Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 N 417 қаулысымен.
"Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Мамандығы бойынша жұмысқа кiрген кезде бүкiл жұмыс кезеңiнде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылатын ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 17 сәуiрдегi
N 289 қаулысымен
бекiтiлген
Мамандығы бойынша жұмысқа кiрген кезде бүкiл жұмыс кезеңiнде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылатын ұйымдардың тiзбесi
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.04 N 1172, 2010.11.05 N 1163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
Мынадай ұйымдарға жұмысқа кiрген азаматтарды бүкiл жұмыс кезеңiнде әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылады:
1) мынадай мамандықтар бойынша көмiр өнеркәсiбi:
жер асты жұмыстарындағы тау-кен жұмысшысы;
жер асты тау-кен қазбаларының бекiтушiсi;
тау-кен электромеханикалық жабдық шеберi;
машинист (барлық атаулардағы);
көтергiш көлiк жабдығын монтаждаушы;
2) мынадай мамандықтар бойынша тау-кен, металлургия өнеркәсiбi:
аппаратшы (барлық атаулардағы);
бұрғылаушы (барлық атаулардағы);
айналмасоғушы (барлық атаулардағы);
газшы (барлық атаулардағы);
домна пешiнiң көрiкшiсi;
жер асты жұмыстарындағы тау-кен жұмысшысы;
инженер (барлық атаулардағы);
металлургия өндiрiсiндегi бақылаушы;
жер асты тау-кен қазбаларының бекiтушiсi;
зертханашы (барлық атаулардағы);
ыстық немесе электрлi әдiспен қалайылаушы;
машинист (барлық атаулардағы);
оператор (барлық атаулардағы);
болат қорытушының көмекшiсi;
престеушi;
бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жөнiндегi слесарь;
болат балқытушы;
көтергiш көлiк жабдығын монтаждаушы;
жабдықтарды жөндеу жөнiндегi электрослесарь;
3) мынадай мамандықтар бойынша мұнай өңдеу, мұнай-химия, химия өнеркәсiбi:
жабдық шеберi (барлық атаулардағы);
машинист (барлық атаулардағы);
техникалық жабдықты монтаждаушы;
оператор (барлық атаулардағы);
технологиялық қондырғыларды жөндеу және оған қызмет көрсету жөнiндегi слесарь;
техник-механик (барлық атаулардағы);
техник-технолог (барлық атаулардағы);
техник-электромеханик (барлық атаулардағы);
4) мынадай мамандықтар бойынша теңіз флоты, азаматтық авиация және темір жол көлігі:
авиациялық аспаптар слесарь-механигі;
авиациялық қозғалтқыштардың техникалық қамтамасыз етілуін басқару жөніндегі инженер;
авиациялық техниканы жөндеу жөніндегі слесарь;
авиациялық техниканы электромонтаждаушы;
аэронавигациялық және радиоэлектрондық жабдық инженері;
аэронавигациялық және радиоэлектрондық жабдыққа техникалық қызмет көрсету жөніндегі бақылаушы инженер;
аэронавигациялық және радиоэлектрондық жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді басқару жөніндегі инженер;
әуе кемесінің командирі;
екінші ұшқыш;
жер үсті жабдығы жөніндегі механик;
жолаушылар салонын жабдықтау жөніндегі инженер;
жолаушылар салонын жабдықтау жөніндегі инженер-супервайзер;
жолаушылар салонын жабдықтау жөніндегі механик;
жолаушылар салондарының жабдығын техникалық қамтамасыз етуді басқару жөніндегі инженер;
жоспарлау жөніндегі кіші инженер;
инженер;
кеме жүргізушілері;
кемелердің кеме жасаушысы-кеме жөндеушісі;
кеме құбыржолшысы;
кеме механиктері;
кеме слесарь-механигі;
кеме электромеханиктері;
кеме электр-радио монтаждаушысы;
кіші инженер;
локомотив машинисінің көмекшісі;
механик;
сенімділік жөніндегі инженер;
техникалық қызмет көрсету жөніндегі бақылаушы инженер;
техникалық қызмет көрсету жөніндегі жетекші бақылаушы инженер;
техникалық сервис бөлімінің жетекші инженері;
ұшу аппараттары мен қозғалтқыштар инженері;
ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженер;
ұшу аппараттарына техникалық қызмет көрсетуді басқару жөніндегі инженер;
үйлестіруші инженер;
цех инженері;
электр жабдықтарын сынау және жөндеу жөніндегі электромеханик;
электропоезд және локомотив машинисі;
5) мынадай мамандықтар бойынша атом энергиясын пайдалану саласында:
мөлшерлеушi;
инженер (барлық атаулардағы);
зертханашы (барлық атаулардағы);
шебер (шебердiң көмекшiсi);
машинист (барлық атаулардағы);
механик;
оператор (барлық атаулардағы);
техник-монтаждаушы;
техник-жылу технигi;
техник-электрик;
техник-энергетик;
электрмен, газбен пiсiрушi (барлық атаулардағы);
электромеханик (барлық атаулардағы);
электромонтер (барлық атаулардағы);
электрослесарь (барлық атаулардағы);
6) ғарыш саласында, оның ішінде "Байқоңыр" кешенінде мынадай біліктіліктер бойынша:
инженер (барлық атаулардағы);
лаборант (барлық атаулардағы);
шебер (барлық атаулардағы);
машинист (барлық атаулардағы);
механик (барлық атаулардағы);
монтажник (барлық атаулардағы);
оператор (барлық атаулардағы);
слесарь (барлық атаулардағы);
техник (барлық атаулардағы).
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 17 сәуірдегі
N 289 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесі
1. "Қазақстан Республикасының мерзiмдi әскери қызметке шақырудан кейiнге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 41, 480-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 мамырдағы N 553 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 23, 239-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 24 шiлдедегi N 1017 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 26, 295-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 қыркүйектегi N 1085 қаулысы Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 36, 344-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 қаңтардағы N 9 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 1-2, 3-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 мамырдағы N 642 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 18, 227-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 маусымдағы N 896 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 24-25, 309-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 тамыздағы N 829 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 34, 339-құжат).