Орта мерзімді кезеңге арналған (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы N 1127 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының  8-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.   Қоса беріліп отырған орта мерзімді кезеңге арналған (2007 - 2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                           2006 жылғы 28 қарашадағы
                                               N 1127 қаулысымен
                                                  бекітілген

                 Орта мерзімді кезеңге арналған
      (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге
               ұсынылатын объектілердің тізбесі

№N

Атауы

Конкурсты ұйымдастырушы

1

2

3

1. Жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері

1.

Маңғыстау облысы әкімдігінің "Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ, оның ішінде көліктік-логистикалық орталық

Маңғыстау облысының әкімдігі

2. Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттарының негізінде жүзеге асырылатын объектілер

2.

Қарағанды-Аягөз-Бұғаз автожол учаскесі (240-460 км)

ККМ

3.

Төрткөл-Шәуілдір-Түркістан автожол учаскесі

ККМ

4.

Қарағанды-Астана автожол учаскесі

ККМ

5.

Алматы-Ыстықкөл автожол учаскесі

ККМ

6.

Атырау қаласы әуежайының жаңа терминалы

ККМ

7.

Маңғышлақ-Баутино теміржол учаскесі

ККМ

8.

Ералиев-Құрық теміржол учаскесі

ККМ

9.

Қорғас-Сарыөзек теміржол учаскесі

ККМ

10.

Мақат-Қандыағаш теміржол учаскесін электрлендіру

ККМ

11.

Алматы-Ақтоғай теміржол учаскесін электрлендіру

ККМ

12.

Достық-Ақтоғай теміржол учаскесін электрлендіру

ККМ

13.

Ақтоғай-Мойынты теміржол учаскесін электрлендіру

ККМ

14.

Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту

ККМ

15.

Ақтау портын оңтүстік бағытта кеңейту

ККМ

16.

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласындағы газдытурбиналық электр станциясы

ЭМРМ

17.

Астана қаласындағы 3-ЖЭО

Астана қаласының әкімдігі

18.

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы

Алматы қаласының әкімдігі