Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 ақпандағы N 99 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына норма шығару қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қазандағы  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 14 ақпандағы
N 99 қаулысымен    
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 487  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 15, 159-құжат):
      2-тармақта ", сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган" деген сөздер алынып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi саласы Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзудi қамтамасыз ету болып белгiленсiн.".

      2. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты (заңдық техникасы) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi N 678  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 23, 199-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықта (заңдық техникасы):
      45-тармақ өзгерiссiз қалдырылсын.

      3. "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiретiн де, кiрмейтiн де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi мен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының актiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 427-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiретiн де, кiрмейтiн де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының  нормативтiк құқықтық актiлерi мен жергiлiктi өкілді және атқарушы органдарының актiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiнде:
      2-тармақтың 5) тармақшасында және 7-тараудың тақырыбында "және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне тиiстi жазбалар енгiзудiң" деген сөздер алып тасталсын;
      3-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Нормативтiк құқықтық актiлер Әдiлет министрлiгiне және оның аумақтық органдарына оларды тиiстi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы бекiткен (қол қойған) сәттен бастап екi аптаның iшiнде, мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi түпнұсқасын (түпнұсқа мәтiнiн) қоса алғанда, мемлекеттiк органның мөрiмен расталған баспа түрiнде және электрондық сандық қолтаңба арқылы куәландырылған электронды түрде төрт данада ("құпия" белгiсi бар құжаттар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде баспа түрiнде екi данада ұсынылады) ұсынылады.";
      екiншi абзац алынып тасталсын;
      11-тармақтың 3) тармақшасында "тiркеу нөмiрiн" деген сөздер "мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13-тармақтың 10-1) тармақшасында "нормативтiк құқықтық актiге немесе оның құрылымдық бөлігіне" деген сөздер "нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның құрылымдық бөлiгi мәтiнiнiң мазмұнына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк тiркеуден кейiн қорытынды мен нормативтiк құқықтық актiнiң бiр данасы (түпнұсқа) оған берiлген мемлекеттiк тiркеу нөмiрiмен бiрге, егер осы акт азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және мiндеттерiне қатысты болған жағдайда, ресми жариялау мiндеттемесiмен нормативтiк құқықтық актiнi тiркеуге ұсынған органға жолданады, мемлекеттiк органның мөрiмен расталған баспа түрiнде және электрондық сандық қолтаңба арқылы куәландырылған электрон түрiнде екiншi және үшiншi даналары Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне және нормативтiк құқықтық актiлердiң эталондық бақылау банкi тiзiлiмiне енгiзу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолданады, нормативтiк құқықтық актiнiң төртiншi данасы тiркеушi органда қалады.";
      екiншi абзац алынып тасталсын;
      төртiншi абзацта "тiркеу нөмiрi" деген сөздер "мемлекеттiк тiркеу нөмiрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21-тармақтың 2) тармақшасының бiрiншi абзацында "Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне, Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 598  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесiнде:
      13-тармақтың үшiншi абзацы "заңнамаға" деген сөзден кейiн "енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың тиiстi негiздемелерiмен" деген сөздермен толықтырылсын.

      5. "Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 22 тамыздағы N 938  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 28, 315-құжат):
      тақырыбында және 1-тармақта "ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау" деген сөздер "мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялаудың ережесiнде:
      мәтiндегi "ресми мәтiндерiн кейiннен жариялаудың", "ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауды", "кейiннен жариялауға", "кейiн жариялауға", "кейiннен жариялау", "Кейiннен жариялаудың", "ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау" деген сөздер тиiсiнше "мәтiндерiн кейiннен ресми жариялаудың", "мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды", "кейiннен ресми жариялауға", "кейiннен ресми жариялау", "Кейiннен ресми жариялаудың", "мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қазандағы N 1118  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 34, 369-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу ережесiнде:
      6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау - ресми және мерзiмдi баспасөз басылымдарында нормативтiк құқықтық актiлердiң толық мәтiнiн жалпыға бiрдей мәлiмет үшiн жариялау;".

      7. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 44, 443-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiнде:
      68-тармақтың 7) тармақшасы "салыстырма кестесi" деген сөздерден кейiн "енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың тиiстi негiздемелерiмен" деген сөздермен толықтырылсын.

      8. "Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 тамыздағы N 840  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 34, 344-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесiнде:
      10-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары заң жобасын дайындау жөнiндегi жұмыс тобының жұмысына кез келген сатыда қатысуға құқылы.
      Жұмыс тобының жұмысына қатысу үшiн әр түрлi бiлiм салаларының, ғылыми мекемелердiң мамандары және ғылыми қызметкерлерi, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерi тартылуы мүмкiн.".