Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12. 2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 26) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес құрамда Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

Қазақстан Республикасының
 


Премьер-Министрі
 

К. Мәсімов
 



Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 1264 қаулысына
1-қосымша

Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның
құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.07.2014 № 958 қаулысымен.
       1. Көмір мен уранды қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар мәселелері бойынша:
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, төраға
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры, хатшы
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Экономикалық қауіпсіздік департаментінің бастығы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы
      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Индустриялық-инновациялық даму бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары
      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша).
      2. Көмірсутек шикізаты, көмір мен уран мәселелері бойынша:
      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, төраға
      Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вице-министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және өнімді бөлу туралы келісімдер департаментінің директоры, хатшы
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Экономикалық қауіпсіздік департаментінің бастығы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы
      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Индустриялық-инновациялық даму бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары.
 


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 1264 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) консультативтік-кеңесші орган болып табылады және қатты пайдалы қазбаларға қатысты және көмірсутек шикізатына қатысты жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығару кезіндегі жұмысты жүзеге асырады.
      2. Комиссия Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілері иеліктен шығару кезінде мемлекеттің сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы мәселелерді қарау және ұсынымдарды әзірлеу мақсатында құрылды.
      3. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
 

2. Комиссияның негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

      4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарын ескіре отырып, жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты қатысты объектіні иеліктен алу туралы өтініштерді қарау;
      2) мемлекеттің басым құқығын іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу.
      5. Комиссияның функцияларына:
      1) жер қойнауын пайдалануға арналысқан келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) иеліктен алу туралы жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштерін қарау;
      2) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) иеліктен алу туралы тұлғалардың өздеріне тиесілі өтініштерін қарау;
      3) егер осы заңды тұлғалардың негізгі қызметі Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, тұлғалардың шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғалардағы өздеріне тиесілі қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау;
      4) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты иеліктен шығарылатын объектіні мемлекеттің сатып алуы туралы не сатып алудан бас тартуы туралы ұсыныстарды әзірлеу, негіздеу және тиісті құзыретті органға енгізу кіреді.
      6. Комиссияның:
      1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуға;
      2) оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша отырыстарға мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдерін, лауазымды адамдарды және азаматтарды шақыруға және тыңдауға;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан оның функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
 

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және тәртібі

      7. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін орынбасары атқарады.
      8. Комиссия төрағасын қоса алғанда, Комиссияның әрбір мүшесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комиссия әзірлейтін шешімдер үшін өзінің атынан өкілдік ететін мемлекеттік органның құзыреті шегінде дербес жауап береді.
      9. Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
       10. Комиссияның жұмыс органының функцияларын мына құзыретті органдар жүзеге асырады:
      1) көмір мен уранды қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлігінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;
      2) көмірсутек шикізаты, көмір мен уран бөлігінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.07.2014 № 958 қаулысымен.
       11. Құзыретті органдар өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Комиссияның қарауына иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы ұсыныс әзірлеуге қажетті материалдарды енгізеді.
      12. Комиссия отырысының күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды және Комиссияның отырысына иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы ұсыныс әзірлеуге қажетті өзге материалдарды әзірлеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады. Дайындалған материалдар Комиссия отырысын өткізерге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Комиссия мүшелеріне жіберіледі.
      13. Комиссияның отырыстары Комиссия материалдарын қарау мерзімдерін ескере отырып қажеттілігіне қарай өткізіледі.
      14. Комиссия мүшелері өздерінің қызметтеріне алмастыру құқығынсыз қатысады.
      15. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып есептеледі.
      16. Комиссия өзіне тиесілі жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығару ниеті бар тұлғаның өтініші, оған қоса берілген құжаттары және өзге де материалдар алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні мемлекеттің сатып алуы не сатып алудан бас тартуы туралы ұсынымдар әзірлейді.
      17. Қосымша материалдар сұратылған жағдайда, Комиссияның өтінішті қарау мерзімі Комиссияның мұндай материалдарды алған күнінен бастап есептеледі, ол он бес күнтізбелік күннен аспауы керек.
      18. Ұсынылған материалдарды қарау Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып жүргізіледі.
      19. Қарау қорытындылары бойынша Комиссия иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні мемлекеттің сатып алуы (сатып алудан бас тартуы) туралы тиісті ұсынымдарды әзірлейді.
      20. Комиссия иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алуды жүзеге асыру ниеті туралы мәлімдеген ұлттық басқарушы холдингтің немесе ұлттық компанияның осындай сатып алуы туралы ұсынымдар әзірлеген жағдайда, Комиссия құзыретті органға ұлттық басқарушы холдингті немесе ұлттық компанияны мемлекет атынан осындай сатып алушы ретінде айқындауды ұсынады.
      21. Комиссия ұлттық басқарушы холдингтің немесе ұлттық компанияның тарапынан сатып алу туралы ниет болмаған жағдайларда иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу туралы ұсынымдар әзірлеген кезде сатып алуға уәкілетті мемлекеттік органды айқындау үшін мәселе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізіледі.
      22. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссия отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
      Комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
      Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
       23. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
       24. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
       25. Хаттама қол қойылғаннан кейін иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін құзыретті органға жіберіледі.
 

4. Комиссия қызметінің тоқтатылуы

      26. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.
 


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 1264 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен алынатын құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) мемлекеттің сатып алуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 қаулысы.
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 144 қаулысы.
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 848 қаулысы.
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 930 қаулысы.
      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 385 қаулысы.
      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 және 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 желтоқсандағы № 1190 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.
      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 және 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 маусымдағы № 855 қаулысының 1-тармағының 1)тармақшасы.
      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қазандағы № 1588 қаулысы.