Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 29 шiлдедегi N 789 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 848 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып алуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 29 шiлдедегi N 789  қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып алуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Баталов                           - Қазақстан Республикасының
Асқар Болатұлы                      Индустрия және сауда
                                    вице-министрi, төрағаның
                                    орынбасары;

Қонақаев                          - Қазақстан Республикасы
Саяхат Алпысұлы                     Энергетика және минералдық
                                    ресурстар министрлiгi Жер
                                    қойнауын пайдалануға тiкелей
                                    инвестициялар департаментiнiң
                                    директоры, хатшы

      "Шынәлиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiм меңгерушiсiнiң орынбасары, хатшы" деген жолдағы ", хатшы" деген сөз алынып тасталсын;
      көрсетiлген құрамнан Исекешов Әсет Өрентайұлы шығарылсын.
 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы