Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы N 110 Қаулысы

Жаңартылған

      "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы  Заңын , "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228  қаулысын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:
      1) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен зейнеткерлерге, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға;
      2) төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймағына жататын аумақтарда жұмыс iстейтiн (жұмыс iстемейтiн), тұратын, сондай-ақ 1949 жылдан бастап 1990 жыл кезеңiнде тұрған азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы (бұдан әрi - өтемақы) төлеудi қамтамасыз етсiн.

      3. "Қазақстан Халықтық жинақ банкi" акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша):
      1) 2006 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде аудандардың (қалалардың) әкiмдерiне:
      салымшының тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған күнiн, өтемақы сомасын көрсете отырып, өтемақы төлеу жүргiзiлмеген не iшiнара жүргiзiлген азаматтардың қолданыстағы теңгерiмнен тыс арнайы шоттарының тiзiлiмiн;
      салымшының тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған күнiн, төленген өтемақы сомасы мен күнiн көрсете отырып, өтемақы төлеу толық жүргiзiлген азаматтардың жабылған теңгерiмнен тыс арнайы шоттарының тiзiлiмiн берсiн;
      2) жергілiктi атқарушы органдарға олардың сұрау салуы бойынша азаматтарға өтемақы төленгенi туралы ақпарат ұсынсын.

      4. "Қазпочта" акционерлiк қоғамы (келісiм бойынша):
      1) 2006 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде өтемақы алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған күнiн, төленген өтемақы сомасын көрсете отырып, 1993 жылғы 1 қаңтардан бастап 2005 жылғы 31 желтоқсан кезеңiнде өтемақы төленгенi туралы қалалар мен аудандар бөлiнiсiндегi азаматтардың электронды және қағаз жеткiзгiштердегi тiзiмдерiн аудандардың (қалалардың) әкiмдерiне берсiн;
      2) жергiлiктi атқарушы органдарға олардың сұрау салуы бойынша азаматтарға өтемақы төленгенi туралы ақпарат ұсынсын.

      5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) әкiмдерi:
      1) арнайы комиссиялар құрсын және Ережеге сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты қамтамасыз етсiн;
      2) азаматтарға өтемақыны қайталап төлеу фактiлерiне жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдасын.

      6. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы 22 желтоқсандағы N 1788-ХII қаулысын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 мамырдағы N 431  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 18, 22-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 3 сәуiрдегi
N 397  қаулысымен  бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 10, 98-құжат);

      3) "Иондаушы сәулелендiру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 34  қаулысының  2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 1, 18-құжат).

      7. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 20 ақпандағы 
N 110 қаулысымен   
бекiтiлген       

  Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға
бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесi

      Осы Ереже Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды (бұдан әрi - азаматтар) тiркеудiң, ядролық сынақтар келтiрген залал үшiн оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы (бұдан әрi - өтемақы) төлеудiң тәртiбiн айқындайды.

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) уәкiлеттi мемлекеттiк орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган;
      2) өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган - уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi;
      3) өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым - өтемақы төлеудi жүзеге асыратын ұйым ("Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны);
      4) өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым - екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның лицензиясы бар ұйымдар;
      5) арнайы комиссиялар - Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу үшiн аудандар (қалалар) әкiмдерiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссиялар;
      6) азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты үйлестiруге арналған арнайы комиссиялар - Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты үйлестiру, даулы мәселелердi шешу үшiн облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссиялар.
      Арнайы комиссиялардың, азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты үйлестiруге арналған арнайы комиссиялардың жұмыс органы облыстар, Астана және Алматы қалалары, аудандар (қалалар) әкiмдерiнiң шешiмдерiмен айқындалады;
      7) iс қағазының макетi - азаматтың осы Ережеге  1-қосымшаға  сәйкес нысан бойынша өтiнiштi; жеке басын, тұратын жерiн куәландыратын құжаттарды, салық төлеушiнiң куәлiгiн, әлеуметтiк жеке код берiлгенi туралы уақытша куәлiктi, жинақ кiтапшасын немесе өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйыммен жасалған шартты, 1949 жылдан бастап 1965 жыл, 1966 жылдан бастап 1990 жыл кезеңдерiнде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру (жұмыс iстеу, әскери қызмет) фактiсi мен кезеңiн растайтын құжаттарды қамтитын өтемақы алуға арналған жеке iс-қағазының макетi.

  2. Азаматтарды тiркеудiң тәртiбi

      2. Іс қағазының макеттерiн қалыптастыру және 1949-1965,
1966-1990 жылдарда радиоактивтiк ластануға ұшыраған аумақтарда тұратын, тұрған, жұмыс iстеген немесе қызмет өткерген (оның iшiнде мерзiмдi) азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау үшiн меншiк нысандарына қарамастан, кәсiпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде комиссиялар құрылады.
      Комиссияның құрамына әкiмшiлiктiң, қызметкерлердiң және басқа да тұлғалардың өкiлдерi кiруi мүмкiн.
      3. Іс қағазының макеттерiн қалыптастыру:
      1) жұмыс iстейтiн азаматтарға (зейнеткерлерден басқа) - негiзгi жұмыс орны бойынша;
      2) зейнеткерлерге (жұмыс iстейтiн зейнеткерлердi қоса алғанда), мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға, жұмыс iстемейтiн азаматтарға - жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органдарында;
      3) iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң және басқа да әскери құралымдардың зейнеткерлерiне - зейнетақы тағайындалған жерi бойынша;
      4) медициналық-әлеуметтiк мекемелердiң, медициналық-әлеуметтiк ұйымдардың қамқорындағыларға - тиiстi мекемелердегi тұратын жерi бойынша;
      5) бас еркiнен айыру орындарында жазасын өтеп жүрген азаматтарға - еңбекпен түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiктерiнде жүргiзiледi.
      Iс қағазының макеттерi мен өтiнiштер осы Ережеге  2-қосымшаға  сәйкес нысан бойынша Азаматтардың өтiнiштерi мен iс қағазының макеттерiн тiркеу журналына тiркеледi.
      4. Мыналар тиiстi радиациялық қатер аймақтарында тұру фактiсiн және кезеңiн растайтын құжаттар болып табылуы мүмкiн:
      1) мұрағат анықтамалары, Халық депутаттары селолық, кенттiк (ауылдық) кеңесiнiң, тұрғын-үй-пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнiң, пәтер иелерi кооперативтерiнiң анықтамалары;
      2) еңбек кiтапшасы;
      3) оқу орнын бiтiргенi туралы диплом;
      4) әскери билет;
      5) туу туралы куәлiк, орта білiм туралы аттестат, негiзгi мектептi бiтiргенi туралы куәлiк;
      6) "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы  Заңында  (бұдан әрi - Заң) белгіленген тәртiппен берілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушiге берілетiн жеңiлдiктерге құқығын растайтын куәлiк.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.19.   880  (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Ұсынылатын анықтамалар фирмалық бланкілерде орындалуы немесе олардың тiркеу нөмiрi мен берілген күнi көрсетiлген бұрыштама мөртабаны болуы тиiс. Оларда оның негiзiнде анықтама беру жүргiзiлген құжат, берген ұйымның мөрiмен куәландырылған анықтамаға қол қойған адамның лауазымы, тегi және аты-жөнi көрсетiледi.
      6. Қарулы Күштерде, iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдарында қызмет өткерген, Семей ядролық сынақ полигоны аумағындағы ядролық жарылыстардың салдарларын жоюға қатысқан адамдар тиiстi анықтаманы қорғаныс, iшкi iстер, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң органдарынан алуына болады.
      7. Егер тұру фактiсi мен кезеңiн растайтын мұрағаттық және өзге де құжаттар сақталмаса, онда азамат өзiнiң ядролық сынақтар әсерiне ұшыраған аумақта тұрғанының заңды фактiсi мен кезеңiн анықтау туралы өтiнiшпен тұрғылықты жерi бойынша сотқа жүгiне алады.
      8. Шаруашылық кiтаптарына сәйкес берiлген мұрағат анықтамаларында күнi мен айы көрсетiлмей, тұрған жылы ғана көрсетiлген жағдайда, анықтамада көрсетiлген тұру кезеңi толығымен тұру жылына есептеледi.
      9. Кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң комиссиялары қалыптастырылған iс-қағаздарының макеттерiн құжаттар алынған күннен бастап бес күн iшiнде осы Ережеге  3-қосымшаға  сәйкес тiзiм бойынша арнайы комиссияларға жiбередi.
      Құжаттар арнайы комиссияларға түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады. Көшiрме мен түпнұсқаның сәйкестiгiн арнайы комиссияның уәкiлеттi мүшесi куәландырады.
      10. Іс қағаздарының макеттерi келiп түскен кезде арнайы комиссиялар жиырма күннен аспайтын мерзiмде:
      1) азаматтардың iс қағаздары макеттерiн осы Ережеге  4-қосымшаға  сәйкес бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы алу үшiн азаматтарды тiркеу журналына (бұдан әрi - Журнал) тiркеудi;
      2) iс қағазының макетi ресiмделген азаматқа өтемақының төлену (төленбеу) фактiсiн тексерудi:
      "Қазақстан Халықтық жинақ банкi" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Банк), "Қазпочта" акционерлiк қоғамының тiзiмдерiн (тiзiлiмдерiн) салыстырып тексерудi;
      қажет болған кезде Банкке немесе "Қазпочта" акционерлiк қоғамына азаматтарға өтемақы төленгенi туралы ақпарат сұратуды;
      аудандар (қалалар) әкiмдiктерiнiң 1993 жылдан бастап төлеу сәтiне дейiнгi кезең iшiнде өтемақы төлеуге арналған тiзiмдерiмен салыстырып тексерудi;
      3) осы Ережеге  5-қосымшаға  сәйкес нысан бойынша Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу (тiркеуден бас тарту) туралы шешiм (бұдан әрi - Шешiм) қабылдауды жүргiзедi.
      Азаматта өтiнiште көрсетiлген теңгерiмнен тыс және ағымдық шоттар болса, арнайы комиссия Шешiмде:
      Банктегi теңгерiмнен тыс арнайы шотты жабу қажеттiгi туралы көрсетедi және бұл мәлiметтердi тiзiм бойынша Банкке бередi;
      Азаматқа теңгерiмнен тыс арнайы шотқа есептелген сома туралы көрсетедi.
      10-1. Тексеру қорытындысы бойынша іс-қағаз макеті ресімделген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматқа өтемақы төлеу фактісі анықталған жағдайда, осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматты тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданады.
       Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.19.   880  (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. Қосымша сұрау салулар, тексерулер жүргiзу қажет болған жағдайларда, арнайы комиссиялардың iс қағаздарының макеттерiн қарау мерзiмiн оның төрағасы бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартуы мүмкiн.
      12. Арнайы комиссиялар Журнал деректерiнiң негiзiнде Шешiм қабылданған күннен бастап бес күн iшiнде  6-қосымшаға  сәйкес комиссияның төрағасы куәландырған тiзiмдердi жасайды, олар жеке iс қағаздары макеттерiмен және арнайы комиссиялардың Шешiмдерiмен бiрге өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiберiледi.
      13. Арнайы комиссиялар тiркемеген азаматтардың iс қағаздарының макеттерi олар Шешiм қабылдаған күннен бастап бес күннiң iшiнде қайтарылу себептерi мен арнайы комиссиялардың ұсынымдары көрсетiле отырып, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң комиссияларына тiзiм бойынша қайтарылады.
      14. Өтiнiш беруші арнайы комиссиялардың әрекеттерi мен Шешiмдерiне азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты үйлестiруге арналған арнайы комиссияларға не сот тәртiбiмен шағымдана алады.

  3. Өтемақыны тағайындаудың және төлеудiң тәртiбi

      15. Өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi келiп түскен iс қағаздары макеттерiн тиiстi журналға тiркейдi және осы Ережеге  7-қосымшаға  сәйкес нысанда бойынша Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын дайындайды.
      16. Өтемақы тағайындау үшiн өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын қоса бере отырып, iс қағаздарының макеттерiн олар алынған күннен бастап бес күннiң iшiнде өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның облыстар, Астана және Алматы қалалары филиалдары арқылы өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi. Өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларында теңгерiмнен тыс арнайы шотқа есептелген сома ескерiле отырып, төленетiн өтемақы сомасы көрсетiледi.
      17. Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушiлер деп танылған және арнайы комиссиялар тiркеген азаматтарға өтемақыны тағайындау "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңында  айқындалған радиациялық қатер аймақтары бойынша, оған қол қойылған сәттен бастап Қазақстан Республикасының аумақтық-әкiмшiлiк құрылымында болған өзгерiстерге қарамастан, Семей ядролық сынақ полигонының аумағында 1949 жылдан бастап 1965 жыл және 1966 жылдан бастап 1990 жыл кезеңiнде толық тұрған әр жыл үшiн жүргiзiледi.
      18. Өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар он күн iшiнде осы Ережеге  7-қосымшаға  сәйкес өтемақы тағайындау туралы шешiм қабылдайды және оларды iс қағаздарымен қоса өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның облыстар, Астана және Алматы қалалары филиалдары арқылы өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiбередi.
      19. Өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң негiзiнде өтемақы төлеуге арналған қаражат қажеттiлiгiн жасайды және оны өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның облыстық, Астана және Алматы қалалары филиалдарына ұсынады.
      Өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның облыстық, Астана және Алматы қалалары филиалдары жиынтық қажеттiлiктi уәкiлеттi мемлекеттiк органға ай сайын 25 күнге дейiн жiбередi.
      20. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган тиiстi жылға арналған мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары шегiнде ұсынылған қажеттiлiкке сәйкес өтемақы төлеуге арналып көзделген қаражатты бөледi және өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның шотына аударады.
      21. Өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым бөлiнген қаражатқа және төлеу тәртiбiне сәйкес облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлiнiсiнде өтемақы төлеу кестесiн жасайды.
      22. Өтемақыны төлеу өтемақы алушылардың таңдауы бойынша өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдардағы олардың жеке шоттарына қаражат аудару жолымен жүзеге асырылады.
      23. Төленген сомалар бойынша өтемақы төлеу және беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдардың арасында ай сайын салыстырып тексеру актiлерi жасалады.
      Өтемақы төлеу жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу өтемақы төлеу және беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдардың арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарттың негiзiнде жүргiзiледi.

                                              Семей ядролық сынақ
                                             полигонындағы ядролық
                                            сынақтардың салдарынан
                                           зардап шеккен азаматтарды
                                            тiркеу, оларға бiржолғы 
                                               мемлекеттiк ақшалай
                                             өтемақы төлеу ережесiне
                                                   1-қосымша

                                        Өтемақы тағайындау жөнiндегi
                                         уәкiлеттi органның басшысы
                                      _____________________________
                                      _____________________________
                                         мекен-жайы бойынша тұратын
                                      _____________________________
                                      _____________________________,
                                      жеке басын куәландыратын құжат
                                      СТН__________________________,
                                      жеке шоты N__________________,
                                      банктiң атауы________________

                              Өтiнiш

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шегушi ретiнде бiржолғы мемлекеттiк ақшалай
өтемақы (бұдан әрi - өтемақы) тағайындауды сұраймын.
      ____________жылдан__________жылды қоса алғанда________________
радиациялық әсер аймағының_____________аумағында тұрдым.
      Өтiнiшке жоғарыда көрсетiлген аумақтарда тұру фактiсiн
растайтын мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын:____________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Ұсынылған құжаттар үшiн толық жауапты боламын.
      1993 жылдан бастап қазiргi уақытқа дейiнгi кезеңде өтемақы
алған жоқпын (алған жағдайда алынған өтемақының сомасы көрсетiледi)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Күні ______________________    Қолы_________________________________
____________________________________________________________________
                        (кесу сызығы)

Азамат_______________________өтiнiшi қоса берiлген құжаттарымен
"__"____________200__жылы______данада қабылданды.

Қолы____________  __________________________________________________
                    (құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, Т.А.Ә.)

                                              Семей ядролық сынақ
                                             полигонындағы ядролық
                                            сынақтардың салдарынан
                                           зардап шеккен азаматтарды
                                            тiркеу, оларға бiржолғы 
                                               мемлекеттiк ақшалай
                                             өтемақы төлеу ережесiне
                                                   2-қосымша

     Азаматтардың өтiнiштерi мен iс қағаздарының макеттерiн
                          тiркеу журналы
____________________________________________________________________
                (кәсiпорынның, ұйымның, мекеменiң атауы)

Р/с
N

Өтiнiш
берушiнiң
Т.А.Ә.,
туған жылы

Мекен-жайы

Радиациялық қатер
аймағында тұруы

Ұсынылған
құжаттардың
тiзбесi (нөмiрiн,
күнiн және берудi
жүзеге асырған
органды көрсете
отырып)

жылдар

аймақтар

1

2

3

4

5

6

                                              Семей ядролық сынақ
                                             полигонындағы ядролық
                                            сынақтардың салдарынан
                                           зардап шеккен азаматтарды
                                            тiркеу, оларға бiржолғы
                                               мемлекеттiк ақшалай
                                             өтемақы төлеу ережесiне
                                                   3-қосымша

   Кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң комиссияларына
    _______________________________________________________,
            (кәсiпорынның, ұйымның, мекеменiң атауы)
             аудандық (қалалық) арнайы комиссияларға
     iс қағаздарының макетiн тапсырған азаматтардың тiзiмi

Р/с
N

Өтiнiш берушiнiң
Т.А.Ә.

Туған жылы

Тұратын жерi

Іс қағазын-
дағы парақ
саны

1

2

3

4

5

Берген:
Комиссияның төрағасы:_____________________
Комиссияның хатшысы:______________________

Күні ___________________________
М.О. (кәсiпорынның, ұйымның, мекеменiң)

Қабылдап алған:___________________________
Арнайы комиссияның хатшысы:_______________

Күні ___________________________
М.О.

                                              Семей ядролық сынақ
                                             полигонындағы ядролық
                                            сынақтардың салдарынан
                                           зардап шеккен азаматтарды
                                            тiркеу, оларға бiржолғы
                                               мемлекеттiк ақшалай
                                             өтемақы төлеу ережесiне
                                                   4-қосымша

         Бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы алу үшiн
                   азаматтарды тiркеу журналы

Р/с
N

Өтiнiш
берушiнiң
Т.А.Ә.

Өтiнiш
беру-
шінiң
туған
жылы

Радиациялық
қатер
аймақтарында
тұруы

Ұсынылған
құжаттардың
тiзбесi (нөмiрiн,
күнiн және
берудi жүзеге
асырған органды
көрсете отырып)

Арнайы
комис-
сияның
шешiмi

жылдар

ай-
мақтар

1

2

3

4

5

6

7

                                              Семей ядролық сынақ
                                             полигонындағы ядролық
                                            сынақтардың салдарынан
                                           зардап шеккен азаматтарды
                                            тiркеу, оларға бiржолғы
                                               мемлекеттiк ақшалай
                                             өтемақы төлеу ережесiне
                                                   5-қосымша

      ______________ауданы (қаласы) әкiмiнiң жанындағы
   _______________арнайы комиссияның Қазақстан Республикасының
      азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық
        сынақтардың салдарынан зардап шеккен деп тану
          (танудан бас тарту) туралы шешiмi
               N _____ хаттамаға, күнi___________

      1. Азамат_____________________________________________________
_____________бастап  ________________     дейiн  ___________________
радиациялық қатер аймағында;
___________бастап_____________дейiн________________радиациялық қатер
аймағында;
___________бастап_____________дейiн________________радиациялық қатер
аймағында тұрған кезеңi iшiнде Семей ядролық сынақ полигонындағы
ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушi деп саналсын.
      2. "Қазақстан Халық Банкi" АҚ-мен салыстырып тексеру
қорытындылары бойынша_______теңгерiмнен тыс шотты жабу қажет деп
санаймыз.
      3. Азамат_________________________:
      1) 1993 жылдан бастап осы уақытқа дейiнгi кезеңде өтемақы
төлеу жүргiзілген жоқ/жүргiзiлдi (қажеттiсiнiң астын сызу).
      _______________теңге___________тиын сомасында жүргiзiлген.
      2) _______________теңге___________тиын жалпы сомасында
теңгерiмнен тыс арнайы шотқа есептелген, бiрақ төленбеген.
      4. Азамат__________________________Семей ядролық сынақ
полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушi ретiнде
тiркеуден бас тартылсын.
      5. Қабылданған шешiм жөнiнде өтiнiш берушi хабардар етiлсiн.

      Комиссияның төрағасы______________________
      Комиссияның мүшелерi______________________

      Мөрдiң орны

                                              Семей ядролық сынақ
                                             полигонындағы ядролық
                                            сынақтардың салдарынан
                                           зардап шеккен азаматтарды
                                            тiркеу, оларға бiржолғы
                                               мемлекеттiк ақшалай
                                             өтемақы төлеу ережесiне
                                                   6-қосымша

____________________________________________________________________
                      (ауданның/қаланың атауы)
     арнайы комиссиялары iс қағаздарының макеттерiн өтемақы
          төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық
     (қалалық) бөлiмшелерiне жолдайтын азаматтардың тiзiмi

Р/с
N

Өтiнiш иесiнiң
Т.А.Ә.

Туған
жылы

Тұратын жерi

Іс қағазындағы
парақтардың саны

1

2

3

4

5

Берген:
Арнайы комиссияның төрағасы:______________
Арнайы комиссияның хатшысы:_______________
Күнi:______________
М.О.

Қабылдаған:____________________
Мөртаңбаның орны
Өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның
аудандық (қалалық) бөлiмшесiнiң бастығы:____________
Маман:__________________
Күнi:___________________

                                              Семей ядролық сынақ
                                             полигонындағы ядролық
                                            сынақтардың салдарынан
                                           зардап шеккен азаматтарды
                                            тiркеу, оларға бiржолғы 
                                               мемлекеттiк ақшалай
                                             өтемақы төлеу ережесiне
                                                   7-қосымша

     Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың
   салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк
            ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiм

  N___                                       200__ж."__"___________

         _________________________________________________
           (өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган)

Азамат________________________________________________
            (тегi, аты, әкесiнiң аты)
Жынысы ______________    туған күнi "__"__________ _____________жыл

      1. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының  12-бабына  сәйкес:
______________радиациялық қатер аймағында 19__ж. бастап 19__ж. дейiн
тұрған кезеңi үшiн теңге сомасында;
______________радиациялық қатер аймағында 19__ж. бастап 19__ж. дейiн
тұрған кезеңi үшiн ________________теңге сомасында;
______________радиациялық қатер аймағында 19__ж. бастап 19__ж. дейiн
тұрған кезеңi үшiн ________________теңге сомасында;
______________радиациялық қатер аймағында 19__ж. бастап 19__ж. дейiн
тұрған кезеңi үшiн______________теңге сомасында бiржолғы ақшалай
өтемақы (бұдан әрi - өтемақы) тағайындалсын.
      Есептелген соманың жиыны:__________теңге_________тиын.
      Теңгерiмнен тыс арнайы шотқа есептелген соманың жиыны:
_______________теңге___________тиын.
      Өтiнiш берушi алған соманың жиыны (теңгерiмнен тыс арнайы
шоттағы соманы ескергенде):_______________теңге___________тиын.
      Төленетiн соманың жиыны:_______________теңге___________тиын.
      2. Айлық есептiк көрсеткiштiң өзгеруiне байланысты___________
сомасында өтемақы тағайындалсын.
      3. ______________________өтемақы тағайындаудан бас тартылсын.
         (бас тарту негiздемесi)

М.О.
Өтемақы тағайындау жөнiндегi
уәкiлеттi органның басшысы:_______________________
                                   (Т.А.Ә.)

Бөлiм бастығы:____________________________
                       (Т.А.Ә.)
 
Тағайындау жөнiндегi маман:_______________________
                                    (Т.А.Ә.)