Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 289 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № 1163 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 417 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 21-22, 209-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев