Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамының 2004 - 2006 жылдарға арналған даму жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы N 344 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 5 наурыздағы
N 215 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер
1. "Кейбiр акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Кейбiр акционерлік қоғамдардың және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
peттiк нөмiрi 9-жол алынып тасталсын.
2. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 27 шiлдедегi N 837
қаулысында
:
"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "МЖЗҚ" ЖАҚ)" деген сөздер "ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлiк қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 3-тармақтар алынып тасталсын.
3. (3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.29. N 598 Қаулысымен).
4. Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.26. N 633 Қаулысымен.
5. "Ұлттық компаниялардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2004 жылғы 16 ақпандағы N 182
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 8, 101-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген ұлттық компаниялардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 8-жол алынып тасталсын.