Бензин әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 қазандағы N 1015 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 171 Қаулысымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20.  N 171  Қаулысымен.

      Ел экономикасының мұқтаждықтары үшiн бензиннiң қажеттi қорын құру мақсатында және 2003 жылғы 5 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң  8-бабының  2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулы қолданысқа енгізiлген сәттен бастап 2006 жылғы 28 ақпан кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль бензинін (ЕурАзЭҚ СЭҚ TH коды - 2710 11 410 0 - 2710 11 590 0) әкетуге тыйым салынсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.31. N  1332  (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан  қараңыз), 2006.02.06.  N 70  (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендiк бақылау комитетi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгi белгiленген тәртiппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетiн осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының аумағынан бензинді әкетуге тыйым салуды енгізгені туралы хабардар етсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi және жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі