1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 57, 551-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:
2-тармақта:
бiрiншi абзацта "орынбасары" деген сөзден кейiн "немесе ғылыми-техникалық саладағы уәкілеттi органның бiрiншi басшысы" деген сөздермен толықтырылсын;
үшіншi абзацта "агенттiктер мен комитеттердiң" деген сөздер "мемлекеттiк органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың үшiншi абзацында "ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына мыналар енгiзілсiн:
Әбдiмомынов - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Азамат Құрманбекұлы ғылым вице-министрi, төрағаның
орынбасары
Могильный - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Валерий Валентинович ғылым министрлiгi Ғылым
департаментінiң директоры, хатшы
Кравченко - Қазақстан Республикасының Индустрия
Иван Михайлович және сауда бiрiншi вице-министрi
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Фархад Шаймұратұлы Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени
даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
Әмiрин - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк
Ғұсман Кәрiмұлы қоғамының басқарма төрағасы
(келiсiм бойынша)
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасы Білiм және
Нұралы Сұлтанұлы ғылым министрлiгiнiң "Химиялық-
технологиялық зерттеулер орталығы"
республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының
бас директоры
Жұмағұлов - "Қазақстан Республикасының Ұлттық
Бақытжан Тұрсынұлы инженерлiк академиясы" қоғамдық
бiрлестiгiнiң президентi (келiсiм
бойынша);
мына:
"Әйтiмова - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бiрғаным Сарықызы Министрiнiң орынбасары, төраға
Берсiмбаев - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Рахметқажы Ескендiрұлы ғылым вице-министрi"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Әйтiмова - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Бiрғаным Сарықызы ғылым министрi, төрайым
Берсiмбаев - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Рахметқажы Ескендiрұлы ғылым министрлiгiнiң аппарат басшысы";
көрсетiлген құрамнан Мамыраев Бейбiт Баймағамбетұлы, Шығаев Мұрат Насырұлы, Жақсыбеков Әділбек Рыскелдiұлы, Құлекеев Жақсыбек Әбдiрахметұлы, Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы, Доминов Евгений Евгеньевич шығарылсын.