Мамандығы бойынша жұмысқа кiрген кезде бүкiл жұмыс кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылатын ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі N 289 Қаулысы

Жаңартылған

      "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының  27-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Мамандығы бойынша жұмысқа кiрген кезде бүкiл жұмыс кезеңiнде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылатын ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 17 сәуiрдегi 
N 289 қаулысымен    
бекiтiлген    

Мамандығы бойынша жұмысқа кiрген кезде бүкiл жұмыс кезеңiнде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылатын ұйымдардың тiзбесi

      Мынадай ұйымдарға жұмысқа кiрген азаматтарды бүкiл жұмыс кезеңiнде әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылады:
      1) мынадай мамандықтар бойынша көмiр өнеркәсiбi:
      жер асты жұмыстарындағы тау-кен жұмысшысы;
      жер асты тау-кен қазбаларының бекiтушiсi;
      тау-кен электромеханикалық жабдық шеберi;
      машинист (барлық атаулардағы);
      көтергiш көлiк жабдығын монтаждаушы;
      2) мынадай мамандықтар бойынша тау-кен, металлургия өнеркәсiбi:
      аппаратшы (барлық атаулардағы);
      бұрғылаушы (барлық атаулардағы);
      айналмасоғушы (барлық атаулардағы);
      газшы (барлық атаулардағы);
      домна пешiнiң көрiкшiсi;
      жер асты жұмыстарындағы тау-кен жұмысшысы;
      инженер (барлық атаулардағы);
      металлургия өндiрiсiндегi бақылаушы;
      жер асты тау-кен қазбаларының бекiтушiсi;
      зертханашы (барлық атаулардағы);
      ыстық немесе электрлi әдiспен қалайылаушы;
      машинист (барлық атаулардағы);
      оператор (барлық атаулардағы);
      болат қорытушының көмекшiсi;
      престеушi;
      бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жөнiндегi слесарь;
      болат балқытушы;
      көтергiш көлiк жабдығын монтаждаушы;
      жабдықтарды жөндеу жөнiндегi электрослесарь;
      3) мынадай мамандықтар бойынша мұнай өңдеу, мұнай-химия, химия өнеркәсiбi:
      жабдық шеберi (барлық атаулардағы);
      машинист (барлық атаулардағы);
      техникалық жабдықты монтаждаушы;
      оператор (барлық атаулардағы);
      технологиялық қондырғыларды жөндеу және оған қызмет көрсету жөнiндегi слесарь;
      техник-механик (барлық атаулардағы);
      техник-технолог (барлық атаулардағы);
      техник-электромеханик (барлық атаулардағы);
      4) мынадай мамандықтар бойынша теңiз флоты, азаматтық авиация және темiр жол көлiгi:
      электропоезд және локомотив машинисi;
      локомотив машинисiнiң көмекшiсi;
      кеме слесарь-механигi;
      авиациялық аспаптар слесарь-механигi;
      авиациялық техниканы жөндеу жөнiндегi слесарь;
      кемелердiң кеме жасаушысы-кеме жөндеушiсi;
      кеме құбыржолшысы;
      авиациялық техниканы электромонтаждаушы;
      электр жабдықтарын сынау және жөндеу жөнiндегi электромеханик;
      кеменiң электррадио монтаждаушысы;
      5) мынадай мамандықтар бойынша атом энергиясын пайдалану саласында:
      мөлшерлеушi;
      инженер (барлық атаулардағы);
      зертханашы (барлық атаулардағы);
      шебер (шебердiң көмекшiсi);
      машинист (барлық атаулардағы);
      механик;
      оператор (барлық атаулардағы);
      техник-монтаждаушы;
      техник-жылу технигi;
      техник-электрик;
      техник-энергетик;
      электрмен, газбен пiсiрушi (барлық атаулардағы);
      электромеханик (барлық атаулардағы);
      электромонтер (барлық атаулардағы);
      электрослесарь (барлық атаулардағы);
      6) ғарыш саласында, оның ішінде "Байқоңыр" кешенінде мынадай біліктіліктер бойынша:
      инженер (барлық атаулардағы);
      лаборант (барлық атаулардағы);
      шебер (барлық атаулардағы);
      машинист (барлық атаулардағы);
      механик (барлық атаулардағы);
      монтажник (барлық атаулардағы);
      оператор (барлық атаулардағы);
      слесарь (барлық атаулардағы);
      техник (барлық атаулардағы).
       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.04.  N 1172  (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 17 сәуірдегі 
N 289 қаулысына     
қосымша      

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесі

      1. "Қазақстан Республикасының мерзiмдi әскери қызметке шақырудан кейiнге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 41, 480-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 мамырдағы N 553 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 23, 239-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 24 шiлдедегi N 1017 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 26, 295-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 қыркүйектегi N 1085  қаулысы Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 36, 344-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 қаңтардағы N 9  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 1-2, 3-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 мамырдағы N 642  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 18, 227-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 маусымдағы N 896  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 24-25, 309-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 тамыздағы N 829  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 34, 339-құжат).