Ел экономикасының мұқтаждықтары үшiн бензиннiң қажеттi қорын құру мақсатында және 2003 жылғы 5 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулы қолданысқа енгізiлген сәттен бастап 2006 жылғы 7 ақпан кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль бензинін (ЕурАзЭҚ СЭҚ TH коды - 2710 11 410 0 - 2710 11 590 0) әкетуге тыйым салынсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.31. N
1332
(қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан
қараңыз) қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендiк бақылау комитетi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.