Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі N 289 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы N 1172 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 417 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 N 417 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Мамандығы бойынша жұмысқа кірген кезде бүкіл жұмыс кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі N 289  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 14, 128-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген мамандығы бойынша жұмысқа кірген кезде бүкіл жұмыс кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылатын ұйымдардың тізбесінде:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) ғарыш саласында, оның ішінде "Байқоңыр" кешенінде мынадай біліктіліктер бойынша:
      инженер (барлық атаулардағы);
      лаборант (барлық атаулардағы);
      шебер (барлық атаулардағы);
      машинист (барлық атаулардағы);
      механик (барлық атаулардағы);
      монтажник (барлық атаулардағы);
      оператор (барлық атаулардағы);
      слесарь (барлық атаулардағы);
      техник (барлық атаулардағы).".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі