Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 және "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауғ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 297 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2021 № 954 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2021 № 954 қаулысымен.

      2) "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту және "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 82 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларында:

      39-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларының 113-тармағында көзделген мөлшерге дейін мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргөктермен, несеп қабылдағыштармен және нәжіс қабылдағыштармен) қамтамасыз ету нормасын ұлғайтуға пайдаланылады.".

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 297 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "2006 жылға арналған республикалық бюджетте мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне көзделген нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 162 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 76-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 160 қаулысының 1-тармағының екінші және үшінші абзацтары, 1), 2) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 9, 90-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 324 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 118-құжат).

      4. "Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 93-құжат).