Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражігін ажырату және бюджеттiк қатынастар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы " 2004 жылғы 20 желтоқсандағы және " Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы " 2005 жылғы 15 сәуiрдегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 27-1-жолмен толықтырылсын:
"27-1 Облыстық (республикалық турагенттік туроператорлық
маңызы бар қаланың, қызметтi және туризм
астананың) атқарушы нұсқаушысының қызметтерiн
органдар жүзеге асыру";
2) "Туристік қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1213
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 33, 428-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Туристік қызметтi лицензиялау ережесiнде:
1-тармақта:
", экскурсияларды," деген сөз алынып тасталсын;
"уәкiлетті органның - лицензиардың" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың - лицензиардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта "жеті ай iшiнде" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Лицензияны облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган лицензиатқа заңды тұлғалар үшiн - оның әдiлет органдарында тіркелген жері бойынша, жеке тұлғалар үшiн - салық органдарында тiркелген жерi бойынша бередi.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Лицензиат қызметтiң осы түрiмен айналысатын филиалдар (өкiлдiктер) ашқан жағдайда лицензиат филиалдың (өкiлдiктiң) есептiк тiркелу орны бойынша орналасқан лицензиарға филиалдардың (өкілдiктердiң) осы Ереженiң 22, 23, 25-тармақтарында белгiленген бiлiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынады. Бұл ретте лицензиар он шешiм қабылданғаннан кейiн филиалдардың (өкілдiктердiң) орналасқан жерiн көрсете отырып, лицензияға қосымшаны ресiмдейдi.";
16-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жарғының, заңды тұлғаның тiркелгенi туралы куәлiктiң және статистикалық кәртiшкенiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;";
10) тармақшаның қазақ тiлiндегi мәтiнi мынадай редакцияда жазылсын:
"10) экскурсиялық қызметтi жүзеге асыратын, оқу орнын (тиiстi курстарды) бiтiргендiгi туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылардың (жолбасшы-аудармашылардың), экскурсия жүргiзушiлердiң тiзiмi бар туристiк ұйыммен шарттың көшiрмесi;";
17-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мыналардың: жарғының, мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң (заңды тұлғалар үшiн), жеке куәлiктiң, жеке кәсiпкердi тiркеу туралы куәлiктiң немесе патенттiң (жеке тұлғалар үшiн) нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;";
22-тармақтың 9) тармақшасының қазақ тiлiндегi мәтiнi мынадай редакцияда жазылсын:
"9) экскурсиялық қызметте жүзеге асыратын, оқу орнын (тиiстi курстарды) бiтiргендiгi туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылардың (жолбасшы-аудармашылардың), экскурсия жүргiзушiлердiң тiзiмi бар туристiк ұйыммен шарт;";
25-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) меншiктi немесе жалға алынған туристік жарақтар.";
3) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 5, 30-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында:
"Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялар беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкалары" деген 1-тараудың 4-тармағы 34) тармақшасындағы ", экскурсиялық" деген сөз алынып тасталсын.