"2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 Қаулысы

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы  N 1400  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 14-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлері мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлері лауазымдарының санаттар бойынша тізілімінде:
      F санатының тобы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы.".

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі