Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 13 сәуiрдегi N 276 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 900 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне табиғи монополиялар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      2. "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 13 сәуiрдегi N 276  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., N 13, 122-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметінiң        
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
N 900 қаулысымен    
бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 сәуiрдегi N 376  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 17, 177-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу ережесiнде:

      1-тармақтағы "табиғи монополиялар салаларындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк органның немесе белгiленген құзыретi шегiнде облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органның" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Уәкiлеттi орган мерзiмдi баспа басылымдарында алда болатын жария тыңдау туралы:
      1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн жалпы тәртiппен бекiту кезiнде кемiнде он бес күн бұрын;
      2) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 5-тармағына сәйкес бекiту кезiнде кемiнде жетi күн бұрын хабарландыруды жариялайды.
      Мерзiмдi баспа басылымдарында алда болатын жария тыңдау туралы хабарландыруды жариялау туралы талаптар реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2 және 7-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "7-1. Алда болатын жария тыңдау туралы хабарландыру мынадай мәлiметтердi:
      1) тыңдауларды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерiн;
      2) тыңдаулардың өткiзiлетiн күнi мен орнын;
      3) табиғи монополия субъектiсiнiң атауын және өтiнiм берiлген реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге қатысты қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерiн қамтуға тиiс.
      7-2. Табиғи монополиялар субъектілерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын талқылау жөнiнде жария тыңдаулар өткiзу кезiнде уәкiлеттi орган осы Ереженiң 7-1-тармағында көзделген мәлiметтердi көрсете отырып, тиiстi жергiлiктi өкiлеттi органды шақырады.
      7-3. Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi жария тыңдаулар өткiзiлгенге дейiн тұтынушылар мен мүдделi тұлғаларды жария тыңдаулардың өткiзiлетiн күнi мен орны туралы хабардар етедi.";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3) табиғи монополия субъектілерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 5-тармағына сәйкес бекiту кезiнде бекiту туралы шешiм қабылданғанға дейiн жетi күннен кешiктiрмей;
      4) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде бекiту туралы шешiм қабылданғанға дейiн бiр күннен кешiктiрмей өткiзiледi.";

      18-тармақтағы "7" деген сан "7-1" деген санмен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 шiлдедегi N 724  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 30, 294-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi туралы ережеде:

      11-тармақ мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "34-1) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шикiзат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын келiсу;".

      3. "Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару үлгi құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 37, 487-құжат):
      көрсетiлген қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару үлгi құрылымында:
      1 және 2-бөлiмдердiң 20-1-тармақтары алынып тасталсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 38, 515-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi туралы ережеде:

      10-тармақтың 2) тармақшасында:
      он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "тарифтiң шығын бөлiгiн қалыптастыру кезiнде қолданылатын табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шикiзат, материалдар, отын, энергия шығысының нормаларын келiседi;";
      он сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдарға энергия кәсiпорындарының негiзгi құралдары құнының өсуiне алып келмейтiн ағымдағы және күрделi жөндеуге және басқа да жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына бағытталатын шығыстармен байланысты жұмыстардың көлемiн, сондай-ақ энергетика жабдығын одан әрi пайдалану мүмкiндiгi мен мерзiмiн белгiлеу жөнiндегi сараптамалық-техникалық комиссияның шешiмiн бекiтедi;".

      5.  (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы  N 943   Қаулысымен).

      6. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1132  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 43, 540-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ережеде:

      10-тармақтың 1) тармақшасының он төртiншi абзацындағы "ақы төлеу жүйесi жөнiндегi нормаларды" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде персонал санының нормативтерiн" деген сөздермен толықтырылсын.

      7.  (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06.  N 1193  (қолданысқа енгізілу тәртібін  6-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен).

      8. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 310  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi туралы ережеде: 11-тармақ мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      "18) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шикiзат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын келiседi.".