Ел экономикасының мұқтаждықтары үшiн бензиннiң қажеттi қорын құру мақсатында және 2003 жылғы 5 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулы қолданысқа енгізiлген сәттен бастап 2005 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль бензинін (ЕурАзЭҚ СЭҚ TH коды - 2710 11 410 0 - 2710 11 590 0) әкетуге тыйым салынсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендiк бақылау комитетi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.