"Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетін өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң тізбесі бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң әскери қызметшілері мен өртке қарсы мемлекеттiк қызметтiң белгiленген тәртiппен тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақыға құқығы бар арнаулы атақ берiлген қызметкерлері лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қаңтардағы N 43 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 14-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 4 сәуiрдегi
N 302 қаулысымен
бекiтiлген
Тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге
ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетiн өртке қарсы
қызмет органдары қызметкерлерiнiң тiзбесi
1. Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы және оның орынбасарлары, департаменттердің, "Өрт сөндiру және авариялық құтқару жұмыстары қызметi" мемлекеттік мекемелерінің, басқармалардың, мамандандырылған жасақтардың, жасақтардың, бөлiмдердiң, бөлiмшелердiң, мамандандырылған өрт сөндiру бөлiмдерiнiң, өрт сөндiру бөлiмдерiнiң, техникалық қызметтiң өрт сөндiру бөлiмдерiнiң, күштер мен құралдарды жедел басқару орталықтарының, өрт сөндiру байланысы орталық пункттерiнiң, қарауылдардың, "ұсталмайтын қорлар" қоймаларының, бекеттердiң (кадр, қаржы, медицина, шаруашылық қызметтерiн және оқу мекемелерiн қоспағанда) бастықтары.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.11.
N 760
, 2007.05.28. N
430
(2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.19.
N 712
қаулыларымен.
2. Департаменттер, "Өрт сөндiру және авариялық құтқару жұмыстары қызметi" мемлекеттік мекемелері, басқармалар, мамандандырылған жасақтар, жасақтар, бөлiмдер, мамандандырылған өрт сөндiру бөлiмдерi, өрт сөндiру бөлiмдерi, техникалық қызметтiң өрт сөндiру бөлiмдерi, күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы (кадр, қаржы, медицина, шаруашылық қызметтерiн және оқу мекемелерiн қоспағанда) бастықтарының орынбасарлары.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.28. N
430
(2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.19.
N 712
қаулысымен.
3. Ерекше тапсырмалар жөнiндегi аға инспекторлар, инженерлер, анықтаушылар, ерекше маңызды iстер жөнiндегi анықтаушылар, инспекторлар, диспетчерлер, өрт сөндiру жетекшiсiнiң көмекшiлерi (кадр, қаржы, медицина, шаруашылық қызметтерiн және оқу мекемелерiн қоспағанда).
4. Бас инспекторлар, бас мамандар, өрт сөндiру жетекшілерiнiң орынбасарлары, өрт сөндiру жетекшiлерiнiң көмекшiлерi, мамандандырылған жасақтар бастықтарының, бастықтарының көмекшілерi (жедел кезекшiлер), инженерлер, инспекторлар, анықтаушылар (кадр, қаржы, медицина, шаруашылық қызметтерiн және оқу мекемелерiн қоспағанда).
5. Газ-түтiннен қорғау қызметтерiнiң, құтқарушылардың, өрт сөндiру машиналарын жүргізу жөнiндегі аға нұсқаушылар (жүргiзушiлер).