Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып алуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі N 789 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. "Трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі қазақстан-қытай бірлескен комиссиясының қазақстандық бөлігінің құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N 1324  қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бірлескен қазақстан-қытай комиссиясының қазақстандық бөлігінің құрамына:
Бөлегенов              - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер 
Ерғали Бөлегенұлы        министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
                         істері департаментінің директоры, өкілдің
                         орынбасары
енгізілсін;
      көрсетілген құрамнан Ордабаев Самат Исламұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы