Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетін өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 302 Қаулысы

Жаңартылған

      "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетін өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң тізбесі бекiтiлсiн.

      2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң әскери қызметшілері мен өртке қарсы мемлекеттiк қызметтiң белгiленген тәртiппен тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақыға құқығы бар арнаулы атақ берiлген қызметкерлері лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қаңтардағы N 43  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 14-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2005 жылғы 4 сәуiрдегi
N 302 қаулысымен    
бекiтiлген      

  Тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге
ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетiн өртке қарсы
қызмет органдары қызметкерлерiнiң тiзбесi

      1. Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау комитетi төрағасының орынбасары, "Өрт сөндiру және авариялық құтқару жұмыстары қызметi" мемлекеттiк мекемесiнiң және оның филиалдарының, басқармалардың, мамандандырылған жасақтардың, жасақтардың, бөлiмдердiң, бөлiмшелердiң, мамандандырылған өрт сөндiру бөлiмдерiнiң, өрт сөндiру бөлiмдерiнiң, техникалық қызметтiң өрт сөндiру бөлiмдерiнiң, күштер мен құралдарды жедел басқару орталықтарының, өрт сөндiру байланысы орталық пункттерiнiң, қарауылдардың, "ұсталмайтын қорлар" қоймаларының, бекеттердiң (кадр, қаржы, медицина, шаруашылық қызметтерiн және оқу мекемелерiн қоспағанда) бастықтары.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.11.  N 760  қаулысымен. 

      2. "Өрт сөндiру және авариялық құтқару жұмыстары қызметi" мемлекеттiк мекемесi және оның филиалдары, басқармалар, мамандандырылған жасақтар, жасақтар, бөлiмдер, мамандандырылған өрт сөндiру бөлiмдерi, өрт сөндiру бөлiмдерi, техникалық қызметтiң өрт сөндiру бөлiмдерi, күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы (кадр, қаржы, медицина, шаруашылық қызметтерiн және оқу мекемелерiн қоспағанда) бастықтарының орынбасарлары.

      3. Ерекше тапсырмалар жөнiндегi аға инспекторлар, инженерлер, анықтаушылар, ерекше маңызды iстер жөнiндегi анықтаушылар, инспекторлар, диспетчерлер, өрт сөндiру жетекшiсiнiң көмекшiлерi (кадр, қаржы, медицина, шаруашылық қызметтерiн және оқу мекемелерiн қоспағанда).

      4. Бас инспекторлар, бас мамандар, өрт сөндiру жетекшілерiнiң орынбасарлары, өрт сөндiру жетекшiлерiнiң көмекшiлерi, мамандандырылған жасақтар бастықтарының, бастықтарының көмекшілерi (жедел кезекшiлер), инженерлер, инспекторлар, анықтаушылар (кадр, қаржы, медицина, шаруашылық қызметтерiн және оқу мекемелерiн қоспағанда).

      5. Газ-түтiннен қорғау қызметтерiнiң, құтқарушылардың, өрт сөндiру машиналарын жүргізу жөнiндегі аға нұсқаушылар (жүргiзушiлер).

      6. Газ-түтiннен қорғау қызметiнiң, байланыстың аға шеберлерi.

      7. Аға механиктер, жүргізушiлер, техниктер, радиотелефоншылар, өрт сөндiрушiлер, өрт сөндiрушi-құтқарушылар, бақылаушылар, прожекторшылар.

      8. Радиостанциялардың бастықтары, бөлiмшелердiң командирлерi, сүңгуiрлер, жүргiзушiлер, диспетчерлер, шеберлер, кiшi инспекторлар, мотористер, радиотелефоншылар, өрт сөндiрушiлер, өрт сөндiрушi-құтқарушылар, прожекторшылар, барлық атаудағы техниктер, бақылаушылар, механиктер.