Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 481 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1670 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 151 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы сақтандыру рыногындағы актуарлық қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі  N 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1532 тіркелген), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1532 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 2004 жылғы 16 ақпандағы  N 38 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2753 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, N 15, 2005 жылғы маусым, 104 бап),»"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"»Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы  N 320 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3306 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, N 15, 2005 жылғы маусым, 110 бап), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы  N 153 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3725 тіркелген), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы  N 154 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4384 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2006 жылғы 29 қыркүйекте N 174 (1154) жарияланған) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      атауында және 1 тармақтағы "қайтарып алу" деген сөз "айыру" деген сөзбен ауыстырылсын;

      аталған қаулымен бекітілген Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы ережеде:
      Ереженің атында және барлық мәтін бойынша "қайтарып алу", "қайтарып алуларды", "қайтарып алу туралы" деген сөздер тиісінше "айыру", "айыруларды", "айыру туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      1) осы Ереженің 1-1 қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      3) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) өтініш иесін салық органында есепке қою туралы куәліктің нотариатта куәландырылған көшірмесін;";

      мынадай мазмұндағы 19-1 тармақпен толықтырылсын:
      "19-1. Уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясын алған актуарий он күндік мерзімде уәкілетті мемлекеттік органды растаушы құжаттарды қоса беріп, осы Ереженің 19 тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардағы өзгерістер туралы хабардар етеді.";

      23 тармақтағы "құжаттардың толық топтамасы түскен күннен бастап бір айдың iшiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "30. Лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның дубликатын беруді уәкілетті орган "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы  Заңында көзделген негіздеме мен тәртіп бойынша жүзеге асырады.";

      32 тармақ алынып тасталсын;

      41 тармақтағы "не баспа бетiнде жариялаған" деген сөздер алынып тасталсын;

      45-1 тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Біліктілік емтиханынан өту үшін беретін өтініш осы Ереженің 7 қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылады.";

      осы қаулының 1-қосымшасында жазылған редакциядағы 1-1 қосымшамен толықтырылсын;

      2 қосымша алынып тасталсын;

      4 қосымшаның атындағы "жүргізу" деген сөз "жүзеге асыру" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6 қосымша осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы қаулының 3-қосымшасында жазылған редакцияда 7 қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы  Заңы қолданысқа енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж. Нәжімеденова):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан Актуарийлер қоғамы" қоғамдық бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

                                    Қазақстан Республикасы Қаржы
                                    нарығын және қаржы ұйымдарын
                                   реттеу мен қадағалау агенттігі
                                             Басқармасының
                                    2007 жылғы 30 сәуірдегі N 119
                                         қаулысына 1-қосымша

                                   Сақтандыру рыногында актуарийлік
                                  қызметті жүзеге асыру, актуарийлік
                                   қызметті жүзеге асыруға лицензия
                                    беру, қолданылуын тоқтату және
                                     қайтарып алу, актуарийлердің
                                     біліктілік емтиханын тапсыру
                                        тәртібі туралы ереженің
                                              1-1 қосымшасы

    Актуарийлік қызметті жүзеге асыру үшін лицензия беру туралы
                              Өтініш
____________________________________________________________________
          (уәкілетті мемлекеттік органның толық атауы)
____________________________________________________________________
   (жеке тұлғаның фамилиясы, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса))

   Сақтандыру рыногында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия
                      беруіңізді сұраймын

               Жеке тұлға туралы мәліметтер:

1. Туған жылы _____________________________________________________
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері
____________________________________________________________________
     (сериясы, нөмірі, берілген күні, құжатты берген орган атауы)
3. Білімі _________________________________________________________
                       (бітірген жылы, мамандығы)
____________________________________________________________________
                        оқу орнының атауы)
4. Тұратын орны ___________________________________________________
5. Жұмыс орны қызметі
____________________________________________________________________
 
   6. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыс және үйдікі)
____________________________________________________________________
 
   7. Ұсынылатын құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
 
        Актуарий өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпарат) шынайылығына толық жауап береді
______________   ___________________________________________________
   (қолы)          (фамилиясы, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса))
"____"________________________ 200__ жыл"

                                    Қазақстан Республикасы Қаржы
                                    нарығын және қаржы ұйымдарын
                                   реттеу мен қадағалау агенттігі
                                             Басқармасының
                                    2007 жылғы 30 сәуірдегі N 119
                                         қаулысына 2-қосымша

                                   Сақтандыру рыногында актуарийлік
                                  қызметті жүзеге асыру, актуарийлік
                                   қызметті жүзеге асыруға лицензия
                                    беру, қолданылуын тоқтату және
                                     қайтарып алу, актуарийлердің
                                     біліктілік емтиханын тапсыру
                                        тәртібі туралы ереженің
                                              6-қосымшасы

                    Қазақстан Республикасының
                            елтаңбасы

           Уәкілетті мемлекеттік органның толық атауы

          Актуарийлік қызметті жүзеге асыруға берілетін 

                            ЛИЦЕНЗИЯ

Лицензияның N___лицензияның берілген күні 200_ жылғы  "___"_________
      Осы лицензия сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге
асыруға: ___________________________________________________________
              (фамилиясы, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса))
құқықтар береді.
 
  Актуарийлік қызметті жүзеге асыруға алғаш рет берілген лицензия
туралы деректер
____________________________________________________________________
    (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
 
  Төраға (Төрағаның орынбасары)
Мөрдің орны
Алматы қаласы".

                                    Қазақстан Республикасы Қаржы
                                    нарығын және қаржы ұйымдарын
                                   реттеу мен қадағалау агенттігі
                                             Басқармасының
                                    2007 жылғы 30 сәуірдегі N 119
                                         қаулысына 3-қосымша

                                   Сақтандыру рыногында актуарийлік
                                  қызметті жүзеге асыру, актуарийлік
                                   қызметті жүзеге асыруға лицензия
                                    беру, қолданылуын тоқтату және
                                     қайтарып алу, актуарийлердің
                                     біліктілік емтиханын тапсыру
                                        тәртібі туралы ереженің
                                              7-қосымшасы

              Біліктілік емтиханын тапсыру жөніндегі
                          өтініш

      Мен,  ____________________________________________________________________
   (актуарийдің фамилиясы, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса))
 
        Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес мені біліктілік емтиханын тапсыруға жіберуді сұраймын. 
      Мен өтінішіме қоса берілген құжаттардың шынайылығына толық жауап беремін, сондай-ақ уәкілетті органға ұсынылатын қосымша ақпаратты және өтінішімді қарауға байланысты сұратылатын құжаттарды уақтылы беруді міндетіме аламын. 
      Өтінішке мыналарды қоса беремін:

      Актуарий                                _____________
                                              (күні, қолы)