Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы N 457 Қаулысы

Жаңартылған

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі ;
      2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Табиғат қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптау саласындағы жұмыстар жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы N 1039 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 41, 433-құжат);

      2) "Экологиялық аудитті лицензиялаудың және жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 тамыздағы N 889 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 30, 413-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 тамыздағы N 889 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 қазандағы N 1086 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 38, 548-құжат).

      3. Осы қаулы 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы«5«маусымдағы
N 457 қаулысымен  
бекітілген  

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі 1. Жалпы ережелер

       1. Осы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы  Экологиялық кодексіне және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының аумағында қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті лицензиялауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.
      Осы қызметтің түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      табиғатты қорғауға қатысты жобалау, нормалау;
      экологиялық сараптама саласындағы жұмыстар;
      экологиялық аудит.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.07 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) табиғатты қорғауға қатысты жобалау - қоршаған ортаны қорғауға және табиғатты пайдалануға қатысты, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес міндетті мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге жататын жоспарланатын, жоспар алдындағы және жобалық құжаттаманың барлық түрлерін, өзге де материалдар мен құжаттарды не олардың жекелеген бөлімдері мен бөліктерін әзірлеу;

      2) табиғатты қорғауға қатысты нормалау - Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық нормативтердің барлық түрлерін және шаруашылыққа және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды әзірлеу;

      3) экологиялық сараптама саласындағы жұмыстар - сырттан сараптаушылардың көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеуге, сондай-ақ осы қызметтің қоршаған ортаға тигізуі мүмкін қолайсыз әсерлерінің және солармен байланысты әлеуметтік зардаптардың алдын алу мақсатында экологиялық сараптама объектісін іске асыруға жол берілуін айқындауға байланысты жұмыстарды орындауы;

      4) экологиялық аудит саласындағы жұмыстар - экологиялық қауіп-қатерлерді анықтау мен бағалауға және олардың қызметінің экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеуге бағытталған аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге қызметіне тәуелсіз тексеруді орындау.

2. Лицензияны беру, қайта ресімдеу және оны беруден бас тарту тәртібі

      4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған лицензия (бұдан әрі - лицензия) және (немесе) лицензияға қосымша табиғатты қорғауға қатысты жобалау, нормалау жөніндегі қызметпен, экологиялық сараптама және экологиялық аудит саласындағы жұмыстармен айналысуға ниет білдірген (бұдан әрі - өтініш беруші), белгіленген біліктілік талаптарына жауап беретін адамға беріледі.

      5. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
      1) өтініш;

      2) заңды тұлға үшін - Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

      3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

      5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

      6) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

      7) дипломның көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

      8) еңбек кітапшасының және/немесе еңбек шартының және/немесе еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші бұйрықтарының үзінді көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

      9) мамандандырылған зертхананың аккредиттеу аттестатының көшірмесі не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдау жұмыстарын (қызметтерін) орындауы туралы шарттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

      10) өтініш беруші қол қойған есеп материалдарын жасау мен ресімдеу үшін қажетті электрондық техниканың, бағдарламалық қамтамасыз етудің, сұрау салынатын жұмыс түрлері бойынша нормативтік құқықтық актілердің, техникалық және әдіснамалық құжаттаманың, ғылыми-анықтамалық әдебиеттің болуын растайтын құжат;

      11) басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған заңды тұлға штаттық кестесінің көшірмесі;

      12) экологиялық аудит жөніндегі қызметпен айналысуға ниет білдірген өтініш беруші үшін - экологиялық аудитор біліктілік куәлігінің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған).
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.02.07 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      6. Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет:
      1) өтініш;

      2) лицензияның көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

      3) біліктілік талаптарына (кіші қызмет түріне) сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.07 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      7. Лицензиялар алу үшін қажетті құжаттарды өтініш беруші жеке өзі немесе оның уәкілетті өкілі сенімхат бойынша не тапсырыс хатпен береді.
      Лицензиарға лицензия беру үшін ұсынылған құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттардың қабылданған күні туралы белгі қойылып өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады).

      8. Лицензиар лицензияны және (немесе) қосымшаны берген кезде өтініш берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігін тексереді.
      Ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің толықтығына және анықтығына өтініш иесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.

      9. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күнінен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
      Лицензиар осы тармақта белгіленген мерзім ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті.

      10. Егер лицензиар осы Ережеде белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген не өтініш берушіні лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша хабардар етпеген жағдайда, осы Ережеде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдер өткен күнінен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші тиісті лицензиарды қызметтің өзі өтініш берген түрін және (немесе) кіші қызмет түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша хабардар етеді.
      Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күнінен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруге міндетті.

      11. Лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті тұлға қояды және лицензиардың мөрімен куәландырылады.

      12. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру өтініш берушіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде жүргізіледі.

      13. Лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқылы.
      Бұл ретте лицензиат лицензияның телнұсқасын берген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлейді.
      Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күнінен бастап жарамсыз деп саналады.
      Лицензиар өтініш берілген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында»"Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беруді жүргізеді.

      14. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, заңды тұлғаның атауы, сондай-ақ қызмет түрінің және (немесе) кіші қызмет түрінің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі және (немесе) қызметтің кіші түрі шеңберінде орындалатын операциялар мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
      Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді.

      15. Табиғат қорғауға қатысты жобалауға, экологиялық сараптама саласындағы нормалауға және жұмыстарға, экологиялық аудиторлық қызметке лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі қолданысқа енгізілген күнінен бастап бір жыл ішінде оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда қайта ресімдеуге міндетті. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін бұл лицензиялар жарамсыз деп саналады.
      Лицензиат көрсетілген мерзімде қайта ресімделетін қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарды растайтын құжаттармен қоса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.

      16. Лицензия қайта ресімделген кезде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде лицензиялық алым төленеді.

      17. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкін, егер:

      1) субъектілердің осы санаты үшін қызметтің түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынса;

      2) Осы Ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаса. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады;

      3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмесе;

      4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;

      5) өтініш берушіге қатысты оған жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болғанда.

3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату, одан айыру

      18. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      19. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:

      1) лицензия алып қойылғанда;

      2) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;

      3) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;

      4) лицензияланатындардың тізбесінен қызметтің жекелеген түрі және (немесе) кіші түрі алып тасталса тоқтатылады.

      20. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға міндетті.

4. Есепке алу және бақылау

      21. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
      Лицензиар өз құзыреті шеңберінде лицензиаттан бақылау функцияларын орындау үшін қажетті тиісті ақпарат беруді талап етуге құқылы.

      22. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, қалпына келтірілген және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар туралы мәліметтер бар лицензиялардың тізілімін жүргізеді.
      Лицензиялардың тізілімінде Заңның 8-бабының 5) тармақшасында көзделген мәліметтер көрсетілуге тиіс.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы»5 маусымдағы
N 457 қаулысымен  
бекітілген  

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде  қойылатын біліктілік талаптары

      1. Табиғатты қорғауға қатысты жобалау, нормалау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде жеке тұлғаға қойылатын біліктілік талаптары:

      1) жоғары білімінің;

      2) қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің;

      3) аспаптармен және жабдықтармен жарақтандырылған аккредиттелген мамандандырылған зертхананың не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдама жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарттардың;

      4) сұрау салынатын жұмыс түрлері бойынша нормативтік құқықтық актілердің, техникалық және әдіснамалық құжаттаманың, ғылыми-анықтамалық әдебиеттің болуын қамтиды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.07 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Табиғатты қорғауға қатысты жобалау мен нормалау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде заңды тұлғаға қойылатын біліктілік талаптары:

      1) өтініш берушінің басшысында жоғары білімінің;

      2) осы заңды тұлғаның штатында тұрақты негізде жұмыс істейтін қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар жоғары білімді кемінде үш қызметкердің;

      3) аспаптармен және жабдықпен жарақтандырылған аккредиттелген мамандандырылған зертхананың не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдау жұмыстарын (қызметтерін) орындауы туралы шарттардың;

      4) есеп материалдарын жасау мен ресімдеу үшін қажетті электрондық техниканың, бағдарламалық қамтымның;

      5) сұрау салынатын жұмыс түрлері бойынша нормативтік құқықтық актілердің, техникалық және әдіснамалық құжаттаманың, ғылыми-анықтамалық әдебиеттің болуын қамтиды.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.07 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      3. Экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарды лицензиялау кезінде жеке тұлғаға қойылатын біліктілік талаптары:

      1) жоғары білімінің;

      2) қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл, оның ішінде экологиялық сараптама саласында кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің;

      3) аспаптармен және жабдықтармен жарақтандырылған аккредиттелген мамандандырылған зертхананың не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдама жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарттардың;

      4) сұрау салынатын жұмыс түрлері бойынша нормативтік құқықтық актілердің, техникалық және әдіснамалық құжаттаманың, ғылыми-анықтамалық әдебиеттің болуын қамтиды.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.07 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4. Экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарды лицензиялау кезінде заңды тұлғаға қойылатын біліктілік талаптары:

      1) өтініш берушінің басшысында жоғары білімінің;

      2) осы заңды тұлғаның штатында тұрақты негізде жұмыс істейтін қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл, оның ішінде экологиялық сараптама саласында кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар жоғары білімді кемінде үш қызметкердің;

      3) аспаптармен не жабдықтармен жарақтандырылған аккредиттелген мамандандырылған зертхананың не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдау жұмыстарын (қызметтерін) орындауы туралы шарттардың;

      4) есеп материалдарын жасау мен ресімдеу үшін қажетті электрондық техниканың, бағдарламалық қамтымның;

      5) сұрау салынатын жұмыс түрлері бойынша нормативтік құқықтық актілердің, техникалық және әдіснамалық құжаттаманың, ғылыми-анықтамалық әдебиеттің болуын қамтиды.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.07 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      5. Экологиялық аудит жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде жеке тұлғаға қойылатын біліктілік талаптары:

      1) жоғары білімінің;

      2) қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл, оның ішінде табиғатты қорғауға қатысты жобалау, нормалау және экологиялық сараптама саласында кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің (тиісті лицензияны қоса бере отырып);

      3) экологиялық аудитордың біліктілік куәлігінің;

      4) аспаптармен және жабдықтармен жарақтандырылған аккредиттелген мамандандырылған зертхананың не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдама жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарттардың;

      5) сұрау салынатын жұмыс түрлері бойынша нормативтік құқықтық актілердің, техникалық және әдіснамалық құжаттаманың, ғылыми-анықтамалық әдебиеттің болуын қамтиды.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.07 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      6. Экологиялық аудит жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде заңды тұлғаға қойылатын біліктілік талаптары:
      1) заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны - жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің;

      2) өтініш берушінің басшысында жоғары білімінің;

      3) экологиялық аудит бойынша лицензия алған және осы заңды тұлғаның штатында тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде үш экологиялық аудитордың;

      4) аспаптармен не жабдықтармен жарақтандырылған аккредиттелген мамандандырылған зертхананың не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдау жұмыстарын (қызметтерін) орындауы туралы шарттардың;

      5) есеп материалдарын жасау мен ресімдеу үшін қажетті электрондық техниканың, бағдарламалық қамтымның;

      6) сұрау салынатын жұмыс түрлері бойынша нормативті құқықтық актілердің, техникалық және әдіснамалық құжаттаманың, ғылыми-анықтамалық әдебиеттің болуын қамтиды.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.07 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.