Активтердi басқарудың тиiмділігiне талдау жүргiзу, жекешелендiру объектілерiнiң құнын және олардың қаржылық жай-күйiн бағалау жөнiндегі қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу, инвестициялық мiндеттемелердi орындау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 маусымдағы N 593 Қаулысы

Жаңартылған

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 24-1-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берілiп отырған Активтердi басқарудың тиiмдiлiгiне талдау жүргiзу, жекешелендiру объектілерінің құнын және олардың қаржылық жай-күйін бағалау жөнiндегі қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу, инвестициялық мiндеттемелердi орындау ережесi бекiтілсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң       
2005 жылғы 13 маусымдағы
N 593 қаулысымен   
бекiтiлген      

Активтердi басқарудың тиiмділігіне талдау
жүргiзу, жекешелендiру объектiлерiнiң құнын және
олардың қаржылық жай-күйін бағалау жөнiндегi
қызметтердi мемлекеттік сатып алуды жүргiзу,
инвестициялық мiндеттемелердi орындау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Активтердi басқарудың тиiмдiлiгiне талдау жүргiзу, жекешелендiру объектілерiнiң құнын және олардың қаржылық жай-күйiн бағалау жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу, инвестициялық мiндеттемелердi орындау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық мемлекеттік меншiкке иелiк етуге (бұдан әрi - Конкурсты ұйымдастырушы) уәкiлеттік берген органның активтердi басқарудың тиiмділiгiне талдау жүргiзу, жекешелендiру объектілерiнiң құнын және олардың қаржылық жай-күйiн бағалау жөнiндегi қызметтерге мемлекеттiк сатып алуды, инвестициялық мiндеттемелердi орындауды ұйымдастыру мен жүргізу тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Ережеде Заңда және Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулысымен бекiтiлген Тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесiнде белгіленген түсiнiктер мен терминдер пайдаланылады. P071301

      3. Осы Ереженi қолдану аясы активтердi басқарудың тиiмдiлігіне талдау жүргiзу, жекешелендiру объектiлерінiң құнын және олардың қаржылық жай-күйiн бағалау, инвестициялық міндеттемелердi орындау саласындағы қызметтердi мемлекеттiк сатып алу болып табылады.

      4. Активтердi басқарудың тиiмділiгіне талдау жүргізу, жекешелендiру объектiлерiнiң құнын және олардың қаржылық жай-күйiн бағалау, инвестициялық мiндеттемелердi орындау саласындағы қызметтердi мемлекеттiк сатып алу екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, ашық конкурс өткiзу тәсiлiмен жүзеге асырылады.

2. Екi кезеңдiк рәсiмдердi пайдалана отырып,
ашық конкурс өткiзу тәсiлiмен мемлекеттік сатып алу

      5. Активтердi басқарудың тиiмдiлігіне талдау жүргізу, жекешелендiру объектілерiнiң құнын және олардың қаржылық жай-күйiн бағалау жөнiндегі қызметтердi мемлекеттік сатып алу, инвестициялық мiндеттемелердi орындау екi кезеңдiк рәсiмдердi пайдалана отырып, ашық конкурс тәсiлiмен жүргiзiледi және мынадай кезеңдердiң жиынтығын бiлдiредi:
      1) конкурстық құжаттаманың негiзiнде ықтимал берушiлерден сатып алынатын қызметтердiң техникалық, сапалық немесе өзге де сипаттамаларына, оларды жеткiзудiң шарттық талаптарына (орындау, көмек көрсету) қатысты ұсыныстарды сұрау; конкурстық құжаттамаға сәйкес бағаларын көрсетпей ықтимал берушілер ұсынған бастапқы конкурстық өтінiмдердi қарау; ықтимал берушілердiң бiлiктiлiк деректерiн қарау; қажет болған кезде білiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн ықтимал берушiлермен қызметтердiң техникалық, сапалық немесе өзге де сипаттамаларына, оларды көрсетудiң шарттық талаптарына қатысты мәселелердi талқылау, конкурстық құжаттамада белгiленген өлшемдердiң негiзiнде конкурстық өтінiмдердi салыстыру және бағалау;
      2) конкурстық құжаттамаға Конкурсты ұйымдастырушының ықтимал берушілер ұсынған қызметтердiң техникалық, сапалық немесе өзге де сипаттамаларының негiзiнде өзгерiстер енгiзу; конкурстың алғашқы кезеңiнен өткен ықтимал берушілердiң түпкiлiктi конкурстық өтінімдердi ұсынуы; бағалық ұсыныстар және бағалау өлшемдерiн ескере отырып оларды бағалау және салыстыру; конкурс қорытындысын шығару.

      6. Сатып алынатын қызметтердiң ерекшелiктерiн ескере отырып, оларды лоттар бойынша бөлшектеп (лотты егжей-тегжейлi нақтылаудың мүмкiн еместiгі, объектiлердiң көптiгi және бiртектi еместігі, объектiлердiң аздығы, бiр мезгiлде бiрнеше объектiлер бойынша жұмыстарды жүргiзудiң қажеттiлiгі) әрбiр лот бойынша бiреуден астам жеңiмпазды анықтауға рұқсат етiледi.

      7. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсты ұйымдастырады және өткiзедi.

      8. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдi қабылдау аяқталатын күнге дейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей конкурстың өткiзiлетiні туралы мерзiмдi баспасөзде мемлекеттік және орыс тiлдерiнде хабарландыру (хабарлама) жариялайды.

      9. Конкурсқа консалтингілiк қызметтер көрсетумен айналысатын, консалтингілiк қызметтер көрсетуге кепiлдiк беретiн және Заңның 8-бабының 1-тармағында айтылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн ықтимал берушілер жiберiледi. Z070303

      10. Ықтимал берушi мен оның аффилиирленген тұлғасының бiр конкурсқа (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.

      11. Сатып алынатын қызметтердің рыногында жұмыс тәжiрибесiне ие болу қажеттiлiгi туралы талаптар, оларды қолдау Заңның 27-бабына сәйкес жүзеге асырылатын шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне қолданылмайды.

      12. Ықтимал беруші біліктілiк талаптары бойынша оларға дәйексiз ақпарат ұсынған жағдайда осы фактi анықталған сәттен бастап бір жылдың iшiнде мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға жiберiлмейдi.

      13. Конкурстық өтінiмдердi ашқан кезде конкурс комиссиясының отырыстарына ықтимал берушiнің ресми өкiлi қатыса алады. Ықтимал беруші өкiлiнiң өкілеттілiгi сенiмхат түрінде жазбаша расталуы тиiс, ол конкурстық өтінімге қоса берiледi немесе осы өкіл конкурстық өтінiмдерi бар конверттердi ашар алдында бередi.

      14. Ықтимал берушi өзiнің конкурстық өтінімін дайындауға және беруге байланысты барлық шығыстарды көтередi, ал Конкурсты ұйымдастырушы және конкурстық комиссия конкурс нәтижелерiне қарамастан осы шығыстарды өтеу бойынша мiндеттеме алмайды.

      15. Конкурстың ұйымдастырушысы барлық ықтимал берушiлерге мынадай ақпаратты қамтитын конкурстық құжаттаманы бередi:
      1) оның ұсынылатын білiктілiк талаптарына сәйкестігін растауға ықтимал беруші беруi тиiс құжаттарға қойылатын талаптар;
      2) көрсетiлетiн қызметтердiң мөлшерi және/немесе көлемi;
      3) қызметтер көрсету орны;
      4) қызметтер көрсетудiң талап етілетiн мерзiмдерi;
      5) мемлекеттiк сатып алу туралы төлем шарты және үлгi шарты ;
      6) конкурстық өтінімнiң бағасы көрсетiлуге тиiстi валютаны немесе валюталарды және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында конкурстық өтiнiмнiң бағаларын бiрыңғай валютаға келтiру үшiн қолданылатын бағам;
      7) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес конкурстық өтiнiмдердi жасау мен табыс етудiң тiлiне қойылатын талаптар;
      8) конкурстық өтiнiмдi енгiзу шарты, мазмұны мен қамтамасыз ету нысаны;
      9) ықтимал берушiнiң конкурстық өтінiмдердi берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң конкурстық өтiнiмiн өзгерту немесе керi қайтарып алу құқығына тиiстi нұсқау;
      10) конкурстық өтінiмдер беру тәсілi, орны мен соңғы мерзiмi (бiрақ жұмыс күнiнiң жергілiктi уақытының он бес сағатынан кешiктірмей) және олардың әрекет ету мерзiмi;
      11) конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша ықтимал берушілердің солардың көмегiмен түсiндiрме сұрата алатын тәсілдерi және ашық нысанда хаттама жасала отырып Конкурсты ұйымдастырушының сол кезеңде ықтимал берушiлермен хаттама жасала отырып ашық нысанда өткiзілетiн кездесу өткiзу ниетi туралы хабарламасы;
      12) конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын орын, күн және уақыт (бiрақ конкурстық өтінiмдердi берудiң соңғы мерзiмi өткен сәттен бастап екi сағаттан кешiктірмей);
      13) конкурстық өтінiмдер салынған конверттерді ашу және конкурстық өтiнiмдердi қарау үшiн пайдаланылатын рәсімдер;
      14) конкурсты өткiзу кезiнде оны бiлдiруге уәкілеттi Конкурс ұйымдастырушының лауазымды адамдары туралы мәлiметтер;
      15) бағадан басқа олардың негiзiнде жеңiп шыққан конкурстық өтiнiм анықталатын барлық өлшемдердi, оның iшiнде осындай әрбiр өлшемдердiң салыстырмалы мәнiн сипаттау, бағалау тәсiлiн сипаттау және конкурстық өтінiмдердi салыстыру;
      16) тиiсті бағалау тәсiлiн көрсету және сипаттау, егер қызметтердiң баламалы сипаттамаларына рұқсат етілсе, баламалы конкурстық өтiнiмдердi салыстыру, шарттың талаптары немесе конкурстық құжаттамада жазылған басқа да талаптар;
      17) конкурстық өтiнiмнiң шартты бағасын есептеу әдiстемесi;
      18) конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу сәтiнде тiкелей сатып алынатын тауарлардың, орындалатын жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң бағасы көрсетiлетiн ықтимал берушiнiң конкурстық өтiнiмнiң бөлiгiн беру құқығына тиiстi нұсқауы.

      16. Конкурстық құжаттама тегін беріледi.

      17. Бастапқы бекiтiлген конкурстық құжаттама, сондай-ақ конкурстың екiншi кезеңiнде оған енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар бiрыңғай конкурстық құжаттаманы құрайды.

      18. Егер:
      1) олар шағын кәсiпкерлiктің субъектілерi болып табылса және егер тұтастай алғанда конкурс бойынша олар ұсынған қызметтердiң көлемi құндық түрде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң алты мың еселенген мөлшерiнен аспаған жағдайда ғана;
      2) олар Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiгі құрған қызмет көрсететiн ұйымдар болып табылса және егер тұтастай алғанда конкурс бойынша олар ұсынған қызметтердiң көлемi құндық түрде айлық есептік көрсеткiштiң он сегiз мың еселенген мөлшерiнен аспаған жағдайда ғана ықтимал берушілер конкурстық өтінiмдi қамтамасыз етудi енгiзбейдi.

      19. Тиiстi қызметтердiң мемлекеттік сатып алуын жүзеге асыру үшін тапсырысшы конкурстық комиссияны (бұдан әрi - Комиссия) құрады. Конкурстық комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және конкурстық комиссияның мүшелерi кiредi. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауы және кемiнде бес адам болуы тиiс. Комиссияның хатшысы комиссияның мүшесi болып табылмайды және комиссия шешiмдер қабылдаған кезде дауысқа ие болуға құқығы жоқ.

      20. Комиссияның дербес құрамы тапсырысшының бiрiншi басшысының немесе оның орнындағы тұлғаның шешiмiмен бекiтiледi.

      21. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде өткiзіледi. Шешiм, егер оған қатысқан Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшілiгi дауыс бepce, ашық дауыспен қабылданады және қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссияның төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
      Комиссияның отырысында қабылданған шешiм тиiстi хаттамамен ресiмделедi және оған отырысқа қатысқан Комиссияның төрағасы мен мүшелерi қол қояды.
      Комиссияның төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

      22. Өз штатында тиiстi бейiндегi мамандар болмаған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушы басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттiк қызметшiлерiн өтеусiз негiзде, ал бейiнi сатып алынатын қызметтерге сәйкес келетiн өзге де мамандарды тараптардың уағдаластықтары бойынша ақылы да, өтеусiз де негізде техникалық сарапшылар ретiнде жұмысқа тарта алады.
      Қажет болған кезде Конкурсты ұйымдастырушы техникалық сарапшылардан тұратын сараптама комиссиясын құра алады.
      Техникалық сарапшылар ретiнде ақылы негiзде тартылатын тұлғаларды таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      23. Техникалық сарапшылар (сараптама комиссиясы) ықтимал берушілер ұсынған қызметтердiң конкурстық құжаттамасының талаптарына сәйкестігi жөнiнде сараптамалық қорытынды бередi және олардың комиссия шешiм қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Техникалық сарапшылардың (сарапшылар комиссиясының) қорытындысы, тек егер ол конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегiнде жасалған жағдайда, конкурсқа конкурстық бiрiншi кезеңiнде ұсынылған конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салыстыру және конкурстың бiрiншi кезеңiнiң жеңiмпазын анықтаған кезде ескеріледi. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресiмделедi, оған техникалық сарапшылар (сараптама комиссиясының мүшелерi) қол қояды және Комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледi.

      24. Ықтимал берушілердiң бастапқы конкурстық өтінімдерiнiң қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күнiнен бастап кемiнде 45 күнтiзбелiк күн, ал түпкілiкті конкурстық өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi - түпкілiктi конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күнiнен бастап кемiнде 45 күнтiзбелiк күн деп белгiленуге тиiс.
      Қолданылу мерзiмi неғұрлым қысқа конкурстық өтiнiм қабылданбайды.

      25. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінiмдi ықтимал берушi конкурстық құжаттамаға сәйкес ресiмдейдi және Комиссия бағалауды жүргізу үшін қажеттi және жеткiлiктi ақпарат пен құжаттарды қамтуға тиiс.

      26. Конкурсқа қатысуға тілек бiлдiрген, заңды тұлға болып табылатын ықтимал берушi дайындайтын және ұсынатын бастапқы конкурстық өтінiм мынадай құжаттарды қамтуы тиiс:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгіленген нысан бойынша толтырылған конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм;
      2) ықтимал берушiге қойылатын білiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың тiзбесi:
      ықтимал берушiнiң қызметтер ұсынуға арналған құқығын растайтын лицензияларының және/немесе патенттерiнiң, куәліктерiнiң, сертификаттарының, дипломдарының, басқа да құжаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      егер сатып алынатын қызметтер лицензияланбайтын болған жағдайда, онда ықтимал берушi орындайтын қызмет түрлерiнiң тiзбесiмен бiрге заңды тұлға жарғысы үзiндiсiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi немесе мемлекеттік және/немесе орыс тiлдерiне аудармасымен, нотариалды куәландырылған сауда тiзiлiмiнен алынған заңдастырылған үзiндiнi (Қазақстан Республикасының резидентi еместер үшiн). Егер заңды тұлға қызметiн заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген Үлгі жарғының негiзiнде жүзеге асырған жағдайда, онда мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      ықтимал берушiнiң конкурстық өтінiмдер салынған конверттердi ашу күнiнiң алдындағы үш айдан астам уақыт iшiнде банктiң (банктердiң) алдында мерзiмi өткен берешегiнiң болмауы туралы бiрiншi басшының немесе оның орнындағы тұлғаның қолы қойылып, банктің (банктердiң) мөрi басылған банк (банктер) анықтамасының түпнұсқасы (eгep ықтимал берушi екiншi деңгейдегі бiрнеше банктердiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетел банкiнiң клиентi болып табылған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердiң әрбiрiнен ұсынылады);
      бiрiншi басшы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы қаржы жылы iшiндегi бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi. Егер конверттердi ашу ағымдағы жылғы 30 сәуiрге дейiнгі мерзiмде өткiзілген жағдайда, онда соңғы қаржы жылы алдындағы қаржы жылы үшiн бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi ұсынылады;
      бухгалтерлік теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi, егер:
      заңды тұлға ағымдағы қаржы жылында құрылған;
      заңды тұлға өткен қаржы жылы құрылған және конверттердi ашу ағымдағы жылғы 30 сәуiрге дейiнгi мерзiмде өткiзiлген жағдайларда ұсынылмауы мүмкiн;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен мiндетті түрде аудит жүргiзу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есебiнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi. Егер конверттердi ашу ағымдағы жылғы 1 маусымға дейiнгi мерзiмде өткiзілген жағдайда, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылы үшiн аудиторлық есебiнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi ұсынылады;
      аудиторлық есептiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi, егер:
      заңды тұлға ағымдағы қаржы жылы құрылған;
      заңды тұлға өткен қаржы жылы құрылған және конверттердi ашу ағымдағы жылғы 1 маусымға дейiнгi мерзiмде өткiзiлген жағдайларда ұсынылмауы мүмкiн;
      уәкілетті орган бекiткен үлгi нысан бойынша қызметтер көрсету үшін біліктiлiгі, мамандығы бойынша жұмыс стажы көрсетiле отырып, қызметкерлердiң болуы мен саны туралы құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi, сондай-ақ ықтимал берушi қызметкерлерiнiң біліктілігін растайтын құжаттардың көшiрмесi;
      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенi (қайта тіркелгенi) туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтi қамтитын жарғыдан немесе құрылтай құжаттарынан алынған нотариалды куәландырылған үзiндi не конверттердi ашу күнiнiң алдында 30 күнтiзбелiк күннен кешіктірмей берiлген акция ұстаушылардың тiзiлiмiнен алынған нотариалды куәландырылған үзiндi;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi кейiнге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiнiң алдында үш айдан астам уақыт бұрын салық берешегiнiң және жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектiң жоқтығы немесе болуы туралы бiрiншi басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, осы салық органының мөрi басылған тиісті салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы.
      Егер ықтимал берушi Қазақстан Республикасының резидентi болып табылмаған және Қазақстан Республикасының салық төлеушiсi ретiнде тiркелмеген жағдайда, онда осы резидент еместiң салық есебінде тұрмайтындығы туралы Қазақстан Республикасы салық органы анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      уәкiлеттi орган бекiткен үлгi нысан бойынша мемлекеттік сатып алу процесiне қатысу үшiн бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер;
      3) техникалық ерекшелiктер (ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбаларды, нобайларды және халықаралық немесе қазақстандық стандарттарға арналған сiлтемелердi, бiрыңғай нормалар мен ережелердi қоса алғанда, ұсынылатын қызметтерге техникалық сипаттама);
      4) ұсынылатын iлеспе қызметтер;
      5) конкурстық құжаттамаға сәйкес ұсынылуы үшiн қажеттi басқа да құжаттар.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 613 Қаулысымен.

      27. Кәсіпкерлiк қызметпен айналысатын және конкурсқа қатысуға тiлек білдiрген ықтимал берушi - жеке тұлғаның бастапқы конкурстық өтiнiмi мыналарды қамтуы тиiс:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленген нысан бойынша толтырылған конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм және жеке куәлiктiң немесе паспорттың көшiрмесi немесе жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға қабылдау туралы iшкi iстер органдарының анықтамалары;
      2) iс-әрекетке қабiлетті болып табылатын ықтимал берушi - жеке тұлғаға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгін растайтын құжаттардың тiзбесi:
      нотариалды куәландырылған лицензиялар және/немесе патенттер, куәлiктер, дипломдар, сертификаттар, ықтимал берушiнiң қызметтердi ұсынуға арналған құқығын растайтын басқа да құжаттар (кәсiби бiлiктiлiгiнiң бар екендігін растау үшiн);
      заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн, тиiстi мемлекеттiк орган берген құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi (мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшiн азаматтық құқықтық қабілеттіліктің болуын растау үшiн);
      уәкілеттi орган бекiткен үлгi нысан бойынша қызметтер көрсету үшiн біліктiлiгі, мамандығы бойынша жұмыс стажы көрсетiле отырып, қызметкерлердiң болуы мен саны туралы құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      3) техникалық ерекшелiктер (ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбаларды, нобайларды және халықаралық немесе қазақстандық стандарттарға сiлтемелердi, бiрыңғай нормалар мен ережелердi қоса алғанда, ұсынылатын қызметтерге техникалық сипаттама);
      4) ұсынылатын iлеспе қызметтер.

      28. Конкурстық өтiнiмдер конкурстық құжаттамада көрсетiлген тілде жасалуы және ұсынылуы тиiс.

      29. Конкурстың бiрiншi кезеңiнде ықтимал берушiнiң Заңның 8-бабының 1-тармағында санамаланған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі және олардың конкурстық өтiнімдерiнің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі қаралады. Z070303
      Комиссия бағалау және салыстыру кезiнде конкурстық құжаттамада келiсiлген және барлық конкурстық өтiнiмдер бойынша конкурстық құжаттамада белгiленген баллдық жүйе бойынша бағалау өлшемдерi жиынтық кестесiнiң негiзiнде қолданылатын мынадай өлшемдердi ескередi:
      1) консалтингілік қызметтерге сапалық сипаттамалары;
      2) ықтимал берушілердiң осындай қызметтер рыногындағы жұмыс тәжiрибесi;
      3) ықтимал берушiнiң бiлiктiлiк деректерi, беделi, сенiмділігі, кәсiби құзыреті.

      30. Комиссия егер:
      1) ұсынған ықтимал берушi біліктiлiк талаптарына сәйкес келмесе;
      2) егер конкурстық өтінім конкурстық құжаттамада көрсетiлген талаптар мен өлшемдерге жауап бермесе;
      3) егер конкурстық өтінім Комиссия белгiлеген жеткiлiктi балл санын жинамаса, конкурстық өтiнiмдi бiрiншi кезеңде қабылдамайды.

      31. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердiң шартты бағасына әсер ететiн пайыздардың белгілі бiр мәнiн сатып алынатын қызметтердің функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамалары бойынша, сондай-ақ неғұрлым жоғары экономикалық тиiмділіктi қамтамасыз ететiн қызметтердi бағалаудың басқа да өлшемдерi бойынша белгiлейдi.

      32. Қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурсқа қатысушы ықтимал берушiнiң жұмыс тәжiрибесiнiң болуы мәселесiн қарау кезiнде Комиссия осы конкурс нәтижесінде сатып алынатын қызметтердi көрсету рыногындағы жұмыс тәжiрибесiн ғана қарайды. Бұл ретте Комиссия конкурстық өтiнiмнiң бағасын ықтимал берушінің сатып алынатын қызметтер рыногындағы жұмыс тәжiрибесiнiң болуына қарай бiр жылдан бастап әрбiр екi жыл үшін бiр пайызға шартты түрде азайтады, бiрақ ол он пайыздан артық болмайды. Бiр жылға дейiн жұмыс тәжiрибесi болған немесе ол болмаған жағдайда мұндай пайыз белгiленбейдi.

      33. Ереженiң 29-тармағының 1), 2) тармақшаларында санамаланған өлшемдердiң конкурстық өтiнiмнiң бағасына жиынтық пайыздық ықпалы 20 пайыздан аспауға тиiс.
      Ескерту. 33-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.13. N 1022 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34. Конкурстың бiрiнші кезеңiнде Комиссия қызметтердiң техникалық, сапалық немесе өзге сипаттамаларына және оларды көрсетудiң (бағадан басқа) шарттық талаптарына қатысты бастапқы конкурстық өтiнiмi қабылданған кез келген ықтимал берушімен келiссөздер жүргiзе алады.
      Конкурстың бiрiншi кезеңi аяқталысымен Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер енгiзедi.
      Конкурстық құжаттамаға өзгерiстерде Конкурсты ұйымдастырушы қызметтердің техникалық, сапалық немесе өзгe сипаттамаларының конкурстық құжаттарда кез келген бастапқы белгіленген аспектiлерiн, сондай-ақ конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салыстыру және жеңiп шыққан конкурстық өтінімдi анықтау үшін конкурстық құжаттамада кез келген бастапқы белгiленген өлшемдерiн алып тастай немесе өзгерте алады, сондай-ақ жаңа сипаттамалар мен өлшемдер қоса алады.

      35. Конкурстың екiншi кезеңiнде техникалық ерекшелiктерге сәйкестiк мәселесi қаралады және конкурстық өтiнiмдердi бағалау және салыстыру баға факторы бойынша және конкурстық құжаттамада белгiленген бағалау өлшемдерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      36. Комиссия конкурстық құжаттамада көрсетiлген өлшемдердi ескере отырып айқындалатын неғұрлым төмен жиынтық шартты бағамен жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi анықтайды. Екi немесе бiрнеше конкурстық өтiнiмдердiң жиынтық шартты бағалары тең болған жағдайда, қызметтер көрсетудiң неғұрлым жақсы шарттарын ұсынатын конкурстық өтiнiмге басымдық берiледi. Конкурстық өтiнiмдердiң жиынтық шартты бағалары мен қызмет көрсету шарттары тең болған жағдайда, жеңiмпаз Комиссия мүшелерiнiң дауыс беруiмен айқындалады.

3. Қорытынды ережелер

      37. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасы заңнамаларының кесiмдерiне сәйкес жауаптылықта болады.

      38. Осы Ережемен реттелмеген жағдайларда, Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстарды ұйымдастырушы және Комиссия мүшелерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын басшылыққа алады.