Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражігін ажырату және бюджеттiк қатынастар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы " 2004 жылғы 20 желтоқсандағы және " Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы " 2005 жылғы 15 сәуiрдегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 27-1-жолмен толықтырылсын:
"27-1 Облыстық (республикалық турагенттік туроператорлық
маңызы бар қаланың, қызметтi және туризм
астананың) атқарушы нұсқаушысының қызметтерiн
органдар жүзеге асыру";
2)
күші жойылды
Ескерту. 2) тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.11. N
481
(2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 5, 30-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында:
"Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялар беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкалары" деген 1-тараудың 4-тармағы 34) тармақшасындағы ", экскурсиялық" деген сөз алынып тасталсын.