Орта мерзімді кезеңге арналған (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы N 1127 Қаулысы

Жаңартылған

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының  8-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.   Қоса беріліп отырған орта мерзімді кезеңге арналған (2007 - 2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                           2006 жылғы 28 қарашадағы
                                               N 1127 қаулысымен
                                                  бекітілген

                 Орта мерзімді кезеңге арналған
      (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге
               ұсынылатын объектілердің тізбесі

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.07.  431  (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

№N

Атауы

Конкурсты ұйымдастырушы

1

2

3

 Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттарының негізінде жүзеге асырылатын объектілер

2 - 6

алынып тасталды

 

7.

Маңғышлақ-Баутино теміржол учаскесі

ККМ

8.

Ералиев-Құрық теміржол учаскесі

ККМ

9.

Қорғас-Жетіген

ККМ

10.

Мақат-Қандыағаш теміржол учаскесін электрлендіру

ККМ

11.

Алматы-Ақтоғай теміржол учаскесін электрлендіру

ККМ

12.

Достық-Ақтоғай теміржол учаскесін электрлендіру

ККМ

13.

Ақтоғай-Мойынты теміржол учаскесін электрлендіру

ККМ

14.

алынып тасталды

 

15.

алынып тасталды

 

16.

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласындағы газдытурбиналық электр станциясы

ЭМРМ

17.

Астана қаласындағы 3-ЖЭО

Астана қаласының әкімдігі

18.

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы

ККМ

19

Атырау облысындағы  интеграцияланған мұнай-химия
кешенін инфрақұрылымдық
қамтамасыз ету объектілері

ЭМРМ

20

Ақтау халықаралық әуежайының
жолаушылар терминалы

Маңғыстау облысының әкімдігі