Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 313 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының  24-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Тергеу комитетi, Криминалдық полиция комитетi, Әкiмшiлiк полиция комитетi және Жол полициясы комитетi (бұдан әрi - Комитеттер) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Тергеу комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
      2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Криминалдық полиция комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
      3) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Әкiмшiлiк полиция комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
      4) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы комитетi туралы ереже және оның құрылымы бекiтiлсiн.

      3. Мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Тергеу комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
      2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Криминалдық полиция комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
      3) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
      4) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына рұқсат берiлсiн.
       Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 21 қазандағы  N 1014  қаулысымен .

      4. "Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 19 сәуiрдегі N 431  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 17, 221-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
      реттiк нөмiрi 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi:        1392
      ведомстволарды қоспағанда, министрлiктiң орталық аппараты 657
      Iшкi әскерлер комитетi                                    225
      Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi
      айналымын бақылау комитетi                                52
      Тергеу комитетi                                           125
      Криминалдық полиция комитетi                              146
      Әкiмшiлiк полиция комитетi                                139
      Жол полициясы комитетi                                    48";

      2) "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 25, 311-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгi туралы ережеде:

      1-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Министрлiктiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы, аудандардағы, қалалардағы, қалалардағы аудандардағы және көлiктегi аумақтық органдары, сондай-ақ Iшкi әскерлер комитетi, Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi, Тергеу комитетi, Криминалдық полиция комитетi, Әкiмшiлiк полиция комитетi және Жол полициясы комитетi ведомстволары болады.";

      12-тармақта:
      1) тармақшаның он бiрiншi абзацындағы "әзiрлейдi және" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) тармақшаның бесiншi, алтыншы, сегiзiншi, он үшiншi, он төртiншi, он бесiншi және жиырма төртiншi абзацтары алынып тасталсын;
      3) тармақшаның үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, сегiзiншi, тоғызыншы, он бiрiншi және он екiншi абзацтары алынып тасталсын;
      4) тармақша алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерінің тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 244-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "244. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Байқоңыр қаласындағы өкiлдiгi.".

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 21 сәуірдегi
N 313 қаулысымен  
бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
Тергеу комитетi туралы 
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Тергеу комитетi (бұдан әрi - Комитет) Iшкi iстер министрлiгiнiң құзыретi шегiнде қылмыстық сот iсiн жүргізу саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      Комитеттiң негiзгi мiндеттерi қылмыстардың алдын алу, анықтау және ашу, сондай-ақ iшкi iстер органдары үшiн заңнамада белгiленген құзырет шегiнде алдын ала тергеу мен анықтауды жүзеге асыру болып табылады.

      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңнамалық кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкiлерi болады, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң  Қазынашылық  органдарында шоттары болуы мүмкiн. ( V001333 V043333 )
      Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы.
      Егер Комитетке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, ол мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болады.

      4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бұйрықтар нысанында нормативтiк құқықтық кесiмдер шығарады.

      5. Комитеттiң құрылымын және штат санының лимитiн Iшкi iстер министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
      010010, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Манас көшесi, 4.

      7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Тергеу комитетi" мемлекеттiк мекемесi.

      8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.

      9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен ғана жүзеге асырылады.
      Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары

      10. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
      қылмыстардың алдын алу, оларды анықтау және ашу, сондай-ақ iшкi iстер органдары үшiн заңнамада белгiленген құзырет шегiнде алдын ала тергеу мен анықтауды жүзеге асыру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды ұйымдастырады;
      iшкi iстер органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстар бойынша алдын ала тергеудi және анықтауды, сондай-ақ әскери қылмыстар және әскери қызметшiлер жасаған қылмыстар бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырады;
      iшкi iстер органдары жүргiзетiн өңiраралық және мемлекетаралық сипаттағы қылмыстарды тергеудi ұйымдастырады, қажет болған кезде өңiраралық тергеу топтарын құрады;
      ұйымдасқан қылмыстық топтар жасаған ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық iстерге, облысаралық және мемлекетаралық сипаттағы қылмыстарға тергеу жүргiзедi;
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен шетел мемлекеттерi құзыреттi органдарының қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы сұрауларын орындауды ұйымдастырады;  Z970142  
      өз құзыретi шегiнде азаматтардың ұсыныстарын, өтiнiштерi мен шағымдарын, лауазымды адамдардың арыздарын қарайды, олар бойынша заңнамаға сәйкес шешiм қабылдайды;
      Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындарымен және басқа да мекемелерiмен бiрлесiп, алдын ала тергеудi және анықтауды жетiлдiрудiң проблемаларын зерттеудi жүзеге асырады;
      тергеу практикасы мен алдын ала тергеу және анықтау бөлiмшелерi, әскери-тергеу органдары жедел қызметтерiнiң қызметiнiң нәтижелерiн талдайды, алдын ала тергеудiң және анықтаудың сапасын арттыру жөнiнде шаралар әзiрлейдi, жұмысты жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарын айқындайды, ғылым мен техниканың жетiстiктерiн, оң, оның iшiнде халықаралық тәжiрибенi практикаға енгiзедi;
      2) мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын бақылау жөнiндегi функциялар:
      әскери-тергеу органдарының қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
      қылмыстық процеске қатысушылар мен өзге де адамдар өмiрiнiң, денсаулығының, ар-намысының, абыройының және мүлкiнiң қорғалуын бақылауды жүзеге асырады.

      11. Комитет өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдауға;
      2) алдын ала тергеу және анықтау қызметiнiң мәселелерi бойынша нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу, жетiлдiру және iске асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      3) мемлекеттiк органдардан және өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан қажеттi ақпарат сұратуға және алуға;
      4) өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, оның iшiнде халықаралық ұйымдастыруға және өткiзуге;
      5) Комитеттiң жанынан жұмыс топтарын құруға, сондай-ақ алдын ала тергеудi және анықтауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн ғалымдар мен мамандарды, оның iшiнде шетелдiктердi тартуға;
      6) алдын ала тергеу мен анықтау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар өткiзетiн отырыстар мен кеңестерге қатысуға;
      7) өз құзыретi шегiнде жедел-iздестiру, сараптамалық, криминалистикалық қызметті, прокурорлық қадағалауды жүзеге асыратын органдармен, сондай-ақ басқа министрлiктермен, ведомстволармен, ұйымдармен және шетел мемлекеттерiнiң құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасасуға құқылы.

  3. Комитеттiң мүлкi

      12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым құралдарынан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.

      13. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      14. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiкте өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңнамалық кесiмдерде белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Комитет төрағасының заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      Комитет төрағасы орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      16. Төраға Комитеттiң қызметiн ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауаптылықта болады, сондай-ақ аумақтық iшкi iстер органдарының құрылымдық бөлiмшелерiн жедел басқаруды жүзеге асырады.

      17. Комитет төрағасы осы мақсаттарда:
      1) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен өзге де ұйымдарында және халықаралық қатынастарда Комитеттi бiлдiредi;
      2) өзiнiң орынбасарларының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн айқындайды;
      3) заңнамаға және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi бекiтетiн лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, еңбек шарттарын жасасады, өзгертедi және бұзады, сондай-ақ аумақтық, көлiктегi iшкi iстер органдарымен, әскери-тергеу органдары тергеу және анықтау бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындауға және босатуға келiсiм бередi;
      4) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi, сондай-ақ әскери-тергеу органдары туралы ережелердi бекiтедi;
      5) белгiленген тәртiппен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету мәселелерiн шешедi және тәртiптiк жазаға тартады;
      6) өз құзыретi шегiнде Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi, аумақтық, көлiктегi iшкi iстер органдары және әскери-тергеу органдары орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады;
      7) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң арасында тәрбие жұмысын, олардың тәртiптi, заңдылықты және құпиялылық режимiн сақтауын ұйымдастырады;
      8) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен өтiнiштердi қарайды, олар бойынша шешiмдер қабылдайды, тәртiп пен заңдылықты бұзу фактiлерi бойынша қызметтiк тергеулер жүргiзедi;
      9) белгіленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының шегінде қызметтiк iссапарларға жiбередi;
      10) Комитеттiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.

  5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      18. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 21 сәуірдегi
N 313 қаулысымен  
бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Тергеу комитетiнiң құрылымы

      1. Басшылық
      2. Аймақтық бақылау және алдын ала тергеудi ұйымдастыру басқармасы
      3. Алдын ала тергеудi талдау жұмысы басқармасы
      4. Анықтау жұмысын ұйымдастыру басқармасы
      5. Ұйымдасқан қылмыс туралы iстердi тергеу басқармасы
      6. Аса қауiптi қылмыстарды тергеу басқармасы
      7. Ауыр және мүлiктiк қылмыстарды тергеу басқармасы
      8. Әскери қылмыстарды тергеу басқармасы
      9. Әскери қылмыстар жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру басқармасы
      10. Жедел жұмысты ұйымдастыру басқармасы
      11. Бақылау-әдiстеме басқармасы
      12. Әкiмшiлiк басқарма
      13. Режимдiк және ерекше күзетiлетiн объектiлерде тергеудi ұйымдастыру бөлiмi
      14. Аса маңызды iстер жөнiндегi бас тергеушiлер бөлiмi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 21 сәуірдегi
N 313 қаулысымен  
бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
Криминалдық полиция комитетi туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Криминалдық полиция комитетi (бұдан әрi - Комитет) Iшкi iстер министрлiгiнiң құзыретi шегінде қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыратын ведомство болып табылады.
      Комитеттiң негiзгi мiндеттерi қылмыстарды анықтау, ашу, тергеу, жолын кесу және болдырмау, тергеуден, анықтаудан және соттан жасырынып жүрген, қылмыстық жазаларын өтеуден жалтарып жүрген, хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда адамдарды iздестiрудi ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.

      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына , Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өзiнiң атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдарында шот аша алады.
      Комитеттiң өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы.
      Егер Комитетке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.

      4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бұйрықтар нысанында нормативтiк құқықтық кесiмдер шығарады.

      5. Комитеттiң құрылымын және штат санының лимитiн Iшкi iстер министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
      010010, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Манас көшесi, 4.

      7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Криминалдық полиция комитетi" мемлекеттiк мекемесi.

      8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.

      9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитетке Iшкi iстер министрлiгiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары

      10. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
      өз құзыретi шегiнде қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
      жедел-iздестiру қызметiн ұйымдастырады, қылмысқа қарсы күрес саласында жедел-iздестiру iс-шараларын әзiрлеудi және жүргiзудi жүзеге асырады;
      қылмыс жасаған, анықтау, тергеу немесе сот органдарынан жасырынып жүрген, қылмыстық жазаларын өтеуден, әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген, хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды және өзге де адамдарды iздестiрудi, танылмаған мәйiттердi бiрегейлендiрудi ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      өз құзыретi шегiнде қылмыстарды анықтауды, жолын кесудi, болдырмауды және ашуды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      қылмысқа қарсы күрес саласындағы бағдарламаларды iске асырады;
      Комитеттiң қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      қылмыстық процеске қатысушылар мен өзге де адамдардың өмiрiн, денсаулығын, ар-намысы мен абыройын және мүлкiн қорғауды қамтамасыз етедi;
      мамандандырылған есептердi құрады;
      қылмыстарды ашу және қылмыскерлер мен олардың байланыстарын анықтау үшiн ақпараттық-талдау жүйесiн құрады және пайдаланады;
      2) мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын бақылау жөнiндегi функциялар:
      жедел-iздестiру iс-шараларының және арнайы операциялардың жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
      iшкi iстер органдарында есепте тұрған адамдардың мiнез-құлқын жедел бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастырады.

      11. Комитет өз құзыретi шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдауға;
      2) криминалдық полиция қызметiнiң мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу, жетiлдiру және iске асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      3) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан қажеттi ақпарат сұратуға және алуға;
      4) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, оның iшiнде халықаралық, ұйымдастыруға және өткiзуге;
      5) Комитеттiң жанынан жұмыс топтарын құруға, сондай-ақ жедел-iздестiру қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн ғалымдар мен мамандарды, оның iшiнде шетелдiктердi тартуға;
      6) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар өткiзетiн отырыстар мен кеңестерге қатысуға құқылы.

  3. Комитеттiң мүлкi

      12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен құралады және негiзгi қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлген өзге де мүлiктен тұрады.

      13. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      14. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңнамалық кесiмдерде белгiленген жағдайда және шекте мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Комитет төрағасының заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      Комитет төрағасы орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      16. Төраға Комитеттiң қызметiн ұйымдастырады және басқарады әрi Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады, сондай-ақ аумақтық iшкi iстер органдарының құрылымдық бөлiмшелерiн жедел басқаруды жүзеге асырады.

      17. Осы мақсаттарда Комитет төрағасы:
      1) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен өзге де ұйымдарында және халықаралық қатынастарда оның мүддесiн бiлдiредi;
      2) өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн белгiлейдi;
      3) заңнамаға және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi бекiтетiн лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, еңбек шарттарын жасасады, өзгертедi және бұзады;
      4) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      5) белгiленген тәртiппен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету мәселелерiн шешедi және тәртiптiк жазаға тартады;
      6) өз құзыретi шегiнде Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық iшкi iстер органдары орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады;
      7) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң арасында тәрбие жұмысын, олардың тәртiптi, заңдылықты және құпиялылық режимiн сақтауын ұйымдастырады;
      8) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен өтiнiштердi қарайды, олар бойынша шешiмдер қабылдайды, тәртiп пен заңдылықты бұзу фактiлерi бойынша қызметтiк тергеулер жүргiзедi;
      9) Комитеттiң қызметкерлерiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiбередi;
      10) Комитет құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.

  5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      18. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 21 сәуірдегi
N 313 қаулысымен  
бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Криминалдық полиция комитетiнiң
құрылымы

      1. Басшылық
      2. Қылмыстық топтар мен қоғамдастықтарды әшкерелеу басқармасы
      3. Аса қауiптi қылмыстарды ашу басқармасы
      4. Экстремизмге және криминалдық терроризмге қарсы күрес басқармасы
      5. Қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау бөлiмi
      6. Оңтүстiк өңiрлiк ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы
      7. Батыс өңiрлiк ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы
      8. Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету және талдау жұмысы басқармасы
      9. Әкiмшiлiк басқарма
      10. Жеке тұлғаға қарсы жасалған қылмыстарды ашуды ұйымдастыру басқармасы
      11. Мүлiктiк қылмыстарды ашуды ұйымдастыру басқармасы
      12. Криминалдық iздестiру басқармасы
      13. Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күрестi ұйымдастыру басқармасы

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 21 сәуірдегi
N 313 қаулысымен  
бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
Әкiмшiлiк полиция комитетi туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Әкiмшiлiк полиция комитетi (бұдан әрi - Комитет) Iшкi iстер министрлiгiнiң құзыретi шегiнде қоғамдық тәртiптi сақтау, мемлекеттiк күзетiлуге тиiс объектiлердiң қауiпсiздiгi,  көшi-қон заңнамасын  сақтау, күзет қызметiн жүзеге асыру, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қадағалаусыз қалуды анықтау және жолын кесу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзырет шегiнде анықтауды және әкiмшiлiк өндiрiстi жүзеге асыру;
      заңсыз көшi-қонға қарсы iс-қимыл жасау және шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мәселелерi жөнiндегi заңнаманы сақтауын бақылау, виза жұмысын жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелердi қарау; ( V042889 U952707 )
      ұсталған және қамауға алынған адамдарды, оның iшiнде белгiлi мекен-жайы, құжаттары жоқ адамдарды ұстау орындарындағы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету;
      мемлекеттiк күзетiлуге тиiс объектiлердi күзету;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзырет шегiнде лицензиялау және рұқсат ету қызметiн жүзеге асыру.

      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына , Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдарында шот аша алады.
      Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы.
      Егер Комитетке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.

      4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бұйрықтар нысанында нормативтiк құқықтық кесiмдер шығарады.

      5. Комитеттiң құрылымын және штат санының лимитiн Iшкi iстер министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
      010010, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Манас көшесi, 4.

      7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Әкiмшiлiк полиция комитетi" мемлекеттiк мекемесi.

      8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.

      9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Комитетке оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары

      10. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
      қоғамдық тәртiптi, қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау, қылмысқа қарсы күрес, ерекше күзетiлетiн және режимдiк объектiлердiң қауiпсiздiгi, көшi-қон заңнамасын сақтау, Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелердi қарау, күзет қызметiн жүзеге асыру, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi;  V022045
      Комитеттiң қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      қоғамдық тәртiптi және қоғамдық қауiпсiздiктi сақтауды, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуды жетiлдiруге бағытталған шараларды әзiрлейдi;
      құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу саласындағы бағдарламаларды iске асырады;
      iшкi iстер органдарының құзыретiне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша өндiрiстi ұйымдастырады;
      экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға, болдырмауға және олардың жолын кесуге бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
      қоғамдық тәртiптi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласында республикалық ақпараттық жүйе құруды және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңсыз көшi-қонға қарсы әрекет ету жөнiндегi шараларды әзiрлейдi;
      арнайы саптық бөлiмшелердiң заңсыз көшi-қонға қарсы күрес жөнiндегi қызметiн ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасының  азаматтығына қабылдау  және  азаматтықтан шығару  жөнiндегi материалдарды қарайды;
      өз құзыретi шеңберiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерге тұрақты тұру үшiн шығуын ресiмдеудi, шетел азаматтарына виза берудi жүзеге асырады;
      қылмыс жасауда күдiктi не айыпты ретiнде ұсталған және қамауға алынған, белгiлi мекен-жайы, құжаттары жоқ адамдарды, әкiмшiлiк қамауға алынғандарды iшкi iстер органдарының арнайы мекемелерiнде ұстауды, күдiктiлер мен айыпталушыларды айдауылдауды, қылмыстық (әкiмшiлiк) процестi жүргiзетiн органдардың оларға қатысты қаулыларын, ұйғарымдарын және өкiмдерiн орындауды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды  уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарында  ұстауды ұйымдастырады;
      күзет қызметi саласындағы үйлестiрудi жүзеге асырады;
      режимдiк, ерекше күзетiлетiн объектілердi және мемлекеттiк күзетiлуге тиiс объектiлердi күзетудi қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
      халықаралық шарттарға сәйкес күзету мемлекетке жүктелген объектiлердi күзетудi қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасының  заңнамасына  сәйкес iшкi iстер органдарының құзыретiне сай лицензиялар мен арнайы рұқсаттарды берудi ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың, сондай-ақ шетелдерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтығын өзгерту туралы, Қазақстан Республикасының халқын тiркеу және құжаттандыру туралы ақпарат алмасу мәселелерi бойынша Әдiлет министрлiгiнiң  Тiркеу қызметi комитетiмен  өзара iс-қимыл жасасады;
      мамандандырылған есептердi жасайды;
      заңды және жеке тұлғалардың күзет белгiсiн беру құралдарын монтаждау, реттеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
      2) мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын бақылау жөнiндегi функциялар:
      әкiмшiлiк полициясының құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары мен бөлiмшелерiнiң қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
      iшкi iстер органдарында қоғамдық тәртiптi, қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттiк құпияларды қорғау мен құпиялылық режимiн сақтауды бақылау жөнiнде шаралар қабылдайды;
      лицензиаттардың қызметiн, оның iшiнде олардың қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының аумағындағы күзет қызметiн бақылауды қамтамасыз етедi;
      iшкi iстер органдарының арнайы мекемелерiнде режимдiк талаптардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;
      iшкi iстер органдарының арнайы мекемелерiнде режимдiк талаптардың сақталуын бақылауды ұйымдастырады;
      кәмелетке толмағандардың уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарында ұсталуын бақылауды жүзеге асырады;
      қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдауылдауды бақылауды жүзеге асырады;
      шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртiбiнiң сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;
      iшкi iстер органдарында есепте тұрған адамдардың мiнез-құлқын бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
      бөлiнген бюджет қаражатының игерiлуiн және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшелерi мемлекеттiк мекемелерiнiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн түсiмдi бақылауды жүзеге асырады.

      11. Өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшiн Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдауға;
      2) әкiмшiлiк полициясы қызметiнiң мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу, жетiлдiру және iске асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      3) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан ақпарат сұратуға және алуға;
      4) кеңестер, семинарлар, конференциялар, оның iшiнде халықаралық, ұйымдастыруға және өткiзуге;
      5) Комитеттiң жанынан жұмыс топтарын құруға, сондай-ақ Комитеттiң құзыретiне жатқызылған қызмет бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн ғалымдар мен мамандарды, оның iшiнде шетелдiк, тартуға;
      6) Комитеттiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар өткiзетiн отырыстар мен кеңестерге қатысуға құқылы.

  3. Комитеттiң мүлкi

      12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен жасалады және негiзгi қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.

      13. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      14. Комитеттiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өздiгiнен иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңнамалық кесiмдерде белгiленген жағдайда және шекте мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Комитет төрағасының заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      Комитет төрағасы орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.

      16. Төраға Комитеттiң қызметiн ұйымдастырады және басқарады әрi Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады, сондай-ақ аумақтық iшкi iстер органдарының құрылымдық бөлiмшелерiн жедел басқаруды жүзеге асырады.

      17. Осы мақсаттарда Комитет төрағасы:
      1) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда және халықаралық қатынастарда Комитеттi бiлдiредi;
      2) өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн айқындайды;
      3) заңнамаға және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi бекiтетiн лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, еңбек шарттарын жасасады, өзгертедi және бұзады;
      4) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      5) белгiленген тәртiппен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету мәселелерiн шешедi және тәртiптiк жазаға тартады;
      6) өз құзыретi шегiнде Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық iшкi iстер органдары орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады;
      7) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi арасында тәрбие жұмысын, олардың тәртiптi, заңдылықты және құпиялылық режимiн сақтауын ұйымдастырады;
      8) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен өтiнiштердi қарайды, олар бойынша шешiмдер қабылдайды, тәртiп пен заңдылықты бұзу фактiлерi бойынша қызметтiк тергеулер жүргiзедi;
      9) Комитеттiң қызметкерлерiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiбередi;
      10) Комитеттiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.

  5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      18. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 21 сәуірдегi
N 313 қаулысымен  
бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Әкiмшiлiк полициясы комитетiнiң
құрылымы

      1. Басшылық
      2. Алдын алу қызметi басқармасы
      3. Патрульдiк полиция басқармасы
      4. Лицензия-рұқсат беру жұмысы басқармасы
      5. Көшi-қон полициясы басқармасы
      6. Азаматтық және иммиграция басқармасы
      7. Мемлекеттiк күзет қызметi басқармасы
      8. Арнайы полиция басқармасы
      9. Арнайы мекемелер басқармасы
      10. Әкiмшiлiк басқарма

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 21 сәуірдегі
N 313 қаулысымен 
бекiтілген    

  Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
Жол полициясы комитетi туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң (бұдан әрi - Iшкi iстер министрлiгi) құзыретi шегiнде жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында арнайы атқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасында жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiн мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi функцияларды қамтамасыз ету;
      жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi үйлестiру жөнiндегi функцияларды қамтамасыз ету.

      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына  және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдарында шоттары болуы мүмкiн.
      Комитеттiң өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқығы бар.
      Егер Комитетке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, оның мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бұйрықтар нысанында нормативтiк құқықтық кесiмдер шығарады.

      5. Комитеттiң құрылымын және штат санының лимитiн Iшкi iстер министрiнiң ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
      010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесi, 22.

      7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы комитетi" мемлекеттiк мекемесi.

      8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтайшылық құжаты болып табылады.

      9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  2. Комитеттiң негiзгi функциялары мен құқықтары

      10. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
      жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды ұйымдастырады;
      алдын алу iс-шараларын жүргiзу және халыққа жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен талаптарын оқыту тәртiбiн әзiрлейдi;
      жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзiрлемелердi ұйымдастыруға қатысады;
      олардың базасында дайындалған арнайы автомобильдердi қоса алғанда, жеңiл, жүк автомобильдерiн және автобустарды, мотоциклдердi, мотороллерлердi, сондай-ақ автомобильдермен құрамда қозғалуға арналған тiркемелердi (бұдан әрi - автомотокөлiк құралдары және олардың тiркемелерi), оның iшiнде басқа мемлекеттерде тiркелген және Қазақстан Республикасының аумағына екi айдан астам мерзiмге әкелiнгендердi мемлекеттiк тiркеу және есепке алу тәртiбiн әзiрлейдi;
      автомотокөлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзудiң тәртiбiн әзiрлейдi;  V990990
      автомотокөлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн, оның iшiнде сенiмхаттар мен Қазақстан Республикасының  заңнамасында  көзделген өзге де құжаттар бойынша пайдаланатын адамдарды тiркеу және есепке алу тәртiбiн әзiрлейдi;
      көлiк құралдары жүргiзушiлерiн даярлау және емтихандар қабылдау, оларды басқару құқығына куәлiктер беру тәртiбiн әзiрлейдi;
      тиiстi санаттардағы көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн даярлаудың үлгi бағдарламаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      жол-көлiк оқиғаларының алдын алу және жолын кесу жөнiндегi шараларды әзірлеу бойынша ұсыныстар енгiзедi;
      көлiк құралдарына iлесiп жүрудi жүзеге асыруды ұйымдастырады;
      жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында лицензиялауға байланысты қызметті жүзеге асырады; ( Z952200 P951894 P010136 )
      автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, темiр жол өткелдерiн, қалалық электр көлiгiнiң желiлерiн, сондай-ақ жаңа автомотокөлiк техникасының үлгiлерiн пайдалануға қабылдау жөнiндегi комиссиялардың жұмысына қатысады;
      жол қозғалысын реттеудi, жол қозғалысы саласында құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтауды және олардың жолын кесудi ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiне практикалық және әдiстемелiк көмек көрсетедi, жұмыстың оң тәжiрибесiн жинақтайды және таратады;
      мемлекеттiк нөмiрлiк тiркеу белгiлерiнiң, көлiк құралдары мен тiркемелердi тiркеу туралы куәлiктердiң, жүргiзушi куәлiктерiнiң және көлiк құралдары мен жүргiзушiлерге жол қозғалысына қатысуға рұқсат беру үшiн қажеттi басқа да арнайы өнiмнiң үлгiлерiн әзiрлейдi;
      жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы бағдарламаларды iске асырады;
      жол полициясының құзыретiне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзудi ұйымдастырады;
      жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласына қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарайды;
      жол қозғалысы қауiпсiздiгiне, көшелер мен жолдарды салуға және қайта жаңартуға, сондай-ақ көлiк құралдарының құрастырмаларына және жүргiзушiлердi даярлаудың оқу бағдарламаларына қатысты ережелердiң, нормативтер мен стандарттардың жобаларын мүдделi мемлекеттiк органдармен келiседi, автомотокөлiк құралдарына және олардың тiркемелерiне, сондай-ақ жүргiзушiлерге жол қозғалысына қатысуға рұқсат етумен байланысты жұмысты жүргiзедi;
      2) мемлекеттiк саясатты iске асыруды бақылау жөнiндегi функциялар:
      Қазақстан Республикасында жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнiндегi функцияларды iске асыруды қамтамасыз етедi;
      мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң, көлiк құралдарын пайдаланатын, оның iшiнде сенiмхат бойынша пайдаланатын адамдарды тiркеу мен есепке алудың, емтихандар қабылдаудың және көлiк құралдарын басқару және троллейбустар мен трамвайларды басқару құқығына куәлiктер берудiң ұйымдастырылуын бақылайды;
      көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушылардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi заңнамасында белгiленген көлiк құралдары иелерi мен жолаушылар тасымалдаушылардың мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттемелердi орындауын мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады;
      жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiн мемлекеттiк қадағалау мен бақылауды ұйымдастырады және орындауға мiндеттi нұсқамалар бередi.

      11. Өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшiн Комитеттiң заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер шығаруға;
      2) жол полициясы қызметiнiң мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу, жетiлдiру және iске асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      3) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан ақпарат сұратуға және алуға;
      4) кеңестер, семинарлар, конференциялар, оның iшiнде халықаралықтарды ұйымдастыруға және өткiзуге;
      5) Комитет жанынан жұмыс топтарын құруға, сондай-ақ жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн ғалымдар мен мамандарды, оның iшiнде шетелдiктердi тартуға;
      6) жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласына қатысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар өткiзетiн отырыстар мен кеңестерге қатысуға құқығы бар.

  3. Комитеттiң мүлкi

      12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.

      13. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      14. Комитеттің өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңнамалық кесiмдерде белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Комитет төрағасының заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      Комитет төрағасы орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      16. Төраға Комитеттiң қызметiн ұйымдастырады және басшылық жасайды, әрi Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауаптылықта болады, сондай-ақ аумақтық iшкi iстер органдарының құрылымдық бөлiмшелерiн жедел басқаруды жүзеге асырады.

      17. Осы мақсаттарда Комитет төрағасы:
      1) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен өзге де ұйымдарында және халықаралық қатынастарда Комитеттi бiлдiредi;
      2) өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн белгiлейдi;
      3) заңнамаға және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi бекiтетiн лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, еңбек шарттарын жасасады, өзгертедi және бұзады, аумақтық iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiнiң басшылығын қызметке тағайындауға және босатуға келiсiм бередi;
      4) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      5) белгiленген тәртiппен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету мәселелерiн шешедi және тәртiптiк жазаға тартады;
      6) өз құзыретi шегiнде Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық iшкi iстер органдары орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады;
      7) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi арасында тәрбие жұмысын, олардың тәртiптi, заңдылықты және құпиялылық режимiн сақтауын ұйымдастырады;
      8) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен өтiнiштердi қарайды, олар бойынша шешiмдер қабылдайды, тәртiп пен заңдылықты бұзу фактiлерi бойынша қызметтiк тергеулер жүргiзедi;
      9) белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiбередi;
      10) Комитеттiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.

  5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      18. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 21 сәуірдегі
N 313 қаулысымен 
бекiтілген  

  Қазақстан Республикасы IIМ 
Жол полициясы комитетiнiң
құрылымы

      1. Басшылық
      2. Әкiмшiлiк басқарма
      3. Үйлестiру және құқықтық жұмыс басқармасы
      4. Жол-патрульдiк қызмет басқармасы
      5. Мемлекеттік автомобиль инспекциясы басқармасы