Орта мерзімді кезеңге арналған (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы N 1127 Қаулысы

Жаңартылған

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған орта мерзімді кезеңге арналған (2007 - 2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                           2006 жылғы 28 қарашадағы
                                               N 1127 қаулысымен
                                                  бекітілген

                Орта мерзімді кезеңге арналған
      (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге
               ұсынылатын объектілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.07
431 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі), 2008.11.03 N 1005 Қаулыларымен.

№N

Атауы

Конкурсты
ұйымдастырушы

1

2

3

Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттарының негізінде
жүзеге асырылатын объектілер

2 - 6

алынып тасталды


7.

Маңғышлақ-Баутино теміржол
учаскесі

ККМ

8.

Ералиев-Құрық теміржол учаскесі

ККМ

9.

Қорғас-Жетіген

ККМ

10.

Мақат-Қандыағаш теміржол
учаскесін электрлендіру

ККМ

11.

Алматы-Ақтоғай теміржол
учаскесін электрлендіру

ККМ

12.

Достық-Ақтоғай теміржол
учаскесін электрлендіру

ККМ

13.

Ақтоғай-Мойынты теміржол
учаскесін электрлендіру

ККМ

14.

алынып тасталды


15.

алынып тасталды


16.

Ақтөбе облысы Қандыағаш
қаласындағы газдытурбиналық
электр станциясы

ЭМРМ

17.

Астана қаласындағы 3-ЖЭО

Астана қаласының
әкімдігі

18.

(алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.03 N 1005 Қаулыcымен)

19

Атырау облысындағы
интеграцияланған мұнай-химия
кешенін инфрақұрылымдық
қамтамасыз ету объектілері

ЭМРМ

20

Ақтау халықаралық әуежайының
жолаушылар терминалы

Маңғыстау облысының
әкімдігі