Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы N 110 Қаулысы

Жаңартылған

      "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын , 2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 15-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.29. N 1319 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      1. Қоса берiлiп отырған Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:
      1) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен зейнеткерлерге, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға;
      2) жұмыс iстейтiн және жұмыс iстемейтiн, 1949 жылдан бастап 1990 жыл кезеңiнде радиациялық қатер аймақтарында және жеңiлдетiлген әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақта тұратын және тұрған азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы (бұдан әрi - өтемақы) төлеудi қамтамасыз етсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.29. N 1319 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      3. "Қазақстан Халықтық жинақ банкi" акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша):
      1) 2006 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде аудандардың (қалалардың) әкiмдерiне:
      салымшының тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған күнiн, өтемақы сомасын көрсете отырып, өтемақы төлеу жүргiзiлмеген не iшiнара жүргiзiлген азаматтардың қолданыстағы теңгерiмнен тыс арнайы шоттарының тiзiлiмiн;
      салымшының тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған күнiн, төленген өтемақы сомасы мен күнiн көрсете отырып, өтемақы төлеу толық жүргiзiлген азаматтардың жабылған теңгерiмнен тыс арнайы шоттарының тiзiлiмiн берсiн;
      2) жергілiктi атқарушы органдарға олардың сұрау салуы бойынша азаматтарға өтемақы төленгенi туралы ақпарат ұсынсын.

      4. "Қазпочта" акционерлiк қоғамы (келісiм бойынша):
      1) 2006 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде өтемақы алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған күнiн, төленген өтемақы сомасын көрсете отырып, 1993 жылғы 1 қаңтардан бастап 2005 жылғы 31 желтоқсан кезеңiнде өтемақы төленгенi туралы қалалар мен аудандар бөлiнiсiндегi азаматтардың электронды және қағаз жеткiзгiштердегi тiзiмдерiн аудандардың (қалалардың) әкiмдерiне берсiн;
      2) жергiлiктi атқарушы органдарға олардың сұрау салуы бойынша азаматтарға өтемақы төленгенi туралы ақпарат ұсынсын.

      5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) әкiмдерi:
      1) арнайы комиссиялар құрсын және Ережеге сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты қамтамасыз етсiн;
      2) азаматтарға өтемақыны қайталап төлеу фактiлерiне жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдасын.

      6. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы 22 желтоқсандағы N 1788-ХII қаулысын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 мамырдағы N 431 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 18, 22-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 3 сәуiрдегi
N 397 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 10, 98-құжат);

      3) "Иондаушы сәулелендiру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 34 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 1, 18-құжат).

      7. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 20 ақпандағы
N 110 қаулысымен  
бекiтiлген      

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға
бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесi

      Осы Ереже Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды (бұдан әрi - азаматтар) тiркеудiң, ядролық сынақтар келтiрген залал үшiн оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы (бұдан әрi - өтемақы) төлеудiң тәртiбiн айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізіледі - ҚР Үкіметінің 2007.04.30. N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) уәкiлеттi мемлекеттiк орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган;
      2) өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган - уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi;
      3) өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым - өтемақы төлеудi жүзеге асыратын ұйым ("Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны);
      4) өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым - екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның лицензиясы бар ұйымдар;
      5) арнайы комиссиялар - Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу үшiн аудандар (қалалар) әкiмдерiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссиялар;
      6) азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты үйлестiруге арналған арнайы комиссиялар - Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты үйлестiру, даулы мәселелердi шешу үшiн облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссиялар.
      Арнайы комиссиялардың, азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты үйлестiруге арналған арнайы комиссиялардың жұмыс органы облыстар, Астана және Алматы қалалары, аудандар (қалалар) әкiмдерiнiң шешiмдерiмен айқындалады;
      7) iс қағазының макетi - азаматтың осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi; жеке басын, тұратын жерiн куәландыратын құжаттарды, салық төлеушiнiң куәлiгiн, әлеуметтiк жеке код берiлгенi туралы уақытша куәлiктi, жинақ кiтапшасын немесе өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйыммен жасалған шартты, 1949 жылдан бастап 1965 жыл, 1966 жылдан бастап 1990 жыл кезеңдерiнде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру (жұмыс iстеу, әскери қызмет) фактiсi мен кезеңiн растайтын құжаттарды қамтитын өтемақы алуға арналған жеке iс-қағазының макетi.

2. Азаматтарды тiркеудiң тәртiбi

      2. Іс қағазының макеттерiн қалыптастыру және 1949-1965,
1966-1990 жылдарда радиоактивтiк ластануға ұшыраған аумақтарда тұратын, тұрған, жұмыс iстеген немесе қызмет өткерген (оның iшiнде мерзiмдi) азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау үшiн меншiк нысандарына қарамастан, кәсiпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде комиссиялар құрылады.
      Комиссияның құрамына әкiмшiлiктiң, қызметкерлердiң және басқа да тұлғалардың өкiлдерi кiруi мүмкiн.
      3. Іс қағазының макеттерiн қалыптастыру:
      1) жұмыс iстейтiн азаматтарға (зейнеткерлерден басқа) - негiзгi жұмыс орны бойынша;
      2) зейнеткерлерге (жұмыс iстейтiн зейнеткерлердi қоса алғанда), мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға, жұмыс iстемейтiн азаматтарға - жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органдарында;
      3) iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң және басқа да әскери құралымдардың зейнеткерлерiне - зейнетақы тағайындалған жерi бойынша;
      4) медициналық-әлеуметтiк мекемелердiң, медициналық-әлеуметтiк ұйымдардың қамқорындағыларға - тиiстi мекемелердегi тұратын жерi бойынша;
      5) бас еркiнен айыру орындарында жазасын өтеп жүрген азаматтарға - еңбекпен түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiктерiнде жүргiзiледi.
      Iс қағазының макеттерi мен өтiнiштер осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Азаматтардың өтiнiштерi мен iс қағазының макеттерiн тiркеу журналына тiркеледi.
      Eгep жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органдары арнайы комиссиялардың жұмыс органы болып белгiленген жағдайда, зейнеткерлердiң (жұмыс iстейтiн зейнеткерлердi қоса алғанда), мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушылардың, жұмыс iстейтiн және жұмыс iстемейтiн азаматтардың iс қағаздарының макеттерiн тiркеу 4-қосымшаға сәйкес Бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы алу үшiн азаматтарды тiркеу журналында жүзеге асырылады.
      Азаматтардың өтемақы тағайындау туралы жеке өтiнiш беруге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, олар белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде өтемақы тағайындау туралы өтiнiшпен және қажеттi құжаттармен өтiнiш беру үшiн басқа адамдарға уәкiлеттiк беруге құқылы.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.29. N 1319 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      4. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңында (бұдан әрi - Заң) белгiленген тәртiппен берiлген, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушiнiң жеңiлдiктер және өтемақы алу құқығын растайтын куәлiкпен қатар, мыналар тиiстi радиациялық қатер аймақтарында тұру фактiсiн және кезеңiн растайтын құжаттар болып табылуы мүмкiн:
      1) мұрағат анықтамалары, Халық депутаттары селолық, кенттiк (ауылдық) кеңесiнiң, тұрғын-үй-пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнiң, пәтер иелерi кооперативтерiнiң анықтамалары;
      2) еңбек кiтапшасы;
      3) оқу орнын бiтiргенi туралы диплом;
      4) әскери билет;
      5) туу туралы куәлiк, орта білiм туралы аттестат, негiзгi мектептi бiтiргенi туралы куәлiк;
      6) алынып тасталды
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.19. N 880 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.29. N 1319 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
      5. Ұсынылатын анықтамалар фирмалық бланкілерде орындалуы немесе олардың тiркеу нөмiрi мен берілген күнi көрсетiлген бұрыштама мөртабаны болуы тиiс. Оларда оның негiзiнде анықтама беру жүргiзiлген құжат, берген ұйымның мөрiмен куәландырылған анықтамаға қол қойған адамның лауазымы, тегi және аты-жөнi көрсетiледi.
      6. Қарулы Күштерде, iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдарында қызмет өткерген, Семей ядролық сынақ полигоны аумағындағы ядролық жарылыстардың салдарларын жоюға қатысқан адамдар тиiстi анықтаманы қорғаныс, iшкi iстер, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң органдарынан алуына болады.
      7. Егер тұру фактiсi мен кезеңiн растайтын мұрағаттық және өзге де құжаттар сақталмаса, онда азамат өзiнiң ядролық сынақтар әсерiне ұшыраған аумақта тұрғанының заңды фактiсi мен кезеңiн анықтау туралы өтiнiшпен тұрғылықты жерi бойынша сотқа жүгiне алады.
      8. Шаруашылық кiтаптарына сәйкес берiлген мұрағат анықтамаларында күнi мен айы көрсетiлмей, тұрған жылы ғана көрсетiлген жағдайда, анықтамада көрсетiлген тұру кезеңi толығымен тұру жылына есептеледi.
      9. Кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң комиссиялары қалыптастырылған iс-қағаздарының макеттерiн құжаттар алынған күннен бастап бес күн iшiнде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес тiзiм бойынша арнайы комиссияларға жiбередi.
      Құжаттар арнайы комиссияларға түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады. Көшiрме мен түпнұсқаның сәйкестiгiн арнайы комиссияның уәкiлеттi мүшесi куәландырады.
      10. Іс қағаздарының макеттерi келiп түскен кезде арнайы комиссиялар жиырма күннен аспайтын мерзiмде:
      1) азаматтардың iс қағаздары макеттерiн осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы алу үшiн азаматтарды тiркеу журналына (бұдан әрi - Журнал) тiркеудi;
      2) iс қағазының макетi ресiмделген азаматқа өтемақының төлену (төленбеу) фактiсiн тексерудi:
      "Қазақстан Халықтық жинақ банкi" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Банк), "Қазпочта" акционерлiк қоғамының тiзiмдерiн (тiзiлiмдерiн) салыстырып тексерудi;
      қажет болған кезде Банкке немесе "Қазпочта" акционерлiк қоғамына азаматтарға өтемақы төленгенi туралы ақпарат сұратуды;
      аудандар (қалалар) әкiмдiктерiнiң 1993 жылдан бастап төлеу сәтiне дейiнгi кезең iшiнде өтемақы төлеуге арналған тiзiмдерiмен салыстырып тексерудi;
      3) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу (тiркеуден бас тарту) туралы шешiм (бұдан әрi - Шешiм) қабылдауды жүргiзедi.
      Азаматтың өтемақы сомалары бюджет қаражатымен расталмағандықтан, ол бойынша өтемақыны есептеу жүргiзiлмеген теңгерiмнен тыс арнайы шоты болған кезде арнайы комиссия шешiмде банктегi мұндай шотты жабу қажеттiгi туралы көрсетедi және бұл мәлiметтердi банкке тiзiм бойынша бередi.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.29. N 1319 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      10-1. Тексеру қорытындысы бойынша іс-қағаз макеті ресімделген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматқа өтемақы төлеу фактісі анықталған жағдайда, осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматты тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданады.
      Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.19. N 880 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. Қосымша сұрау салулар, тексерулер жүргiзу қажет болған жағдайларда, арнайы комиссиялардың iс қағаздарының макеттерiн қарау мерзiмiн оның төрағасы бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартуы мүмкiн.
      12. Арнайы комиссиялар Журнал деректерiнiң негiзiнде Шешiм қабылданған күннен бастап бес күн iшiнде 6-қосымшаға сәйкес комиссияның төрағасы куәландырған тiзiмдердi жасайды, олар жеке iс қағаздары макеттерiмен және арнайы комиссиялардың Шешiмдерiмен бiрге өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiберiледi.
      13. Арнайы комиссиялар тiркемеген азаматтардың iс қағаздарының макеттерi олар Шешiм қабылдаған күннен бастап бес күннiң iшiнде қайтарылу себептерi мен арнайы комиссиялардың ұсынымдары көрсетiле отырып, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң комиссияларына тiзiм бойынша қайтарылады.
      14. Өтiнiш беруші арнайы комиссиялардың әрекеттерi мен Шешiмдерiне азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты үйлестiруге арналған арнайы комиссияларға не сот тәртiбiмен шағымдана алады.

3. Өтемақыны тағайындаудың және төлеудiң тәртiбi

      15. Өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi келiп түскен iс қағаздары макеттерiн тиiстi журналға тiркейдi және осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысанда бойынша Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын дайындайды.
      16. Өтемақы тағайындау үшiн өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын қоса бере отырып, iс қағаздарының макеттерiн олар алынған күннен бастап бес күннiң iшiнде өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның облыстар, Астана және Алматы қалалары филиалдары арқылы өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.
      Ic қағазының макетiн дайындау барысында теңгерiмнен тыс арнайы шотта есепте тұрған не нақты төленген өтемақы сомасы анықталған жағдайда, өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобасында анықталған өтемақы сомасын қоспағанда, (теңгерiмнен тыс шотта нақты есепте тұрған не төленген) төленетiн сома көрсетiледi, бұл ретте:
      1) төленетiн өтемақының есебi былайша жүргiзiледi:
      аударылған соманың күнi бойынша теңгерiмнен тыс арнайы шотқа аударылған өтемақы сомасының есебi не өтемақы төлеу жүргiзiлген айлық есептiк көрсеткiш анықталады;
      теңгерiмнен тыс арнайы шотқа бұрын аударылған не нақты төленген өтемақы сомасы бұрын есептеу жүргiзiлген айлық есептiк көрсеткiш санына ауыстырылады;
      төлеу сәтiнде қолданыстағы айлық есептiк көрсеткiштiң шамасын негiзге ала отырып есептелген өтемақы сомасы мен оны төлеу (аудару) сәтiнде қолданыстағы айлық есептiк көрсеткiштiң санына ауыстырылған, нақты аударылған (төленген) өтемақы арасындағы айырма түрiнде есептелген өтемақы төленуге қойылады;
      2) өтемақыны немесе оның бұрын Банкке нақты аударылған бөлiгiн төлеудi Банк тiкелей жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.29. N 1319 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      17. Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушiлер деп танылған және арнайы комиссиялар тiркеген азаматтарға өтемақыны тағайындау Заңда айқындалған радиациялық қатер аймақтары , жеңiлдетiлген әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақтар бойынша, оған қол қойылған сәттен бастап Қазақстан Республикасының аумақтық-әкiмшiлiк құрылымында болған өзгерiстерге қарамастан, Семей ядролық сынақ полигонының аумағында 1949 жылдан бастап 1965 жыл және 1966 жылдан бастап 1990 жыл кезеңiнде толық тұрған әр жыл үшiн жүргiзiледi.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.29. N 1319 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      18. Өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар он күн iшiнде осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес өтемақы тағайындау туралы шешiм қабылдайды және оларды iс қағаздарымен қоса өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның облыстар, Астана және Алматы қалалары филиалдары арқылы өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiбередi.
      19. Өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң негiзiнде өтемақы төлеуге арналған қаражат қажеттiлiгiн жасайды және оны өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның облыстық, Астана және Алматы қалалары филиалдарына ұсынады.
      Өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның облыстық, Астана және Алматы қалалары филиалдары жиынтық қажеттiлiктi уәкiлеттi мемлекеттiк органға ай сайын 25 күнге дейiн жiбередi.
      20. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган тиiстi жылға арналған мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары шегiнде ұсынылған қажеттiлiкке сәйкес өтемақы төлеуге арналып көзделген қаражатты бөледi және өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның шотына аударады.
      21. Өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым бөлiнген қаражатқа және төлеу тәртiбiне сәйкес облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлiнiсiнде өтемақы төлеу кестесiн жасайды.
      22. Өтемақыны төлеу өтемақы алушылардың таңдауы бойынша өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдардағы олардың жеке шоттарына қаражат аудару жолымен жүзеге асырылады.
      22-1. Бас бостандығының айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға өтемақы төлеу сотталғандардың жазасын өткеру жері бойынша мемлекеттік мекеменің жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік мекемеге алғашқы талап ету бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін, толық немесе бөліп-бөліп, алдын ала келісілген үстемеақысымен не онсыз, тікелей жеке немесе заңды тұлға қайтаруға не тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге берілуге тиіс болу-болмауына қарамастан, оларды номиналды түрінде қайтару шарттарымен беретін ақша бойынша операцияларды есепке алу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына қаражатты аудару жолымен жүргізіледі (бұдан әрі - жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ).
      Мемлекеттік мекеменің жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ-сына қаражат түскен кезде қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемесі өтемақы сомасын сотталғандардың жеке шоттарына аударады, бұл ретте өтемақы сомасынан ұстаулар жүргізілмейді.
      Сотталғандардың жеке шоттарына есепке алынған өтемақы сомалары бойынша өтемақы төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым мен қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемесі арасында салыстырып тексеру актілері жасалады.
      Ескерту. Ереже 22-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.15 N 747 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      23. Төленген сомалар бойынша өтемақы төлеу және беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдардың арасында ай сайын салыстырып тексеру актiлерi жасалады.
      Өтемақы төлеу жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу өтемақы төлеу және беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдардың арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарттың негiзiнде жүргiзiледi.

                                              Семей ядролық сынақ
                                             полигонындағы ядролық
                                            сынақтардың салдарынан
                                           зардап шеккен азаматтарды
                                            тiркеу, оларға бiржолғы
                                               мемлекеттiк ақшалай
                                             өтемақы төлеу ережесiне
                                                   1-қосымша

                                        Өтемақы тағайындау жөнiндегi
                                         уәкiлеттi органның басшысы
                                      _____________________________
                                      _____________________________
                                         мекен-жайы бойынша тұратын
                                      _____________________________
                                      _____________________________,
                                      жеке басын куәландыратын құжат
                                      СТН__________________________,
                                      жеке шоты N__________________,
                                      банктiң атауы________________

                             Өтiнiш

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шегушi ретiнде бiржолғы мемлекеттiк ақшалай
өтемақы (бұдан әрi - өтемақы) тағайындауды сұраймын.
      ____________жылдан__________жылды қоса алғанда________________
радиациялық әсер аймағының_____________аумағында тұрдым.
      Өтiнiшке жоғарыда көрсетiлген аумақтарда тұру фактiсiн
растайтын мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын:____________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Ұсынылған құжаттар үшiн толық жауапты боламын.
      1993 жылдан бастап қазiргi уақытқа дейiнгi кезеңде өтемақы
алған жоқпын (алған жағдайда алынған өтемақының сомасы көрсетiледi)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Күні ______________________    Қолы_________________________________
____________________________________________________________________
                        (кесу сызығы)

Азамат_______________________өтiнiшi қоса берiлген құжаттарымен
"__"____________200__жылы______данада қабылданды.

Қолы____________  __________________________________________________
                    (құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, Т.А.Ә.)

                                              Семей ядролық сынақ
                                             полигонындағы ядролық
                                            сынақтардың салдарынан
                                           зардап шеккен азаматтарды
                                            тiркеу, оларға бiржолғы
                                               мемлекеттiк ақшалай
                                             өтемақы төлеу ережесiне
                                                   2-қосымша

     Азаматтардың өтiнiштерi мен iс қағаздарының макеттерiн
                          тiркеу журналы
____________________________________________________________________
                (кәсiпорынның, ұйымның, мекеменiң атауы)

Р/с
N

Өтiнiш
берушiнiң
Т.А.Ә.,
туған жылы

Мекен-жайы

Радиациялық қатер
аймағында тұруы

Ұсынылған
құжаттардың
тiзбесi (нөмiрiн,
күнiн және берудi
жүзеге асырған
органды көрсете
отырып)

жылдар

аймақтар

1

2

3

4

5

6

                                              Семей ядролық сынақ
                                             полигонындағы ядролық
                                            сынақтардың салдарынан
                                           зардап шеккен азаматтарды
                                            тiркеу, оларға бiржолғы
                                               мемлекеттiк ақшалай
                                             өтемақы төлеу ережесiне
                                                   3-қосымша

   Кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң комиссияларына
    _______________________________________________________,
            (кәсiпорынның, ұйымның, мекеменiң атауы)
             аудандық (қалалық) арнайы комиссияларға
     iс қағаздарының макетiн тапсырған азаматтардың тiзiмi

Р/с
N

Өтiнiш берушiнiң
Т.А.Ә.

Туған жылы

Тұратын жерi

Іс қағазын-
дағы парақ
саны

1

2

3

4

5

Берген:
Комиссияның төрағасы:_____________________
Комиссияның хатшысы:______________________

Күні ___________________________
М.О. (кәсiпорынның, ұйымның, мекеменiң)

Қабылдап алған:___________________________
Арнайы комиссияның хатшысы:_______________

Күні ___________________________
М.О.

                                              Семей ядролық сынақ
                                             полигонындағы ядролық
                                            сынақтардың салдарынан
                                           зардап шеккен азаматтарды
                                            тiркеу, оларға бiржолғы
                                               мемлекеттiк ақшалай
                                             өтемақы төлеу ережесiне
                                                   4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.12.29. N 1319 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

         Біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алу үшін азаматтарды тіркеу журналы

Р/с N

Өтініш берушінің Т.А.Ә.

Өтініш берушінің туған жылы

Өтініш берушінің санаты
(жұмыс істейді, жұмыс істемейді, зейнеткер, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы)

Өтініш қабылданған күн

Радиациялық қатер аймақтарында тұрғаны

Ұсынылған құжаттар тізбесі
(нөмірін, күнін және беруді жүзеге асырған орган)

Іс макетін ұсынған ұйымның, кәсіпорынның және мекеменің атауы

Арнайы комиссияның шешімі

жылдар

аймақтар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

                                              Семей ядролық сынақ
                                             полигонындағы ядролық
                                            сынақтардың салдарынан
                                           зардап шеккен азаматтарды
                                            тiркеу, оларға бiржолғы
                                               мемлекеттiк ақшалай
                                             өтемақы төлеу ережесiне
                                                   5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.12.29. N 1319 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      _____________________________ ауданы (қаласы) әкiмiнiң жанындағы
___________________ арнайы комиссияның Қазақстан Республикасының
азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шеккен деп тану (танудан бас тарту) туралы шешiмi
 
N ____хаттамаға, күнi _______________
Азамат ____________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты, санаты (зейнеткер, мемәлеуметжәрдемақы
          алушы / жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн)

      1. Азамат ________________
_______бастап__________дейiн _________ радиациялық қатер аймағында;
_______бастап__________дейiн _________ радиациялық қатер аймағында;
_______бастап__________дейiн _________ радиациялық қатер аймағында
тұрған кезең үшiн Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушi деп саналсын.

      2. Өтiнiш берушiнiң өтемақы төлемдерi туралы деректерiн "Қазақстан Халық Банкi" АҚ-ның (бұдан әрi - Банк), "Қазпочта" АҚ-ның деректерiмен салыстырып тексеру қорытындылары бойынша мыналар анықталды:
      Азамат: ____________________________________________________
      1) 1993 жылдан бастап осы уақытқа дейiнгi кезеңге өтемақы төлеу жүргiзiлген жоқ/жүргiзiлген (қажеттiсiнiң асты сызылсын);
_______(күнi көрсетілсiн)_______ теңге___ тиын сомасында жүргiзiлдi.
 
       2) теңгерiмнен тыс арнайы шотқа (шоттың күнiмен N көрсетiлсiн) жалпы сомасы _______теңге______ тиын нақты аударылды.

      3) _______________________ теңгерiмнен тыс арнайы шот ашылды.
      (шоттың N мен түрi көрсетiлсiн)

Банктiң деректерiне сәйкес, ол бойынша қаржыландыру жүргiзiлмеген,
өйткенi өтемақы сомалары бюджет қаражатымен расталмаған.

      3. Банкпен салыстырып тексеру қорытындылары бойынша мыналар қажет деп санаймыз:
      1) 1993 жылдан бастап төлеу сәтiне дейiнгi кезеңде қаражатты қаржыландыру жүргiзiлмеген және теңгерiмнен тыс арнайы шотында көрсетiлген өтемақы сомасы бюджет қаражатымен расталмаған
_______ (күнi көрсетiлсiн) ашылған N______ теңгерiмнен тыс арнайы
шот жабылсын.
      2) Банк N________ теңгерiмнен тыс арнайы шотқа _________(күнi
көрсетiлсiн) бұрын нақты аударылған өтемақы төлеудi жүзеге асырсын.

      4. Азамат _________________ Семей ядролық сынақ полигонындағы
ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушi ретiнде тiркеуден бас
тартылсын.

      5. Қабылданған шешім туралы өтініш беруші хабардар етілсін.

      Комиссияның төрағасы _________________
      Комиссияның мүшелері _________________
      Мөрдің орны

                                              Семей ядролық сынақ
                                             полигонындағы ядролық
                                            сынақтардың салдарынан
                                           зардап шеккен азаматтарды
                                            тiркеу, оларға бiржолғы
                                               мемлекеттiк ақшалай
                                             өтемақы төлеу ережесiне
                                                   6-қосымша

____________________________________________________________________
                     (ауданның/қаланың атауы)
     арнайы комиссиялары iс қағаздарының макеттерiн өтемақы
          төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық
     (қалалық) бөлiмшелерiне жолдайтын азаматтардың тiзiмi

Р/с
N

Өтiнiш иесiнiң
Т.А.Ә.

Туған
жылы

Тұратын жерi

Іс қағазындағы
парақтардың саны

1

2

3

4

5

Берген:
Арнайы комиссияның төрағасы:______________
Арнайы комиссияның хатшысы:_______________
Күнi:______________
М.О.

Қабылдаған:____________________
Мөртаңбаның орны
Өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның
аудандық (қалалық) бөлiмшесiнiң бастығы:____________
Маман:__________________
Күнi:___________________

                                              Семей ядролық сынақ
                                             полигонындағы ядролық
                                            сынақтардың салдарынан
                                           зардап шеккен азаматтарды
                                            тiркеу, оларға бiржолғы
                                               мемлекеттiк ақшалай
                                             өтемақы төлеу ережесiне
                                                   7-қосымша

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.12.29. N 1319 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

     Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiм

200 ж. "____"_______ N ______

ҚР Еңбекминiнiң _____________ облысы бойынша департаментi,
өтемақы алушының іс-қағаз N _______

Азамат ____________________________________________________________
  (тегi, аты, әкесiнiң аты, санаты (зейнеткер, мемәлеуметжәрдемақы
          алушы / жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн)

Жынысы _______ Туған күнi 19___жылғы "______"____________

      1. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы"
Қазақстан Республикасының 1992 ж. 18.12. Заңының 12-бабына сәйкес:
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған
кезең үшiн ________ теңге сомасында (_____АЕК-де)
__________ радиациялық қатер аймағында 19 __ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған
кезең үшiн ________ теңге сомасында (_____ АЕК-де)
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ ж. бастап 19__ ж. дейiн тұрған
кезең үшін _________ теңге сомасында (______ АЕК-де)
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ ж. бастап 19___ ж. дейiн тұрған
кезең үшiн ________ теңге сомасында (_____ АЕК-де)
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең үшiн__________ теңге сомасында (_____ АЕК-де) бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы (бұдан әрі - өтемақы) тағайындалсын.

      Тағайындалған өтемақы сомасының жиыны: _____ теңге ______ тиын (АЕК-де)

      2. Төленген өтемақының сомасы (оның iшiнде теңгерiмнен тыс арнайы шотқа аударылғаны)
      жылы ___________ теңге (АЕК-де________)
      жылы ___________ теңге (АЕК-де _______)

      3. Төленетiн өтемақының қалған сомасы (төленген (теңгерiмнен тыс арнайы шотқа нақты аударылған) өтемақы алынып тасталсын).
__________________________________________________________________
                     (сомасы жазумен, теңге)

      жылы ____________ теңге (АЕК-де_________)

      4. Өтемақы тағайындаудан бас тартылсын
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                       (бac тарту негiздемесi)

Тексерiлдi және бекiтiлдi:

M.O. Департамент директоры    ____________      ______________
                                 (қолы)              (тегi)
Зейнетақы және жәрдемақы
тағайындау жөнiндегi бөлiмнiң
бастығы                       ____________      ______________
                               (қолы)                (тегi)

Тағайындау жөнiндегi маман    ____________      ______________
                                 (қолы)             (тегi)

Шешiм жобасы дайындалды:

М.О. ЗТМО бөлiмшесiнiң бастығы  ___________     ______________
                                  (қолы)            (тегi)

ЗТМО бөлiмшесiнiң маманы        ____________    ______________
                                  (қолы)            (тегi)