Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 13 сәуiрдегi N 276 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 900 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне табиғи монополиялар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      2. "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 13 сәуiрдегi N 276  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., N 13, 122-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметінiң        
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
N 900 қаулысымен    
бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 сәуiрдегi N 376  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 17, 177-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу ережесiнде:

      1-тармақтағы "табиғи монополиялар салаларындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк органның немесе белгiленген құзыретi шегiнде облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органның" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Уәкiлеттi орган мерзiмдi баспа басылымдарында алда болатын жария тыңдау туралы:
      1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн жалпы тәртiппен бекiту кезiнде кемiнде он бес күн бұрын;
      2) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 5-тармағына сәйкес бекiту кезiнде кемiнде жетi күн бұрын хабарландыруды жариялайды.
      Мерзiмдi баспа басылымдарында алда болатын жария тыңдау туралы хабарландыруды жариялау туралы талаптар реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2 және 7-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "7-1. Алда болатын жария тыңдау туралы хабарландыру мынадай мәлiметтердi:
      1) тыңдауларды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерiн;
      2) тыңдаулардың өткiзiлетiн күнi мен орнын;
      3) табиғи монополия субъектiсiнiң атауын және өтiнiм берiлген реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге қатысты қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерiн қамтуға тиiс.
      7-2. Табиғи монополиялар субъектілерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын талқылау жөнiнде жария тыңдаулар өткiзу кезiнде уәкiлеттi орган осы Ереженiң 7-1-тармағында көзделген мәлiметтердi көрсете отырып, тиiстi жергiлiктi өкiлеттi органды шақырады.
      7-3. Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi жария тыңдаулар өткiзiлгенге дейiн тұтынушылар мен мүдделi тұлғаларды жария тыңдаулардың өткiзiлетiн күнi мен орны туралы хабардар етедi.";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3) табиғи монополия субъектілерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 5-тармағына сәйкес бекiту кезiнде бекiту туралы шешiм қабылданғанға дейiн жетi күннен кешiктiрмей;
      4) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде бекiту туралы шешiм қабылданғанға дейiн бiр күннен кешiктiрмей өткiзiледi.";

      18-тармақтағы "7" деген сан "7-1" деген санмен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 шiлдедегi N 724  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 30, 294-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi туралы ережеде:

      11-тармақ мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "34-1) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шикiзат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын келiсу;".

      3. "Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару үлгi құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 37, 487-құжат):
      көрсетiлген қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару үлгi құрылымында:
      1 және 2-бөлiмдердiң 20-1-тармақтары алынып тасталсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 38, 515-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi туралы ережеде:

      10-тармақтың 2) тармақшасында:
      он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "тарифтiң шығын бөлiгiн қалыптастыру кезiнде қолданылатын табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шикiзат, материалдар, отын, энергия шығысының нормаларын келiседi;";
      он сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдарға энергия кәсiпорындарының негiзгi құралдары құнының өсуiне алып келмейтiн ағымдағы және күрделi жөндеуге және басқа да жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына бағытталатын шығыстармен байланысты жұмыстардың көлемiн, сондай-ақ энергетика жабдығын одан әрi пайдалану мүмкiндiгi мен мерзiмiн белгiлеу жөнiндегi сараптамалық-техникалық комиссияның шешiмiн бекiтедi;".

      5. "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 39, 520-құжат):
      2-тармақ өзгерiссiз қалдырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi туралы ережеде:
      мәтiндегi "табиғи монополия субъектiлерiнiң", "табиғи монополия субъектiлерiне" деген сөздер тиiсiнше "табиғи монополиялар субъектілерiнiң", "табиғи монополиялар субъектiлерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақтың 1) тармақшасындағы "табиғи монополия саласындағы" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақта:
      мемлекеттiк саясатты қалыптастыру саласында:
      мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7) табиғи монополия субъектiсiнiң нормативтiк техникалық ысыраптарын бекiтудi;
      8) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шикiзат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiмi бойынша;
      9) табиғи монополия субъектiсi персоналының нормативтiк санын еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiмi бойынша бекiтудi;";
      мемлекеттiк саясатты iске асыруды бақылау саласында:
      2) тармақшаның үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "eгep ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк теңгерiмде ескерiлген, иелiктен шығарылатын мүлiктің не оған қатысты өзге мәмiлелер жасалатын табиғи монополия субъектiсi мүлкiнiң теңгерiмдiк құны, ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк теңгерiмге сәйкес оның активтерiнiң теңгерiмдiк құнынан 0,05 пайыз асып түссе, олар табиғи монополия субъектiсi тарифтерiнiң (бағаларының, алым ставкаларының) немесе реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) олардың шектi деңгейлерiнiң артуына, тұтынушылармен жасалған шарттардың бұзылуына, үздiксiз байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) үзiлуiне не олардың көлемдерiнiң едәуiр төмендеуiне алып келген жағдайда, табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiн иелiктен шығаруды және (немесе) онымен өзге де мәмiлелер жасауды;";

      11-тармақта:
      1) тармақшадағы "табиғи монополиялар субъектiлерi мемлекеттiк тiркелiмiнiң республикалық бөлiмiне" деген сөздер "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) тармақшадағы "алты айдан" деген сөздер "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  18-бабының  5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, он екi айдан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде 24) тармақшадағы "жүргiзуге" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
      "25) реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу құралдарын сатып алғаны және орнатқаны үшiн ақы алудың мөлшерi мен тетiгiн келiсуге.".

      6. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1132  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 43, 540-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ережеде:

      10-тармақтың 1) тармақшасының он төртiншi абзацындағы "ақы төлеу жүйесi жөнiндегi нормаларды" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде персонал санының нормативтерiн" деген сөздермен толықтырылсын.

      7. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 46, 582-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi туралы ережеде:

      10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шикiзат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын келiсу;".

      8. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 310  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi туралы ережеде: 11-тармақ мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      "18) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шикiзат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын келiседi.".