Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулыларында және нормативтік қаулыларында берілген түсіндірмелерді қылмыстардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын қарастыратын қылмыстық заңдарға енгізілген өзгерістерге және толықтыруларға сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы,
қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 7 "Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы" (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 11 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Өзіне және өзге тұлғаға материалдық пайда (мүліктік құқықтарды, тұрғын үйге құқықтарды, үшінші тұлғалардан сыйақы алу және тағы сол сияқты) келтіру мақсатымен немесе материалдық шығындардан (мүлікті, ақшаны қайтару, қызмет көрсетуді төлеу, алименттерді төлеу, материалдық міндеттемелерді орындау және төлемдерді өтеу және тағы сол сияқты) құтылу мақсатымен жасалған қасақана кісі өлтіру ҚК
96-бабы
екінші бөлігінің з) тармағы бойынша пайда табу мақсатымен жасалған әрекет ретінде саралануға жатады.
Сыйақы үшін қасақана кісі өлтірген кінәлінің әрекеттерін де жалданып кісі өлтіру ретінде ҚК
96-бабы
екінші бөлігінің з) тармағы бойынша, ал осындай кісі өлтіруді ұйымдастырған немесе орындаушыны сыйақыға кісі өлтіруге айдап салған тұлғаның әрекеттерін ҚК
28-бабының
үшінші немесе төртінші бөліктері және ҚК
96-бабы
екінші бөлігінің з) тармағы бойынша саралау керек.
Егер кінәлінің ниеті қарақшылық шабуыл жасауға бағытталса және осы қылмысты жасау және жәбірленушіге күш қолдану процесінде кінәлі оны қасақана өлтірсе, жасалған әрекет қылмыстардың жиынтығы ретінде ҚК
96-бабы
екінші бөлігінің з) тармағы және ҚК
179-бабының
тиісті бөлігі бойынша саралану қажет.
Қарақшылық шабуылдан немесе басқа қылмыстан кейін жасалған әрекетті жасыру мақсатымен қасақана құқыққа қарсы қаза келтіру жасалған әрекет үшін жауаптылық көзделген қылмыстық заң нормасы бойынша және ҚК
96-бабы
екінші бөлігінің к) тармағы бойынша саралануға жатады.
Басқа қылмысты жасауды жеңілдету мақсатымен қасақана қаза келтіру де өлтіру тәсіліне (күш қолдану, у беру және тағы басқа жолмен) қатыссыз ҚК
96-бабы
екінші бөлігінің к) тармағы және кісі өлтіргеннен кейін өзінің пиғылын жүзеге асыру мақсатында жасалған қылмыс үшін жауапкершілік көздейтін қылмыстық заңның нормасы бойынша саралануы керек.
Егер мүлікті иемдену ниеті қасақана кісі өлтіргеннен кейін туындаса және пайдакүнемдік ниет оны жасау себебі болмаса, онда кінәлінің жәбірленушіні өлтіргеннен кейін оның мүлкін алумен байланысты әрекеттері ҚК бөтен меншікке қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты көздейтін баптары бойынша, ал кісі өлтіруі - ҚК
96-бабының
саралаушы белгілерінің болуына байланысты тиісті бөлігі бойынша саралауға жатады.";
2) 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Соттарға бұзақылық ниетпен жасалған кісі өлтіруді жеке бас араздық салдарынан, дау-дамай немесе төбелес барысында жасалған кісі өлтіруден ажырата білген жөн. Бұл мәселені шешу кезінде кінәлі мен жәбірленушінің қарым-қатынасын, ұрыс пен төбелестің сылтауы мен себептерін, қақтығысты бастаушыны анықтап, екеуінің белсенділігі мен әрекеттерінің сипатын және басқа да жағдайларды ескеруі тиіс.
Қоғамды анық құрметтемеудің, моральдық және әдептілік нормаларын өрескел бұзудың салдарынан кісі өлтіру, егер кінәлінің әрекеті қоғамдық тәртіпті ашық бұзуға және өзін маңайындағы адамдарға қарсы қою, оларға қарағанда басымдылығын көрсету, оларға менсінбей қарау тілегінен туындаса, ҚК
96-бабы
екінші бөлігінің и) тармағы бойынша саралануы керек. Бұл көп жағдайда себепсіз немесе болмашы сылтауды кісі өлтіруге себеп ретінде пайдалану арқылы жасалады.
Егер бұзақылық ниетпен бір кісіні өлтіру кезінде кінәлі басқа тұлғалардың денсаулығына қасақана ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірсе, онда жасалған әрекеттерді тұтастай қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚК
96-бабы
екінші бөлігінің и) тармағы және денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын көздейтін ҚК баптарының тиісті бөліктері бойынша саралаған жөн.
Бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге дейін және одан кейін жасалған бұзақылық әрекеттер онымен бір ниетпен байланысты болмаса, ҚК
257-бабының
тиісті бөлігі бойынша дербес саралануы тиіс.
Қасақана кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiру, егер олардың жасалуына қызғаныш, кек, бас араздық және басқа да ниеттер себеп болса, тек қана қоғамдық орында немесе бөтен азаматтардың көзінше жасалуына байланысты бұзақылық ниетпен жасалған деп санауға болмайды.";
3) 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Зорлаумен немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен ұштастырылған кісі өлтіру деп сол қылмыстарды жасауға оқталу немесе жасау барысында жәбірленушіге қасақана қаза келтіруді түсіну керек.
Зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасау үстінде немесе көрсетілген қылмыстарды жасауға оқталу кезінде немесе зорлап жыныстық қатынас жасау, нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері аяқталғаннан кейін жасалған әрекеттерді жасыру не көрсетілген қарсылық үшін кек алу мақсатында жәбірленушіге құқыққа қарсы қаза келтіру ҚК
96-бабы
екінші бөлігінің к) тармағы бойынша және ҚК
120
немесе ҚК
121-баптарының
тиісті бөліктері бойынша саралануы керек. Қылмыстық процесті жүргізуші орган кінәлілердің көрсетілген әрекеттерін саралау кезінде іс бойынша анықталған ҚК 96-бабы екінші бөлігінің к) тармағында, сондай-ақ ҚК
96-бабы
екінші бөлігінің басқа тиісті тармақтарында және ҚК
120
немесе ҚК
121-баптарының
тиісті бөліктерінде көзделген барлық саралаушы белгілерін көрсетуі тиіс.
Зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасау үстінде немесе көрсетілген қылмыстарға оқталу кезінде жәбірленушінің денсаулығына жеңіл немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру ҚК
120
, ҚК
121-баптарының
диспозициясымен қамтылады және қосымша саралауды талап етпейді.
Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 875/1 бұйрығымен бекітілген Сот-медициналық сараптама өндірісін ұйымдастырудың
ережесіне
сәйкес, алынған сараптама қорытындысы негізінде анықталады.";
4) 14-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер тұлға бірнеше кісіні өлтірсе және олардың ешқайсысы үшін сотталмаған болса, онда әрекеттердің барлығы ҚК
11-бабы
бесінші бөлігінің талаптарына сәйкес ҚК
96-бабы
екінші бөлігінің н) тармағымен (негіздер болса, басқа да тиісті тармақтары бойынша) саралануға жатады. Сонымен қатар уақыты бойынша бірінші жасалған кісі өлтіру ҚК
96-бабы
бірінші немесе екінші бөлігі бойынша дербес саралауды талап етпейді.
Екі немесе одан да көп кісілерді өлтіру бірнеше кісіге қаза келтіруге бағытталған біртұтас ниетпен жасалса, қылмыстар жиынтығын құрамайды және ҚК
96-бабы
екінші бөлігінің а) тармағы бойынша саралануға жатады.
Кісі өлтірген және кісі өлтіруге оқталған жағдайда кінәлінің әрекеті қылмыстар жиынтығы ретінде саралануға жатады.".
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 23 сәуірдегі N 1 "Әйелді зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2) 2-тармақтың екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Зорлау, нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасау немесе оларды жасауға оқталу кезінде жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру әрекеттері ҚК
120
немесе ҚК
121-баптарының
диспозициясымен қамтылады және қосымша саралауды талап етпейді.
Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 875/1 бұйрығымен бекітілген Сот-медициналық сараптама өндірісін ұйымдастырудың
ережесіне
сәйкес алынған сараптама қорытындысы негізінде анықталады.
Зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасау барысында немесе аталған қылмыстарды жасауға оқталу кезінде не болмаса зорлап жыныстық қатынасын жасау, нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері аяқталғаннан кейін жасалған қылмысты жасыру немесе көрсетілген қарсылық үшін кек алу мақсатында жәбірленушіге құқыққа қарсы қасақана қаза келтіруді қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚК
96-бабы
екінші бөлігінің к) тармағы және ҚК
120
немесе
121-баптарының
тиісті бөліктері бойынша саралаған жөн.
Қылмыстық процесті жүргізуші орган кінәлілердің көрсетілген әрекеттерін саралаған кезде ҚК
96-бабы
екінші бөлігінің к) тармағында және басқа да тармақтарында және ҚК
120
немесе ҚК
121-баптарының
тиісті бөліктерінде көзделген барлық саралау белгілерін көрсетуі тиіс";
3) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жәбірленушілерге абайсызда қаза келтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру (оның ішінде жәбірленушілер таңдап алған қылмыстан қорғану тәсілі нәтижесінде, мысалы: биік ғимараттардан, жүріп бара жатқан көліктен немесе поездан секіру кезінде алған), ВИЧ/ЖҚТБ жұқтыру, сондай-ақ басқа да ауыр салдарлардың орын алуы, ҚК
120
немесе ҚК
121-бабының
тиісінше үшінші бөлігімен қамтылады және қосымша саралауды талап етпейді.";
4) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолданып әрекеттерін жасау барысында көрсетілген қарсылықты басып тастау мақсатында қорқыту деп кінәлінің жәбірленушіні оның өзіне немесе жақындарына күш қолданатын пиғылының шынайылығын білдіретін сөздермен немесе әрекеттермен қорқытуын түсіну керек. Қорқыту ҚК
120
және ҚК
121-баптарының
диспозициясында көрсетілген зорлау, нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерінің қажетті элементтерінің бірі болғандықтан ҚК
112-бабы
бойынша қосымша саралауды талап етпейді.
Өлтірумен, денсаулыққа ауыр зиян келтірумен, сондай-ақ тұлғаға басқа ауыр күш қолданумен немесе мүлкін өртеумен жою, жарылыс жасаумен немесе өзге де жалпыға қауіпті тәсілмен қорқыту, егер олар зорлаудан немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасаудан кейін, мысалы, жәбірленушіні қорқыту немесе орын алған жағдай жайында арызбен жүгінуге жол бермеу мақсатында жасалса және мұндай қорқытушылық орындалады деп сескенуге жеткілікті негіз болса, ҚК
112-бабы
бойынша дербес саралануға, ал жасалған әрекет тұтастай көрсетілген қылмыстық нормамен және ҚК
120
немесе ҚК
121-баптарының
тиісті бөлігінің жиынтығы бойынша саралануға жатады.";
5) 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. ҚК
120-бабы
екінші бөлігінің г) тармағында немесе ҚК
121-бабы
екінші бөлігінде көрсетілген белгілері бойынша жауаптылыққа бұрын жасалған зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері үшін сотталғандығы заңда көрсетілген тәртіппен алынбаған немесе жойылмаған, сондай-ақ соңғы зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасаған кезде уақыты бойынша бұрын жасалған зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері үшін қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімдері өтпеген тұлғалар тартылады. Сонымен қатар, зорлауды немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін бірнеше рет қайталану деп тану үшін кінәлінің бұрын аяқталған қылмыс жасағандығы немесе оған оқталғандығы, сондай-ақ ол орындаушы немесе қылмыстың қатысушысы болғаны маңызды емес.
Егер кінәлі адам болмашы уақыт аралығында белгілі бір жәбірленушілерге қатысты бірнеше жыныстық қатынас немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасау кезінде бір ниетпен әрекет етсе, қылмысты жалғаспалы деп тану қажет және мұндай жағдайда бір жәбірленушімен күш қолданып бірнеше жыныстық қатынас немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасау бірнеше рет жасалуды құрамайды.
Жауаптылық ҚК
120
немесе ҚК
121-баптарының
бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, екі немесе одан да көп зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері жасалған кезде, бұл әрекеттер ҚК
11-бабы
бесінші бөлігінің талаптарына сәйкес, ҚК
120-бабы
екінші бөлігінің г) тармағы (негіздер болған кезде басқа да тиісті тармақтарымен) немесе ҚК 121-бабы бойынша саралануға жатады.
Зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері жасалған кезде, ал басқасында - зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері аяқталған болса немесе бір қылмысты жасаған кезде кінәлі оны орындаушы, ал басқа қылмыстарды жасау кезінде - ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесуші болса, кінәлінің әрекеттері қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануы тиіс.".
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәуірдегі N 6 "Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстары және оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы" (2003 жылғы 11 шілдедегі N 4 нормативтік қаулымен енгізілген өзгерістерімен бірге) нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. ҚК
13-бабының
төртінші бөлігіне сәйкес кәмелеттік жасқа толмай тұрып жасалған ұрлық үшін бұрынғы соттылықтар, қылмыстың қайталануын тану кезiнде, әрекеттерді бірнеше рет немесе екi немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған белгілері бойынша дәрежелеу кезінде ескерілмейтіні түсіндірілсін.".
4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі N 8 "Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" (2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 14 нормативтік қаулымен енгізілген өзгерістерімен бірге) нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 17-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"ҚК
13-бабының
төртінші бөлігіне сәйкес кәмелеттік жасқа толмай тұрып жасалған ұрлық үшін бұрынғы соттылықтар әрекеттерді бірнеше рет немесе екi немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған деген белгілері бойынша дәрежелеу
кезінде ескерілмейді.";
2) 19-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Алаяқтық кезінде алдау ауызша да жазбаша да болуы мүмкін. Алаяқтық кезінде жалған құжаттарды пайдалану алдаудың бір түрі болып табылады және бұл әрекеттер ҚК-нің
325-бабының
үшінші бөлігі бойынша қосымша дәрежелеуді қажет етпейді.";
3) 24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Қарақшылық шабуыл кезінде денсаулыққа ауыр зиян немесе абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру толығымен ҚК
179-бабының
сәйкесінше екінші бөлігімен немесе үшінші бөлігімен толық қамтылады, сондықтан ҚК
103-бабы
бойынша қосымша дәрежелеу
талап етілмейді.
Егер қарақшылық шабуыл барысында қолданылған күштің салдарынан кінәлі жәбірленушіге қасақана қаза келтірсе, онда жасалған әрекет қылмыстардың жиынтығы ретінде ҚК
179-бабының
тиісті бөліктері және
96-бабы
екінші бөлігінің з) тармағы бойынша дәрежеленуге жатады.
Кейіннен бөтеннің мүлкін ұрлауды жеңілдету мақсатымен жасалған қасақана кісі өлтіру ҚК
96-бабы
екінші бөлігінің к) тармағында және ҚК
175-бабының
тиісті бөлігінде көзделген қылмыстардың жиынтығын құрайды.";
5) 26-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"26. Кінәлі адам ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени жағынан құнды заттарды ұрлау, сондай-ақ бөтеннің өзге мүлкін ұрлау жасалса, жасалған әрекеттер тұтастай қылмыстардың жиынтығы бойынша - ҚК
180-бабының
тиісті бөлігімен және ұрлауды жасау тәсіліне байланысты ҚК тиісті баптары (
175
,
176
,
177
,
178
немесе
179-баптары
) бойынша дәрежеленуге жатады.".
5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 21 шілдедегі N 5 "Бұзақылық туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бұзақылық әрекет жасаған кезде денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру ҚК
257-бабы
бірінші бөлігінің диспозициясымен қамтылады және әрекетті ҚК
105-бабы
бойынша қосымша саралау талап етілмейді.
Егер ҚК
257-бабының
екінші бөлігінде және үшінші бөлігінде көрсетілген белгілерге жататын бұзақылық әрекеттер жасалған кезде денсаулыққа қасақана жеңіл немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілсе, әрекеттер қылмыстық заңның аталған нормаларымен қамтылады және ҚК
105
және ҚК
104-баптары
бойынша қосымша саралау талап етілмейді.
Жәбірленушіні бұзақылық ниетпен қасақана өлтіру немесе денсаулығына зиян келтіру оның салдары мен зиянның ауырлығына байланысты тиісінше ҚК
96-бабы
екінші бөлігінің и) тармағы немесе ҚК
103-бабы
екінші бөлігінің ж) тармағы не ҚК
104-бабы
екінші бөлігінің д) тармағы бойынша сараланады. Мұндай жағдайда кінәлінің әрекеттерін ҚК
257-бабы
бойынша қосымша саралауға тек ол жоғарыда көрсетілген қылмыстар құрамымен қамтылмайтын жеке дара бұзақылық құрамын құрайтын басқа әрекеттер жасаған кезде ғана болады.
Бұзақылық ниетпен жәбірленушіні өлтіргенге немесе денсаулығына зиян келтіргенге дейін, сондай-ақ ол әрекеттерден кейін жасалған бұзақылық әрекеттер аталған әрекеттермен бір ниетпен байланысты болмаса, барлық жағдайларда дербес саралануға жатады.".
6. Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының 1983 жылғы 23 қыркүйектегі N 11 "Автокөлік қылмыстары туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Белгілі бір тұлға әр уақытта жасаған ҚК
296-бабының
әртүрлі бөліктерінде көзделген бірнеше әрекет осы баптың тиісті бөлігі бойынша дербес саралауға жатады. Егер де көлік құралын басқаратын тұлға жолда жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу кезінде бір мезгілде бір жәбірленушілердің денсаулығына ауыр зиян келтірсе және бір немесе бірнеше тұлғаның абайсызда өліміне әкеліп соқтырса, онда әрекеттер тұтастай ҚК
296-бабының
неғұрлым ауыр зардаптардың келтірілуін қарастыратын бөлігі бойынша саралануға жатады. Осында, осы әрекетпен келтірілген онша ауыр емес зардаптар айып тағылғанда және үкімде көрсетілуі тиіс.
ҚК
296-бабымен
көзделген әрекетті жасаған кінәлі адам жол-көлік оқиғасы болған жерді тастап кетсе, оның әрекеттері қылмыстардың жиынтығы бойынша - ҚК
296-бабының
тиісті бөлігімен және ҚК
297-бабымен
саралануға жатады. Осында, кінәлі адам жол-көлік оқиғасы болған жерді тастап кеткені үшін ҚК
297-бабы
бойынша, аталған баптың ескертуінде көрсетілген жағдайлардан басқа, ҚК
296-бабында
көзделген келтірілген зардаптардың (денсаулыққа орташа ауыр немесе ауыр зиян келтіру, жәбірленушінің өлімі) сипатынан және оларды кінәлінің ұғынғанынан тәуелсіз жауаптылыққа тартылады.";
2) 7-тармақта:
г) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"г) егер жол-көлік оқиғасы нәтижесінде денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілген және жастығының, кәрілігінің, аурулығының немесе дәрменсіз күйінің салдарынан өзін сақтап қалуға шара қолдана алмайтын халдегі жәбірленуші ҚК
296-бабында
көзделген әрекетті жасаған тұлғамен көрінеу өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайда қалдырылса, онда қауіпті жағдайда қалдырылудың нәтижесінде абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе басқа да ауыр зардаптарға әкеліп соққан жағдайда, жасалған әрекет тұтастай ҚК
296-бабының
тиісті бөлігі, ҚК
297-бабы
және ҚК
119-бабының
екінші бөлігі бойынша саралануға жатады. Егер жол-көлік оқиғасының нәтижесінде денсаулыққа келтірілген зиянның жәбірленушілерге қауіп төндірмейтінін кінәлі адам көрінеу білсе немесе жәбірленуші жол-көлік оқиғасы болған жерде бірден өліп кетсе, онда жол-көлік оқиғасы болған жерді тастап кеткен жүргізушінің әрекеттерінде - қауіпті жағдайда қалдырудың құрамы болмайды.";
мынадай мазмұндағы и) тармақшасымен толықтырылсын:
"и) бір тұлғамен ҚК
298-бабының
бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер жасалса, әрбір қылмыс дербес саралануға жатады.".
7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі N 1 "Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы"
қаулысына
мынадай өзгеріс енгізілсін:
17-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын.
8. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысының
міндетін атқарушы