Қазақстан Республикасының Yкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып алуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 29 шiлдедегi N 789
қаулысына
мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып алуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Баталов - Қазақстан Республикасының
Асқар Болатұлы Индустрия және сауда
вице-министрi, төрағаның
орынбасары;
Қонақаев - Қазақстан Республикасы
Саяхат Алпысұлы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлiгi Жер
қойнауын пайдалануға тiкелей
инвестициялар департаментiнiң
директоры, хатшы
көрсетiлген құрамнан Исекешов Әсет Өрентайұлы шығарылсын.