңды тұлғалар үшін).
      Жеке басын куәландыратын құжаттарды, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, салық органында есепке тұру туралы куәлікті ұсыну мемлекеттік ақпараттық жүйелерден оларда қамтылған ақпаратты алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1755 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар өнімдерді жеке
тұлғаның жеке мүлкі немесе тұрмыстық аспаптары бар контейнерлерде немесе осындай коммерциялық емес жағдайларда Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өтетін жағдайда озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға және экспорттауға рұқсат алу талап етілмейді.

      7. Рұқсатты осы Ережеге 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган береді.

      8. Рұқсатты уәкілетті орган тиісті құжаттармен бірге өтінім берілген күннен бастап он күннен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.13 N 454 Қаулысымен.

      9. Өтінім материалдары осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда өтінім берушіге жазбаша түрде рұқсат беруден бас тартудың себептері туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      10. Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар
заттарды әкелуге және әкетуге рұқсат бір мәміле бойынша экспорттық немесе импорттық операцияны жүзеге асыру үшін рұқсат берілген күннен бастап бір күнтізбелік жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
      Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат бір жыл мерзімге беріледі.
      Рұқсат иеліктен шығарылмайтын және біреуге берілмейтін болып табылады.

      11. Рұқсаттар беруге арналған өтінімдерді қарау үшін ұсынылатын мәліметтердің дұрыстығы үшін өтінім берушілер жауапты болады.

      12. Рұқсат алған өтінім берушілер:
      1) сатып алушы ұйымдардың және қолданатын болжамды облыстардың
атаулары мен мекен-жайларын көрсете отырып, әкелінген және сатылған озон қабатын бұзатын заттар санының есебін жүргізеді, сондай-ақ әкетілген озон қабатын бұзатын заттар санының есебін жүргізеді;
      2) жыл сайын жылдың екінші тоқсанынан кешіктірмей уәкілетті органға іс жүзінде әкелінген озон қабатын бұзатын заттардың саны және қолданатын облыстар бойынша олардың сатылған саны туралы, сондай-ақ осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша іс жүзінде әкетілген озон қабатын бұзатын заттардың саны туралы мәліметтер ұсынады.

      13. Уәкілетті орган берілген рұқсаттардың есебін жүргізеді. Кез келген пайдаланылмаған рұқсаттың түпнұсқасы мен көшірмелері уәкілетті органға қайтаруға жатады.

      14. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, атауы өзгерген кезде ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, рұқсатты қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.

      15. Уәкілетті орган мына негіздер бойынша рұқсатты қайтарып алуға құқылы:
      1) өтінім берушінің қызметтің осы түріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қойылатын талаптарды орындамауы;
      2) рұқсат алған және есеп берген кезде өтінім берушінің қасақана жалған немесе дұрыс емес ақпаратты беруі;
      3) рұқсаттың шарттарын бұзу.

      16. Озон қабатын бұзатын заттардың немесе рұқсатта көзделген
құрамында озон қабатын бұзатын заттар өнімдерінің бүкіл көлемін әкелген жағдайда рұқсаттың түпнұсқасы бар кеден органы он күн мерзімде уәкілетті органға бірінші басшының мөрімен және қолымен куәландырылған оның орындалғаны туралы тиісті белгісі бар рұқсаттың көшірмесін жібереді.

Озон қабатын бұзатын және құрамында      
солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, 
экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды  
пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында
озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды  
жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге 
рұқсат беру ережесіне              
1-қосымша                     

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.07.11 № 930 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Импорты және экспорты рұқсат негізінде жүзеге асырылатын озон қабатын бұзатын заттар тізбесі

С тізімі

1

2

3

4

5

Тауарлар тобының атауы

Тауардың атауы

КО СЭҚ ТН коды

Топ

Зат

Атауы

1

2

3

4

5

Озон қабатын бұзатын заттар

I топ

CHFCL2

(ГХФУ-21)

фтордихлорметан

2903 79 110 0-ден

CHF2CL

(ГХФУ-22)

дифторхлорметан

2903 71 000 0-ден

CH2FCL

(ГХФУ-31)

фторхлорметан

2903 79 110 0-ден

C2HFCL4

(ГХФУ-121)

фтортетрахлорэтан

2903 79 110 0-ден

C2HF2CL3

(ГХФУ-122)

дифтортрихлорэтан

2903 79 110 0-ден

C2HF3CL2

(ГХФУ-123а)

трифтордихлорэтан

2903 72 000 0-ден

CHCL2CF3

(ГХФУ-123)

трифтордихлорэтан

2903 72 000 0-ден

C2HF4CL

(ГХФУ-124а)

тетрафторхлорэтан

2903 79 110 0-ден

CHFCLCF3

(ГХФУ-124)

тетрафторхлорэтан

2903 79 110 0-ден

C2H2FCL3

(ГХФУ-131)

фтортрихлорэтан

2903 79 110 0-ден

C2H2F2CL2

(ГХФУ-132)

дифтордихлорэтан

2903 79 110 0-ден

C2H2F3CL

(ГХФУ-133)

трифторхлорэтан

2903 79 110 0-ден

C2H3FCL2

(ГХФУ-141)

1-фтор-2,2-дихлорэтан

2903 73 000 0-ден

CH3CFCL2

(ГХФУ-141b)

1,1,1-фтордихлорэтан

2903 73 000 0-ден

C2H3F2CL

(ГХФУ-142)

1-хлор, 2,2-дихлорэтан

2903 74 000 0-ден

CH3CF2CL

(ГХФУ-142b)

1,1,1-дифторхлорэтан

2903 74 000 0-ден

C2H4FCL

(ГХФУ-151)

фторхлорэтан

2903 79 110 0-ден

C3HFCL6

(ГХФУ-221)

фторгексахлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3HF2CL5

(ГХФУ-222)

дифторпентахлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3HF3CL4

(ГХФУ-223)

трифтортетрахлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3HF4CL3

(ГХФУ-224)

тетрафтортрихлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3HF5CL2

(ГХФУ-225)

пентафтордихлорпропан

2903 75 000 0-ден

CF3CF2CHCL2

(ГХФУ-225са)

1-трифтор, 2-дифтор, 3-дихлорпропан

2903 75 000 0-ден

CF2CLCF2CHCLF

(ГХФУ-225tb)

1,1-дифторхлор, 2-дифтор, 3-дихлорпропан

2903 75 000 0-ден

C3HF6CL

(ГХФУ-226)

гексафторхлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H2FCL5

(ГХФУ-231)

фторпентахлорпропан

2903 79 110 0- ден

C3H2F2CL4

(ГХФУ-232)

дифтортетрахлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H2F3CL3

(ГХФУ-233)

трифтортрихлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H2F4CL2

(ГХФУ-234)

тетрафтордихлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H2F5CL

(ГХФУ-235)

пентафторхлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H3FCL4

(ГХФУ-241)

фтортетрахлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H3F2CL3

(ГХФУ-242)

дифтортрихлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H3F3CL2

(ГХФУ-243)

трифтордихлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H3F4CL

(ГХФУ-244)

тетрафторхлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H4FCL3

(ГХФУ-251)

фтортрихлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H4F2CL2

(ГХФУ-252)

дифтордихлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H4F3CL

(ГХФУ-253)

трифторхлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H5FCL2

(ГХФУ-261)

фтордихлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H5F2CL

(ГХФУ-262)

дифторхлорпропан

2903 79 110 0-ден

C3H6FCL

(ГХФУ-271)

фторхлорпропан

2903 79 110 0-ден

II топ

CHFBr2

(ГБФУ-21В2)

фтордибромметан

2903 79 210 0-ден

СНF2Вr

(ГБФУ-22В1)

дифторбромметан

2903 79 210 0-ден

СН2FВr

(ГБФУ-31В1)

фторбромметан

2903 79 210 0-ден

С2НFВr4

(ГБФУ-21В4)

фтортетрабромэтан

2903 79 210 0-ден

С2НF2Вr3

(ГБФУ-23ВЗ)

дифтортрибромэтан

2903 79 210 0-ден

С2НF3Вr2

(ГБФУ-23В2)

трифтордибромэтан

2903 79 210 0-ден

С2НF4Вr2

(ГБФУ-24В1)

тетрафторбромэтан

2903 79 210 0-ден

С2Н2FВr3

(ГБФУ-31ВЗ)

фтортрибромэтан

2903 79 210 0-ден

С2Н2F2Вr2

(ГБФУ-32В2)

дифтордибромэтан

2903 79 210 0-ден

С2Н2F3Вr

(ГБФУ-ЗЗВ1)

трифторбромэтан

2903 79 210 0-ден

С2Н3FВr2

(ГБФУ-41В2)

фтордибромэтан

2903 79 210 0-ден

С2Н3F2Вr

(ГБФУ-42В1)

дифторбромэтан

2903 79 210 0-ден

С2Н4FВr

(ГБФУ-51В1)

фторбромэтан

2903 79 210 0-ден

С3НFВr5

(ГБФУ-21В6)

фторгексабромпропан

2903 79 210 0-ден

С3НF2Вr5

(ГБФУ-22В5)

дифторпентабромпропан

2903 79 210 0-ден

С3НF3Вr4

(ГБФУ-23В4)

трифтортетрабромпропан

2903 79 210 0-ден

С3НF4Вr3

(ГБФУ-24ВЗ)

тетрафтортрибромпропан

2903 79 210 0-ден

С3НF5Вr2

(ГБФУ-25В2)

пентафтордибромпропан

2903 79 210 0-ден

С3НF6Вr

(ГБФУ-26В1)

гексафторбромпропан

2903 79 210 0-ден

С3Н2FВr5

(ГБФУ-31В5)

фторпентабромпропан

2903 79 210 0-ден

С3Н2F2Вr4

(ГБФУ-32В4)

дифтортетрабромпропан

2903 79 210 0-ден

С3Н2F3Вr3

(ГБФУ-ЗЗВЗ)

трифтортрибромпропан

2903 79 210 0-ден

С3Н2F4Вr2

(ГБФУ-34В2)

тетрафтордибромпропан

2903 79 210 0-ден

С3Н2F5Вr

(ГБФУ-35В1)

пентафторбромпропан

2903 79 210 0-ден

С3Н3FВr4

(ГБФУ-41В4)

фтортетрабромпропан

2903 79 210 0-ден

С3Н3F2Вr3

(ГБФУ-42ВЗ)

дифтортрибромпропан

2903 79 210 0-ден

С3Н3F3Вr2

(ГБФУ-43В2)

трифтордибромпропан

2903 79 210 0-ден

С3Н3F4Br

(ГБФУ-44В1)

тетрафторбромпропан

2903 79 210 0-ден

С3Н4FВr3

(ГБФУ-51ВЗ)

фтортрибромпропан

2903 79 210 0-ден

С3Н4F2Вr2

(ГБФУ-52В2)

дифтордибромпропан

2903 79 210 0-ден

С3Н4F3Вr

(ГБФУ-53В1)

трифторбромпропан

2903 79 210 0-ден

С3Н5FВr2

(ГБФУ-61В2)

фтордибромпропан

2903 79 210 0-ден

С3Н5F2Вr

(ГБФУ-62В1)

дифторбромпропан

2903 79 210 0-ден

С3Н6FВr


(ГБФУ-71В1)

фторбромпропан

2903 79 210 0-ден


III топ


CH2BrCL


бромхлорметан

2903 79 900 0-ден

Е тізімі

р/с №

Топ

Атауы

КО СЭҚ ТН коды

1-топ

1.

СН3Вr

Бромды метил

2903 39 110 0

Озон қабатын бұзатын және құрамында      
солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, 
экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды  
пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында
озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды  
жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге 
рұқсат беру ережесіне              
2-қосымша                     

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.07.11 № 930 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

С және Е тізімінде санамаланған озон қабатын бұзатын заттар пайдаланылуы мүмкін өнімдер тізбесі

D тізімі

1

2

3

р/с №

Өнімдер

КО СЭҚ ТН коды

1.

Салқындататын қоспалар

3824 71 000 0-ден
3824 72 000 0-ден
3824 74 000 0-ден – 3824 79 0000-ден

2.

Кондиционерлер (тұрмыстықтан басқа) және жылу сорғылар

8415 10,
8415 81 00, 8415 82 000,
8418 61 00
8418 69 000-ден

3.

Тоңазытқыштар (тұрмыстықтан басқа)

8418 10 200 9, 8418 10
800 9,
8418 50-дан,
8418 69 000-дан

4.

Мұзгенераторлары, сүт салқындатқыштар

8418-ден
8419-дан

5.

Мұздатқыш камералар (тұрмыстықтан басқа)

8418 10 200 9,
8418 10 800 9,
8418 30 200 9,
8418 30 800 9,
8418 40 200 9, 8418 40 800 9,
8418 50-ден,
8418 69 000-ден

6.

Ауа тазартқыштар

8418 69 000-ден,
8479 89 970 1-ден,
8479 89 970 8-ден

7

Оқшаулағыш қалқандар, тақталар, панельдер жене құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар кеуек түзгіш көпіргіштер ретінде пайдаланылатын кеуекті құбыр жабындары

3921 11 000 0-ден –3921 19 000 0-ден

8

Көпіршіктенген полиуретан (А компоненті) өндірісі үшін полиэфирлер (полиолдар) негізіндегі компоненттер, кұрамдар

3907 20 200 1-ден,
3907 20 200 9-дан

9

Құрамында А-тізімінің II тобының заттары бар тасымалданатын өрт сөндіргіштер

8424 10 000 0-ден

                                                            Ережеге
                                                          3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.07.11 № 930 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері
         бар заттарды Қазақстан Республикасына әкелуге
              (Қазақстан Республикасынан әкетуге)
                   рұқсат беруге арналған
                           ӨТІНІМ

____________________________________________________________
    (өтінім беруші ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
__________________________________________________________________
(өтінім беруші ұйымның заңды мекен-жайы немесе жеке тұлғаның
                     тұратын мекен-жайы)
 
байланыс телефондары,
факс

Қазақстан Республикасына
импорттау
Қазақстан Республикасынан     керек емесін сызыңыз
экспорттау
ниеті туралы мәлімдейді
1.
__________________________________________________________________
      (озон қабатын бұзатын заттардың (ОБЗ), өнімнің, химиялық
                   формуласының атауы және саны)
__________________________________________________________________
     (келісім-шартқа сәйкес экспортталатын және импортталатын
       ОБЗ/өнім партияларын беру тәртібі, саны көрсетілсін)
_____________________________________________________ жалпы сомасына
200__ жылғы "___ "_____ N ____ келісім-шарт(тар), (шарт, инвойс) бойынша
КО СЭҚ ТН бойынша коды ___________________________________________
шығарушы ел, фирма _______________________________________________
Оған (одан) ______________________________________________________
импорт (экспорт) жүзеге асырылатын ел ____________________________
Шекарадағы жоспарланып отырған өткізу пункті _____________________
__________________________________________________________________
Осымен әкелінетін/әкетілетін заттар (керек емесін сызыңыз) осы
өтінімде сипатталған заттарға сәйкес болатынын куәландырамыз.
Өтінім беруші мәліметтердің дұрыстығы үшін толық жауапты болады.
2. Өтінімге мына құжаттар қоса беріледі:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Кәсіпорынның
басшысы _____________      _________________
       (жеке қолы)    М.О.     (Т.А.Ә.)

Өтінім тіркелген күн
200 ____ жылғы "____ " ___________

                                                            Ережеге
                                                          4-қосымша

       Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып
     жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын
        заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға,
       оларға қызмет көрсетуге рұқсат беруге арналған
                          ӨТІНІМ
____________________________________________________________
     (өтінім беруші ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
__________________________________________________________________
  (өтінім беруші ұйымның мекен-жайы немесе жеке тұлғаның тұратын
                         мекен-жайы)
байланыс телефондары,
факс _____________________________________________________________
 
       Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар
жүргізу, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды
жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету туралы мәлімдейді________
Техникалық қызмет көрсетуге тартылған мамандардың саны:____________
Озон қабатын бұзатын заттармен жұмыс жүргізу бойынша кәсіптік
даярлықтан өткен мамандардың саны: _______________________________
Қызмет
Компанияға тән қызметтің түрін көрсетіңіз:
- Тоңазытқыш жабдықты шығару
- Тоңазытқыш жабдықты жинақтау/орнату
- Сату
- Тоңазытқыш жабдықты жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету
- Басқалар
Өтінім берушілер мәліметтердің дұрыстығы үшін толық жауапты болады.
2. Өтінімге мына құжаттар қоса беріледі:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      Кәсіпорынның
      басшысы       ________________      __________________
                      (жеке қолы)     М.О.     (Т.А.Ә.)
      Өтінім тіркелген күн
      200 ___ жылғы " ___ " __________

                                                            Ережеге
                                                          5-қосымша
                                               200 _ жылғы "__"____
                                                         N ________

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.07.11 № 930 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері
       заттарды Қазақстан Республикасына әкелуге (Қазақстан
              Республикасынан әкетуге) арналған
                           РҰҚСАТ

      Осы рұқсат мына мекен-жайда ______________________________ орналасқан (тұратын) ___________________________________________
                    (ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
__________________________________________________________________
саны _____________________________________________________________
                  (ОБЗ/өнімнің саны, кг/дана)
__________________________________________________________________
                  (ОБЗ атауы/өнімнің маркасы)
Қазақстан Республикасына әкелуге
(Қазақстан Республикасынан әкетуге) берілді.
200 ___ жылғы "__ "_________ N___ келісім-шарт(тар) (шарт,  инвойс)
бойынша
КО СЭҚ ТН бойынша коды ___________________________________________
Шығарушы ел,
фирма: ___________________________________________________________
Одан экспорт(импорт) жүзеге
асырылатын ел ____________________________________________________
Осы рұқсаттың қолданылу мерзімі: ___________________________ бастап
__________________ қоса алғанда.
      Өтінім беруші:
      сатып алушы фирмалар мен қолдану болжанатын облыстардың атаулары мен мекен-жайларын көрсете отырып, әкелінген (әкетілген) және сатылған ОҚБЗ және құрамында олар бар өнімдер санының есебін жүргізуге;
      жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға іс жүзінде әкелінген (әкетілген) ОБЗ және құрамында олар бар өнімдер туралы және қолданатын облыстар бойынша олардың сатылған саны туралы мәліметтер беруге міндетті.

      Лауазымы, Т.А.Ә., қолы                        М.О.

                                                            Ережеге
                                                          6-қосымша
                                                200 _ жылғы "__"____
                                                         N ________

      Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар
       жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар
         жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет
                        көрсетуге арналған
                             РҰҚСАТ

      Осы рұқсат мына мекен-жайда ________________________________ орналасқан (тұратын) _____________________________________________
                     (ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
__________________________________________________________________
мына жұмыстарға берілді:
      Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар
жүргізу, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды
жөндеу монтаждау, оған қызмет көрсету.
      Осы рұқсаттың қолданылу мерзімі: ______________________ бастап
_____________________ қоса алғанда
      Өтінім беруші:
      сатушы фирмалар және сатып алушылар мен қолданатын
облыстардың атаулары мен мекен-жайларын көрсете отырып, озон
қабатын бұзатын заттарды тұтынудың есебін жүргізуге;
      озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың белгіленген көлемін
сақтауға;
      жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті
органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен озон қабатын бұзатын заттармен жұмыс істеу жөнінде есеп
беруге міндетті.

      Лауазымы, Т.А.Ә., қолы                         М.О.

                                                            Ережеге
                                                          7-қосымша

      Озон қабатын бұзатын заттармен жұмыс істеу жөніндегі
                      есептілік нысаны

P/с
N

Рұқ-
сат
N,
күні

Са-
тып
алу

Сату

Сату-
шы

Сатып
алын-
ғанды
пай-
дала-
ну/
Қайта
өңдел-
генді
құю

Алу

Жаб-
дық
және
опе-
рация
типі

Т.А.
Ә.,
тех-
ника,
сер-
тифи-
кат
нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері
бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын
бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге,
құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар    
жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға    
қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесіне      
8-қосымша                    

Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат алу үшін талаптарға өтініш берушінің сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

      Ескерту. Ереже 8-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1755 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Озон қабатын бұзатын заттарды қайта өңдеу және алу жөніндегі жабдықтың техникалық паспорты:
      1) жабдықтың атауы ____________________;
      2) жабдықтың моделі (маркасы) _________________________;
      3) функциялардың қысқаша сипаттамасы _____________________.
      2. Өндірістік-техникалық база:
      1) өндірістік үй-жайларды, сатып алу/сату, жалға алу шартының нөмірі ______;
      2) жасасу күні __________________;
      3) кіммен шарт жасасқан (заңды/жеке тұлғаның атауы) ________________;
      4) орналасқан жері (мекенжайы)_____________________.
      3. Жабдықтарды пайдалануды, оларға техникалық қызмет көрсетуді, озон қабатын бұзатын заттарды есепке алуды және тасымалдауды қамтамасыз ететін қызмет:
      1) құжаттың атауы ____________;
      2) құжаттың берілген күні ___________________.
      4. Міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі:
      1) сақтандыру полисінің нөмірі және берілген күні ____________________;
      2) сақтанушының атауы _______________________;
      3) сақтандырушының атауы ______________________;
      4) сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі __________________.
      5. Персоналы:
      1) мамандығының және біліктілігінің атауы _________________;
      2) диплом/аттестат нөмірі _________________;
      3) диплом/аттестат берілген күні ______________:
      4) диплом/аттестат берген оқу орнының атауы __________;
      5) мамандығы бойынша жұмыс өтілі ____________;
      6) сертификат/куәлік нөмірі __________________;
      7) сертификат/куәлік берілген күні __________________;
      8) сертификат/куәлік берген ұйым атауы _______.