Экологиялық аудиттi лицензиялаудың және жүргiзудiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 тамыздағы N 889 Қаулысы.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы N 457 Қаулысымен. (2007 жылғы 9 тамыздағы бастап қолданысқа енгізіледі)

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы  N 457  Қаулысымен.

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.31. N  1086  (қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және " Қоршаған ортаны қорғау туралы " 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялауға қойылатын біліктiлік талаптары;
      2) Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялау ережесi;
      3) Экологиялық аудитті жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.31. N  1086  (қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 23 тамыздағы
N 889 қаулысымен    
бекiтiлген      

  Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары

      1. Жеке тұлғаларға арналған бiлiктiлiк талаптарына мыналар кiредi:
      1) жоғарғы кәсіптiк немесе орта кәсiптiк бiлiм;
      2) қоршаған ортаны қорғау саласында кемiнде 3 жыл, оның iшiнде табиғатты қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптама саласында кемiнде бір жыл жұмыс тәжiрибесінің болуы (тиiсті лицензияны қоса бере отырып);
      3) экологиялық аудитор бiлiктiлiк куәлiгiнің нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      4) тиiстi материалдық-техникалық база:
      экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға арналған компьютерлiк және электронды техника;
      тiркелген сынау зертханасы бар ұйыммен шарт;
      экологиялық аудиттi жүргізу үшін қажетті анықтамалық және әдiстемелiк әдебиет, нормативтiк құқықтық кесiмдер мен нормативтік-техникалық құжаттар;
      5) аттестациядан өткенін растайтын құжат;
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.31. N  1086  (қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Заңды тұлғаларға арналған бiлiктiлiк талаптарына мыналар кіреді:
      1) ұйым басшысында жоғарғы кәсіптік бiлімінiң болуы;
      2) қоршаған ортаны қорғау саласында кемiнде 3 жыл, оның iшiнде табиғатты қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптама саласында кемiнде бір жыл жұмыс тәжiрибесiнiң (тиiстi лицензияны қоса бере отырып), экологиялық аудиторлардың бiлiктiлiк куәлiктерiнің және осы заңды тұлғаның штатында тұрақты негізде жұмыс iстейтiн екі маманның болуы;
      3) тиiстi материалдық-техникалық база:
      экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға арналған компьютерлiк және электронды техника;
      экологиялық аудиттi жүргiзу үшiн қажеттi анықтамалық және әдiстемелiк әдебиет, нормативтiк құқықтық кесiмдер мен нормативтiк-техникалық құжаттар;
      тiркелген сынау зертханалары немесе тиiсті зертханалары бар ұйымдармен шарт.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.31. N  1086  (қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнің       
2004 жылғы 23 тамыздағы
N 889 қаулысымен    
бекiтілген      

  Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялау ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялау ережесi (бұдан әрі - Ереже) заңды және жеке тұлғаларға экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
      2. Лицензиялар Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына олар белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда берiледi.
      3. Экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бередi.

  2. Лицензияны алу тәртiбi

      4. Экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияны бiлiктiлiк деңгейi осы қызмет түрiне қойылатын талаптарға сәйкес келетiн субъектiге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бередi.
      5. Лицензия қатаң есептiлік құжаты болып табылады әрi мемлекеттік және орыс тiлдерiнде бір данада ресiмделедi.
      6. Лицензияны алу үшiн өтiнiм иесi лицензиарға "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысымен  бекiтiлген нысан бойынша белгiленген үлгiдегі өтiніштi ұсынады.
      Өтiнішке мыналар қоса берiледi:
      1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы куәліктiң көшiрмесi;
      2) жеке кәсiпкердi мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi және жеке кәсiпкерлiкпен айналысатын жеке тұлғаның жеке басы куәлігінің көшiрмесi;
      3) салық төлеушi куәлiгiнің көшiрмесi (СТН);
      4) бюджетке лицензиялық алымды төлегендігін растайтын құжат;
      5) өтiнiш иесiнің бiлiктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
      6) осы тармақта көрсетiлген құжаттардың көшiрмесi нотариалды расталған болуы тиiс.
      7. Лицензиялар, егер заңнамалық кесiмдерде өзгеше мерзiм белгіленбеген болса, барлық қажетті құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап - бiр ай мерзiмнен кешіктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - он күндiк мерзiмнен кешіктiрмей берiледi.
      8. Лицензияға лицензиардың басшысы не осыған уәкiлеттік берiлген адам қол қояды және ол лицензиардың мөрiмен расталады.
      9. Лицензия өтiнiш иесiне немесе оның уәкілеттік берiлген өкiлiне сенiм хат негiзiнде беріледi.
      10. Лицензияны беруден бас тарту, лицензияны керi қайтарып алу, оның қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату Қазақстан Республикасының  заңнамасына  сәйкес жүзеге асырылады.

  3. Лицензияланатын қызметті бақылау

      11. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ осы Ереженің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
      12. Біліктілік талаптарының сақталуын тексеру лицензияны қолдану мерзiмi iшiнде заңнамада белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.  K010155   Z952200
      Тексеру нәтижелерi бойынша бұзушылықтардың болмағаны туралы не нақты бұзушылықтар мен оларды жою мерзiмiн көрсете отырып тексеру актісi жасалады.
      Бұзушылықтарды көрсетiлген мерзiмде жоймаған жағдайда, тексеру актiсінің негiзiнде лицензиар заңнамада белгiленген тәртiппен лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды.
      Лицензиат лицензиарға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерiн жою туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнің       
2004 жылғы 23 тамыздағы
N 889 қаулысымен    
бекiтілген      

  Экологиялық аудиттi жүргiзу ережесi

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.31. N  1086  (қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi  Заңына  сәйкес әзiрлендi және заңнамада белгiленген тәртiппен экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың экологиялық аудит жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.31. N  1086  (қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Мiндеттi экологиялық аудит және бастамашылық экологиялық  аудит экологиялық аудит түрлерi болып табылады.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.10.31. N  1086  (қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2-1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi орган мiндеттi экологиялық аудит жүргізу туралы шешiм қабылдайды.
       Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.10.31. N  1086  (қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2-2. Бастамашылық экологиялық аудит аудиттелетiн субъектiнің не оған қатысушының бастамасы бойынша бастамашы мен экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым арасындағы экологиялық аудит жүргiзуге арналған шартта көзделген экологиялық аудиттiң нақты мiндеттерi, мерзiмi мен көлемi ескеріле отырып жүргiзіледі.
       Ескерту. 2-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.10.31. N  1086  (қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  2. Экологиялық аудиттi жүргiзу тәртiбi

       Ескерту. 2-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.31. N  1086  (қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Экологиялық аудит мынадай бiрнеше кезеңде жүргiзiледi:
      1) экологиялық аудиттiң мақсаттарын белгiлеу;
      2) тексерiлетiн адамның құжаттамасын алдын ала талдау;
      3) экологиялық аудиттi жүргiзуге шарт жасасу;
      3-1) аудит жүргiзу жоспарын жасау;
      4) экологиялық аудиттi жүргiзу;
      5) аудиторлық есептi жасау.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.31. N  1086  (қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Экологиялық аудитті жүргiзу туралы шартты жасасу алдында аудиттелетiн субъект оны алдын ала талдау жүргiзу үшiн дайындалып жатқан субъект бойынша құжаттаманы ұсынады, соның iшiнде:
      1) шаруашылық жүргiзуші субъектінің менеджмент жүйесi жөнiндегі құжаттама;
      2) экологиялық аудит жөніндегi алдыңғы қорытындылар;
      3) аудиторға экологиялық аудитті жүргiзу мүмкіндігін анықтау үшін қажетті техникалық құжаттама.
      Ұсынылған құжаттаманы алдын ала талдау экологиялық aудитті жүргiзудiң мүмкiн еместігi туралы куәландыратын жағдайда, аудитор бұл туралы экологиялық аудит тапсырысшысын хабардар етедi және аудиттелетiн адам бар кедергiлердi жойғанға дейiн aудитті жүргiзуден бас тарта алады.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.31. N  1086  (қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Экологиялық аудит экологиялық аудитор жасайтын және тапсырысшымен және аудиттелетiн субъектiмен келiсiлетiн экологиялық аудит жүргiзу жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
       Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.10.31. N  1086  (қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. <*>
       Ескерту. 6-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.10.31. N  1086  (қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Экологиялық аудит нәтижелерi бойынша аудитор экологиялық аудиторлық есеп жасайды.
      Жеке кәсіпкер болып табылатын аудитор жасаған экологиялық аудиторлық есепке өзi қол қояды және оны жеке мөрiмен куәландырады.
      Аудиторлық ұйымның экологиялық аудиторлық есебiне орындаушы аудитор қол қояды, оның жеке мөрiмен расталады, аудиторлық ұйым басшысы бекiтедi және оның мөрiмен куәландырылады.
      Экологиялық аудиторлық есепте, сондай-ақ, аудиторлық ұйым лицензиясының нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiледi.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.31. N  1086  (қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

         7-1. Экологиялық аудиторлық есеп болып ресiмделетін мiндетті экологиялық аудит нәтижелері бір ай мерзімнен кешiктiрiлмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етіледi.
      Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.10.31. N  1086  (қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  3. Қорытынды ережелер

      8. Экологиялық аудитті жүргізу нәтижесiнде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен шешiледi.