Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өрт қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 тамыздағы N 760 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 53 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.02.2016 № 53 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өрт қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2006 жылғы 11 тамыздағы
N 760 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өрт қауiпсiздiгi
мәселелерi бойынша кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерiстер

      1. "Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттiк есебiнің ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 шілдедегi N 1053 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 38, 327-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттiк есебiнiң ережесiнде:
      5-тармақтың бiрiншi абзацында "және қадағалау" деген сөздер алынып тасталсын;

      6-тармақтың екiншi абзацында "өрттен қадағалауды" деген сөздер "өрттi бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақтың бiрiншi абзацында:
      "жергілiктi мемлекеттiк өрт қадағалау органына" деген сөздер "мемлекеттiк өрттi бақылау органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2008.10.06 N 920 Қаулысымен)

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).