Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамының 2004 - 2006 жылдарға арналған даму жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы N 344 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N 215 қаулысымен бекiтiлген |
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 602 қаулысымен.
2. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 27 шiлдедегi N 837 қаулысында :
"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "МЖЗҚ" ЖАҚ)" деген сөздер "ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлiк қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 3-тармақтар алынып тасталсын.
3. (3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.29. N 598 Қаулысымен).
4. Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.26. N 633 Қаулысымен.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 377 Қаулысымен.