"Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1036 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 954 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2021 № 954 қаулысымен.
     
      2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі!

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 392-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесінде:

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) веб-камерасы бар ноутбук;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тифлотаяқтар;";

      2) тармақша алып тасталсын;

      4) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук;";

      "8) дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұтқыр телефондар;".

      2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов