Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса беріліп отырған:
1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
1-1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
4) Мүгедектерге берілетін техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарының тiзбесi бекiтілсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 25.04.2015 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2005 жылғы 20 шiлдедегі
N 754 қаулысымен
бекiтілген
Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және
техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен
қамтамасыз ету ережесi
Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 20 шілдедегі
N 754 қаулысымен
бекітілген
Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші
топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естімейтіндігі
бойынша мүгедектер үшін жылына отыз сағат ымдау тілі
маманының әлеуметтік қызметтерін көрсету ережесі
Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнің
2005 жылғы 20 шілдедегі
N 754 қаулысымен
бекiтілген
Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен
қамтамасыз ету ережесi
Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнің
2005 жылғы 20 шілдедегі
N 754 қаулысымен
бекiтілген
Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну ережесi
Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2005 жылғы 20 шiлдедегі
N 754 қаулысымен
бекiтілген
Мүгедектерге берiлетiн техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарының тiзбесi
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.02.19. N 160 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 25.04.2015 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2015 № 1036 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1. Протездiк-ортопедиялық құралдар:
1) қол протездерi (иық протездерi, білек протездерi, қол-саусақ протездерi);
2) жілiншiк протездерi;
3) жамбас протездерi;
4) кеуде бездерінiң протездерi;
5) аппараттар, туторлар, ортездер;
6) балдақтар, таяқтар, жетек арбалар;
7) корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар;
8) бандаждар, емдiк белбеулер, балалардың алдын алу шалбаршалары;
9) ортопедиялық аяқ-киiм және қосымша тетiктер (кебiстер, супинаторлар);
10) аппараттарға арналған аяқ-киiм.
2. Сурдотехникалық құралдар:
1) есту аппараттары;
2) веб-камерасы бар ноутбук;
3) көп функционалды дабылды жүйелер;
4) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1036 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5) мәтiндiк хабарламасы және хабарды қабылдау қызметi бар ұялы телефондар;
6) саңырау және нашар еститiн адамдарға арналған сағаттар;
7) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары.
3. Тифлотехникалық құралдар:
1) тифлотаяқтар;
2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1036 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3) оқу машиналары;
4) сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук;
5) Брайл жүйесi бойынша жазу құралы;
6) Брайл жүйесi бойынша жазу грифелi;
7) рельефтi-ноқатты қарiппен жазуға арналған қағаз;
8) дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұтқыр телефондар;
9) дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер;
10) нашар көретiн адамдарға арналған сағаттар.
4. Арнаулы жүрiп-тұру құралдары:
1) бөлмелiк кресло-арбалар;
2) серуен кресло-арбалары.
5. Міндетті гигиеналық құралдар:
1) несеп қабылдағыштар;
2) нәжіс қабылдағыштар;
3) жөргектер.