"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына норма шығару қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қазандағы N 81 Заңы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, Бөкейордасы және Казталовка аудандарының жергілікті атқарушы және өкілетті органдарының бірлескен шешімдері мен ұсыныстарына сәйкес, облыстық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2004 жылғы 1 қазандағы N 1-1, 2005 жылғы 6 шілдедегі N 1-2 қорытындысының есепке ала отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Батыс Қазақстан облысының кейбір ауылдық елді мекендерінің атаулары қайта аталсын:
      Бөкейордасы ауданы бойынша:
      Искра ауылдық округіндегі Искра ауылы Ұялы ауылы деп;
      Искра ауылдық округі Ұялы ауылдық округі деп;
      Казталовка ауданы бойынша:
      Мирон ауылдық округіндегі Богатырев ауылы Болашақ ауылы деп;
      Мирон ауылдық округі Болашақ ауылдық округі деп.
      2. Осы шешім Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді.

      Сессия төрағасы                  Облыс әкімі
      Облыстық мәслихат хатшысы