Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 362 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.20 № 429 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 57, 551-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:
      2-тармақта:
      бiрiншi абзацта "орынбасары" деген сөзден кейiн "немесе ғылыми-техникалық саладағы уәкілеттi органның бiрiншi басшысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшіншi абзацта "агенттiктер мен комитеттердiң" деген сөздер "мемлекеттiк органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақтың үшiншi абзацында "ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына мыналар енгiзілсiн:

Әбдiмомынов               - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Азамат Құрманбекұлы         ғылым вице-министрi, төрағаның
                            орынбасары

Могильный                 - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Валерий Валентинович        ғылым министрлiгi Ғылым
                            департаментінiң директоры, хатшы

Кравченко                 - Қазақстан Республикасының Индустрия
Иван Михайлович             және сауда бiрiншi вице-министрi

Қуанғанов                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
Фархад Шаймұратұлы          Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени
                            даму бөлiмiнiң меңгерушiсi

Әмiрин                    - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк
Ғұсман Кәрiмұлы             қоғамының басқарма төрағасы
                            (келiсiм бойынша)

Бектұрғанов               - Қазақстан Республикасы Білiм және
Нұралы Сұлтанұлы            ғылым министрлiгiнiң "Химиялық-
                            технологиялық зерттеулер орталығы"
                            республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының
                            бас директоры

Жұмағұлов                 - "Қазақстан Республикасының Ұлттық
Бақытжан Тұрсынұлы          инженерлiк академиясы" қоғамдық
                            бiрлестiгiнiң президентi (келiсiм
                            бойынша);

      мына:

"Әйтiмова                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бiрғаным Сарықызы           Министрiнiң орынбасары, төраға

Берсiмбаев                - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Рахметқажы Ескендiрұлы      ғылым вице-министрi"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Әйтiмова                 - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Бiрғаным Сарықызы           ғылым министрi, төрайым

Берсiмбаев                - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Рахметқажы Ескендiрұлы      ғылым министрлiгiнiң аппарат басшысы";

      көрсетiлген құрамнан Мамыраев Бейбiт Баймағамбетұлы, Шығаев Мұрат Насырұлы, Жақсыбеков Әділбек Рыскелдiұлы, Құлекеев Жақсыбек Әбдiрахметұлы, Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы, Доминов Евгений Евгеньевич шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі