Орта мерзімді кезеңге арналған (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы N 1127 Қаулысы

Жаңартылған

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған орта мерзімді кезеңге арналған (2007 - 2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                           2006 жылғы 28 қарашадағы
                                               N 1127 қаулысымен
                                                  бекітілген

                Орта мерзімді кезеңге арналған
      (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге
               ұсынылатын объектілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.12.11
N 1168 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Қаулыларымен.

р/с N Атауы Конкурсты ұйымдастырушы
1 2 3
1. Жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарты негізінде
жүзеге асырылатын қолда бар мемлекеттік меншік объектілері

1.

"Алматы - Өскемен" автомобиль жолының "Алматы-Қапшағай" учаскесін салу (қайта жаңарту) және пайдалану

ККМ

2.

"Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке)-Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы" автомобиль жолының "Астана - Қарағанды" учаскесін қайта жаңарту және пайдалану

ККМ

3.

"Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістерімен Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Шымкент - Тараз - Қорғас" автомобиль жолының "Алматы - Қорғас" учаскесін қайта жаңарту және пайдалану

ККМ

2. Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары
негізінде жүзеге асырылатын объектілер

4.

Ералиев - Құрық теміржол учаскесі

ККМ

5.

Қорғас - Жетіген теміржол учаскесі

ККМ

6.

Мақат - Қандыағаш теміржол учаскесін электрлендіру

ККМ

7.

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласындағы газдытурбиналық электр станциясы

ЭМРМ

8.

Ақтау халықаралық әуежайының жолаушылар терминалы

Маңғыстау
облысының әкімдігі

9.

"Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы" (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану

ККМ