Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 ақпандағы N 99 Қаулысы

Жаңартылған

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына норма шығару қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қазандағы  Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 14 ақпандағы
N 99 қаулысымен    
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 487  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 15, 159-құжат):
      2-тармақта ", сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган" деген сөздер алынып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi саласы Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзудi қамтамасыз ету болып белгiленсiн.".
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.09.16 N 1067 Қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметініің 2006.08.17 N 778 қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 497 қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2016 № 387 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. "Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қазандағы N 1118  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 34, 369-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу ережесiнде:
      6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау - ресми және мерзiмдi баспасөз басылымдарында нормативтiк құқықтық актiлердiң толық мәтiнiн жалпыға бiрдей мәлiмет үшiн жариялау;".

      7. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300   қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 44, 443-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiнде:
      68-тармақтың 7) тармақшасы "салыстырма кестесi" деген сөздерден кейiн "енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың тиiстi негiздемелерiмен" деген сөздермен толықтырылсын.

      8. "Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 тамыздағы N 840  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 34, 344-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесiнде:
      10-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары заң жобасын дайындау жөнiндегi жұмыс тобының жұмысына кез келген сатыда қатысуға құқылы.
      Жұмыс тобының жұмысына қатысу үшiн әр түрлi бiлiм салаларының, ғылыми мекемелердiң мамандары және ғылыми қызметкерлерi, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерi тартылуы мүмкiн.".