Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы N 853 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражігін ажырату және бюджеттiк қатынастар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы " 2004 жылғы 20 желтоқсандағы және " Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы " 2005 жылғы 15 сәуiрдегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:

      1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 27-1-жолмен толықтырылсын:
"27-1 Облыстық (республикалық  турагенттік туроператорлық
      маңызы бар қаланың,      қызметтi және туризм
      астананың) атқарушы      нұсқаушысының қызметтерiн
      органдар                 жүзеге асыру";

      2)  күші жойылды
      Ескерту. 2) тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.11. N  481  (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3)  күші жойылды
      Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19. N  610  (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi